Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Докторантура

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2005 жылдан бастап, ҚР 2005-2010 жж мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамытыуға сәйкес үш деңгейлі білікті мамандар бакалавриат- магистратура-докторантура Рh/D дайындау жүйесіне өтті. 

Докторантура бағдарламасы жоғары білікті мамандарды дайындауда Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да маңызды приоритеттік бағыт болып қалады. Рh/D докторантура бағдарламасы халықаралық білім беру стандартына сәйкес университеттің ғылыми білім беру сатысы болып табылады. Бағдарламаның тиімділігі шетел университеттерінің білікті мамандардын тартумен байланысты. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2005 жылдан бастап, Рh/D докторантура бағдарламасын маңызды жүзеге асыруға әлемнің барлық елдерінен кеңесшілер мен мамандар, 143 ірі ғалымдар белсенді жұмыс жүргізуде. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға 2009жылдың қаңтар мен сәуір айының аралығында графикке сәйкес шетелдік кеңесшілерден 9 профессор келді. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Жапония, Пәкістан, Түркия. Ал 2008жылы 57 профессор, 2007 жылы 47 профессор, 2006жылы 37 профессор,2005 жылы 42 профессор келіп дәріс оқыды. 

Шетелдік профессорлардың келу барысы Рh/D докторанттарына, аспиранттарға, магистранттарға, оқытушылар мен қызметкерлерге дәріс оқып, докторанттарға арналған кеңес берілді. 

Рh/D докторантура бағдарламасын 13 мамандық бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен философия докторларын бірге дайындау келісім шартымен 4-ші жыл жүзеге асырылып отыр. Қазіргі уақытта Рh/D докторантурасында 130 докторант білім алуда.

Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ Ph.D докторантура бағдарламасы мынандай мамандықтарды ұсынады:

• 6D060100 – Математика

• 6D060400 – Физика

• 6D060600 – Химия

• 6D060700 – Биология

• 6D060800 – Экология

• 6D060200 – Информатика

• 6D070200 – Құрылыс

• 6D050600 – Экономика

• 6D030100 – Заңтану

• 6D010300 – Педагогика және психология

• 6D050100 – Әлеуметтану

• 6D050200 – Саясаттану

• 6D021200 - Тюркология

• 6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

• 6D030200 – Халықаралық құқық

• 6D060900 – География

• 6D020200 – Халықаралық қатынастар

• 6D050500 – Аймақтану

• 6D020300 – Тарих

• 6D090200 – Туризм

• 6D011100 - Информатика

• 6D050400 – Журналистика

• 6D070200 - Автоматизация және басқару

• 6D070400 - Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету

• 6D070300 – Ақпараттық жүйелер

• 6D020500 – Филология




Ph.D докторантурасы не үшін қажет?

Халықаралық білім беру қызметі нарығын ғылыми-педагогикалық мамандар мен ғалымдармен қамтамасыз ету үшін қажет.Ph.D докторантурасы халықаралық талаптарға және Болон үрдісінің принциптеріне сай ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау жұмыстарын жетілдіруді қамтамасыз етеді.


Неге ЕҰУ-дың Ph.D докторантурасын таңдаймыз?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орны, жоғары деңгейлі мамандар мен әлемдік тәжірибе мен оқытудың қазіргі заманғы инновациялық технологиялары негізінде халықаралық ғылыми (Ph.D) докторлық бағдарламалар бойынша ғылыми кадрлар даярлайтын бірден бір Отандық білім беру саласының көшбасшысы. Дарынды жастардың шығармашылық өрісін кеңейту үшін ЕҰУ көптеген алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен бірігіп қызмет істеуде.


Ph.D докторантурада оқу үлгісі қандай?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Ph.D докторантурада білім алу еңбектен қол үзіп, күндізгі оқу үлгісімен жүргізіледі. Оқу мерзімі 3 жылды құрайды.


Ph.D докторантураға түсу барысында қандай талаптар ұсынылады?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Өзге мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтты азаматтар және азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғалар ҚР азаматтарымен тең дәрежеде мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурс негізінде ЕҰУ-да ақысыз білім алу құқығына ие бола алады.

Басқа шетел азаматтары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Рh.D докторантурасына ҚР ратификациялаған халықаралық келісім-шарт негізінде қабылданады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дыңРh.D докторантурасына «магистр» академиялық дәрежесі, ғылыми жетістіктері бар (ғылыми жарияланымдары, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардағы баяндамалары және қатысуы т.б.) және магистратураны ғылыми-педагогикалық бағытпен бітірген тұлғалар конкурс негізінде қабылданады.


