Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Еуразия университетіне қош келдіңіздер!
Қазіргі таңда жарнама компанияларын ұйымдастырып жатқан мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары аз емес. Осы ақпараттардың ішіндегі қарама-қайшы мәліметтерді қалай анықтап білуге болады? Жарнама мәтіндерінен оның шынайы мазмұнын, жоғары оқу орнының шынайы деңгейін қалай білуге болады?
Бұл сұрақтарға негізгі жауапты Сіз объективті және расталған ақпарат болғанда ғана ала аласыз.
Біздің сайттан Сіздер біздің елордадағы жоғары оқу орны туралы қажетті мәліметтерді ала аласыздар деп үміттенеміз.
Сонымен,
егер Сіз белгілі ғалымдардан іргелі және терең білім алғыңыз келсе;
егер Сіз халықаралық деңгейдегі университетте, дарындылар университетінде оқығыңыз келсе;
егер Сіз жоғары білімді маман болуды, мойындалатын диплом мен болашағы бар мамандық алуды армандасаңыз;
егер Сіз астананың рухани және мәдени өмірімен, әлемдік өркениеттің жетістіктерімен танысқыңыз келсе;
егер Сіз запастағы офицер әскери шенін алуға ұмтылсаңыз;
егер Сіз еліміздің дамуына жеке үлесіңізді қосқыңыз келсе
онда Сізге сөзсіз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсу қажет!
Қазақстандағы жетекші классикалық университет, болашақтың университеті, жастардың университеті, дарындылардың университеті, елордамыз Астананың, барлық еліміздің және ауқымды Еуразия аймағының зиялы және рухани, ғылыми және мәдени орталығы – Еуразия ұлттық университетіне қош келдіңіздер!
Еуразия ұлттық университеті Сіздерді күтеді!
Ата-аналарыңызбен, мұғалімдеріңізбен, өздеріңізден үлкен студент достарыңызбен ақылдасыңыздар және дұрыс шешім қабылдаңыздар.