Ph.D докторантураға қабылдау кай уақытта іске асырылады?

Жыл сайын Ph.D докторантураға түсетін тұлғалардың өтініштерін қабылдау шілде айының 1-30-ы аралығында ал, түсу емтихандары тамыз айының 1- 20-сы аралығында жүргізіледі.



Ph.D докторантураға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру керек?

    • Шет тілдердің біреуін (ағылшын, француз, неміс);

    • мамандық бойынша

Шет тілі бойынша түсу емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім беру стандарты және Ұлттық тестілеу орталығының технологиясы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған тест негізінде тапсырылады. Басқа шет тілдері бойынша (араб, қытай, түрік, жапон және т.б.) емтихан тапсыру Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясының жеке тәртібі негізінде қарастырылады.

Мамандық пәні бойынша емтихан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазіргі бағдарлама негізінде магистратура бітірушілеріне белгіленген емтихан комиссиясымен өткізіледі.


Шетел азаматтары үшін түсу емтихандарын тапсыру барысында ерекше талаптар қойылады ма?

Докторантураға түсетін шетел азаматтары түсу емтиханын мамандық бойынша (оқыған тіліне байланысты) қазақ немесе орыс тілінде тапсырады. Шет тілі бойынша кешенді емтихан халықаралық TOEFL, PET, FCE (ағылшын тілі), DELF (француз тілі) және Zertifikat Deutsch (неміс тілі) тесттері негізінде құрылады.



ЕҰУ-де Ph.D докторантураға қабылдау мерзімі қай уақытта жүргізіледі?

Ph.D докторанттар қатарына қабылдауды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясы тамыз айының 25-і мен 31-і аралығында жүргізеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Ph.D докторанттары қатарына қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурс негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мамандық және шет тілі бойынша түсу емтиханының қорытындысы 8 балдан төмен емес (әр пәннің білім бағасы 4-балдық шкала бойынша) жағдайда ғана оқуға қабылданады.



ЕҰУ-дың Ph.D докторантурасы қандай бағыттар бойынша мамандар даярлайды?

2005 жылдан бастап (Ph.D) докторлық бағдарлама шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірлесе 13 бағыт бойынша математика, физика, химия, биология, заң, экономика және т.б. сала мамандарын даярлайды. 2009 жылдың қыркүйек айының 1-де бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру классификаторына сәйкес Ph.D докторлары 21 мамандық бойынша даярланады.


Дайындық бағыттары бойынша Ph.D докторының кәсіби қызметі


Мамандық атауы және академиялықдәрежесі

Кәсіби қызмет өрісі

6D060100 – Математика 6D060100Математика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) ”

  • Математика мәселелерінің ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де математика ғылыми орталықтарының ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орындары.

6D060400 – Физика6D060400 – Физика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • Физика ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де физика ғылыми орталықтарының ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны.

6D060600 – Химия 6D060600 – Химия мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • Химия, фармацевтика ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де химия ғылыми орталықтарының ғылыми-зерттеу зертханалары, фармацевтикалар;

  • жоғары оқу орны, металлургиялық, фармацевтикалық, мұнай-химиялық, химиялық бірлестіктерде ұйымдық-технологиялық жұмыстар;

  • өндірістік талдағыш зертханалары, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметі;

  • халықтық білім беру бөлімдеріндегі білім беру әдіскері.

6D060700 – Биология6D060700 – Биология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • Биология, биотехнология, генетика ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де биология, биотехнология, гентика ғылыми орталықтарының ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны

6D060800 – Экология 6D060800 – Экология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • Қоршаған ортаны экологиялық қорғау ғылыми-зерттеу институттары;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • өзге де ғылыми экологиялық орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • қоршаған ортаны қорғау, жоғары оқу орны.

6D060200 – Информатика 6D060200 – Информатика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны;

  • IT-компаниялар;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D072900 – Құрылыс6D072900 – Құрылыс мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • Геотехникалық ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі құрылыс компаниялары мен ұйымдар.

6D050600 – Экономика6D050600 – Экономика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны

6D020500 – Филология6D020500 – Филология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар.

6D030100 –Заңтану6D030100 –Заң мамандығы бойынша философия докторы(Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D010300 - Педагогика және психология6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар.

6D050100 – Әлеуметтану6D050100 – Әлеуметтік мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • әлеуметтік мәселелер ғылыми-зерттеу институты;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D050200 – Саясаттану6D050200 – Саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар, елшілік.

6D020300 – Тарих6D020300 –Тарих мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • тарих, археология және этнология мәселелерін зерттейтін ғылыми – зерттеу институттары;

  • ғылыми – зерттеу институттары мен лабораториялары;

  • жоғары оқу орындары;

  • мұражайлар;

  • мемлекеттік мұрағаттар;

  • мемориалды – тарихи кешен.

6D090200 – Туризм “6D090200 – Туризм мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • туризм және сервистік қызмет ғылыми- зерттеу институттары;

  • өзге ғылыми – экономикалық зерттеу институттарының ғылыми – зерттеу лабораториялары;

  • жоғарғы оқу орындары;

  • туристік және сервистік мекемелердегі ұйымдық-әдістемелік жұмыс;

  • -қонақ үй шаруашылығында, мейрамхана және сертификаттау саласындағы ұйымдық-әдісетемелік және ғылыми- аналитикалық қызмет;

  • жаһандық экономикалық қызметпен, халықаралық туризммен байланысты ұйымдар;

  • туризм және спорт министрлігі және өзге де сауда -экономикалық қызметімен байланысты мекемелер;

  • ірі ұйымдар және мекемелер, холдингтер, қонақ үй және мейрамхана шаруашылығындағы трансұлттық желілер.

6D020200 – Халықаралық қатынастар6D020200 – Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”

  • жоғары-оқу орындары;

  • ғылыми-зерттеу орталықтары мен мекемелері;

  • мемлекеттік және беймемлекеттік профильдегі; ұйымдар мен мекемелер;

  • сыртқы саясат мәселелерімен айналасатын ұйымдар;

  • халықаралық қатынастармен айналасатын ұйымдар;

  • халықаралық институттар мен ұйымдар;

  • сараптау орталықтары.

6D050500Аймақтану6D050500 – Аймақтану мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • халықаралық аймақтық институттар мен ұйымдар;

  • сыртқы саясат мәселелерімен айналасатын ұйымдар;

  • аймақтық саясат мәселелерімен айналасатын ұйымдар;

  • мемлекеттік және беймемлекеттік профильдегі ұйымдар мен мекемелер;

  • сараптау орталықтары;

  • ғылыми-зерттеу мекемелері;

  • жоғары-оқу орындары.

6D060900География6D060900 – География мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • жоғары оқу орындары;

  • география және геоэкология ғылыми-зерттеу институттары;

  • өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, транспорт және қызмет көрсету салалары;

  • ауыл шаруашылық министрлігі, қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Казгидромет, Казгипроводхоз.

6D021200 - Тюркология
6D021200 - Тюркология 
мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)”


6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі  тану  6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі  тану   мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • әлеуметтік мәселелер ғылыми-зерттеу институты;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D030200 – Халықаралық құқық 6D030200 – Халықаралық құқық  мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D011100 - Информатика 6D011100 - Информатика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны;

  • IT-компаниялар;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D050400 – Журналистика 6D050400 – Журналистика  мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)


6D070200 - Автоматизация және басқару 6D070200 - Автоматизация және басқару  мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны;

  • IT-компаниялар;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D070400 - Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету6D070400 - Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету  мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны;

  • IT-компаниялар;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.

6D070300 – Ақпараттық жүйелер 6D070300 – Ақпараттық жүйелер   мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D)

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • өзге де ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • жоғары оқу орны;

  • IT-компаниялар;

  • мемлекеттік және орталық органдар;

  • ірі компаниялар мен ұйымдар;

  • бизнес-құрылымдары.


Ph.D докторанттарға кім ғылыми жетекшілік етеді?

Ph.D докторанттарына ғылыми жетекшілікті республикамызда және шетелде кеңінен танымал атақты ғалымдар сонымен қатар, әлем университеттері және алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың шетелдік серіктестерімен іске асырылады. Бүгінгі таңда әлемнің 20 елінен 150-ден аса шетелдік ғалымдар жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды бірігіп даярлауға жұмылдырылған.


Ph.D докторантурада ғылыми жетекшілік етуде ерекше талаптар бар ма ?


Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Ph.Dдокторанттары жүзеге асырылады:

    • бір ғылыми жетекшісімен ( ЕҰУ-дан);

    • бір ғылыми кеңесшімен (әр түрлі серіктес елдерден).



Университеттің ғылыми жетекшісіне қойылатын талаптар:

    • Университеттің штаттық қызметкері болуы.

    • Ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы.

    • Докторантура профилі бойынша жоғары импакт-факторлы халықаралық танымал журналдарда жарияланым саны 5-тен кем болмауы тиіс.

    • Кандидаттық және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік тәжірибенің болуы.


Шетелдік ғылыми кеңесшіге қойылатын талаптар:

    • Мамандыққа сәйкес немесе профиль бойынша доктор, (Ph.D.) философия докторы академиялық дәрежесінің болуы;

    • Ph.D. докторанттарына жетекшілік етуде тәжірибесінің болуы;

    • Докторантура профилі бойынша жоғары импакт-факторлы халықаралық танымал журналдарда жарияланым саны 10-нан кем болмауы тиіс.

    • Қазіргі материалдық-техникалық базаға және халықаралық ақпараттық жүйеге кіруге, кітапханалық қоры бар шетелдің алдыңғы қатарлы оқу және ғылыми мекемелерін көрсету.



Ph.D докторантурада оқу қосымша қандай мүмкіндіктер береді?

Ph.D докторантурада оқу - терең білім алу және ғылым саласына сәйкес философия докторы академиялық дәрежесіне ие болу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қоса әртүрлі халықаралық жобалар мен бағдарламаларға (Эразмус Мундус, ТЕМПУС, Фулбрайд, DAAD және т.б.) қатысуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен біліктілікті арттыруға қосымша гранттар алу мүмкіндіктерін береді.


Ph.D докторлық бағдарламасы іске асқалы ЕҰУ қандай жетістіктерге ие болды?

Еуразия ұлттық университеті - Ph.D докторларын қос дипломмен даярлайтын Қазақстан Республикасындағы алғашқы жоғарғы оқу орны.

Қол қойылған келісім шарт аясында Лулео Техникалық университетінде ( Швеция) алғашқы түлектің (2005 ж.қабылдау) докторанты Қалыбай Әйгерім «Математика» бағыты бойынша (ғылыми жетекшісі профессор Ойнаров Р.О. және ғылыми кеңесшісі профессор Персон Л-Э.) 2008 жылы 16 мамырда жоғарыда аталған университетте философия докторы дәрежесін алу диссертациясын қорғады.

Осы аталған университетте екінші түлектің (2006 ж.қабылдау) докторанты Әбдіқалықова Замира «Математика» бағыты бойынша (ғылыми жетекшісі профессор Ойнаров Р.О. және ғылыми кеңесшісі профессор Персон Л-Э.) 2009 жылы шілде айында философия докторы дәрежесін алу диссертациясын мерзімінен бұрын қорғады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың екінші жылғы бітірушілері (2006 ж.қабылдау) докторанттар Сарыбекова Ләззат, Темірханова Айнұр «Математика» мамандығы бойынша 2009 жылы шілде айында инженерия лицензиаты дәрежелерін жоғарыда аталған университетте алды.

Берлин Еркін университеттінде (Германия) екінші жылғы бітіруші (2006 ж.қабылдау) докторант Бұрғымбаева Сәуле «Математика» бағыты бойынша (ғылыми жетекшісі профессор Тұңғатаров А.Б. және ғылыми кеңесшісі профессор Бегер Генрих) 2009 жылы 1 қыркүйекте PhD диссертациясын қорғады.


Ph.Dдокторы академиялық дәрежесі не береді?

Өзін-өзі жүзеге асырудың үлкен мүмкіндігі, университеттерде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысудың мүмкіндігі, ғылымдағы мақсаттың жетістігі, шетелдік әріптестермен серіктестік қатынас жасау мүмкіндіктері, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің ғалымдарымен тәжірибе алмасу, біліктілікті жоғарылатуға арналған шетелдік тәжірибелер, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарда ғылыми зерттеу жүргізу және дәріс оқу, шет тілін менгерудің деңгейін ары қарай жетілдіру, Отандық және шетелдік университеттердің дипломын алу (қос дипломдық білім беру жүйесі бойынша), мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

Xабарландыру
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
    • Л.Н. Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Күлтегін» декадасының іс-шаралар жоспары

      толығырақ
    • «Көшпенділер өркениеті» тақырыбында ЕҰУ студенттері арасында шығармашылық байқау жарияланады!

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    1271
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar