Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Магистратура

Магистратура дегеніміз не?

Магистратура - жоғары оқу орындарына және ғылыми мекемелерге, ғылыми – педагогикалық және кәсіби бағыт бойынша кадрларды даярлап , «магистр» академиялық дәрежесін беретін оқу түрі.

Магистратураның мақсаты:

1) 50 мамандық бойынша, бәсекеге қабілетті және жоғары білімді ғылыми – педагогикалық, кәсіби бағыт бойынша басқарушы кадрларды даярлау.

2) Университетіміздің магистратура бітіруші түлектерін тек теориялық біліммен ғана емес, және жоғары технологиялық заманауи зертханаларды пайдалана отырып, қолданбалы дағдыларын игерту.

3) Біздің университетіміздің әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен байланыстары арқылы әлемдік ғылыми –ақпараттық ортаға бірігуіне ықпал ету. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистратурада білім беру бағдарламаларын төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады

  • ғылыми және педагогикалық бағыт; ғылыми-зерттеу және кәсіби педагогикалық қызмет түрлеріне арналған; оқу мерзімі 2 жыл;
  • бейіндік бағыт; өндірістік – басқару, ұйымдастыру – техникалық және кәсіби қызметтердің жоба түрлері бойынша; оқу мерзімі 1 және 1,5 жыл;

Қазіргі уақытта университетте 36 білім бағдарламалары бойынша магистрлар даярлануда. Осы жылы үміткерлерді 13 жаңа мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі. Магистратурада дәрістер қазақ, орыс, ағылшын және тағы басқа тілдерде өткізіледі. Сонымен қатар магистранттар отандық және серіктес-университеттердің оқытушыларынан білім алады. Еуразия ұлттық университетінің түлектері білім және ғылым, экономика саласында жемісті еңбек етуде.

Магистратурада белгілі профессорлар және ғылыми дәрежелі доценттермен қатар, PhD докторлары дәріс оқиды.

2008-2009 оқу жылында магистратурада білім алушылар саны 425, оның ішінде 1 курста – 262 магистрант, 2 курста – 163. Мемлекеттік білім гранты негізінде 361 магистрант білім алуда, ол жалпы білім алушы магистранттардың 84,9% құрайды.2008 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінен Еуразия ұлттық университетіне 37 мамандық бойынша, 204 мемлекеттік грант бөлінді.

Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына қабылдау 01.04.2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Жоғары оқу орынынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарының типтік ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарыдағы ереженің 23 т. сәйкес мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға, мамандық бойынша және шет тілінен қоса есептегенде кемінде 8 балл жинаған үміткерлер алынады (әрбір пәннен 4 балдық жүйе бойынша есептегенде).

Сонымен қатар ЕҰУ магистратурасына түсу үшін, үміткерлер жоғары білімі жөніндегі дипломның қосымшасындағы (транскриптте) үлгерім көрсеткіші 4 балдан кем болмауы тиіс.

Барлық қажетті ақпараттар ЕУҰ сайтында орналасқан: www.enu.kz.

2009 - 2010 оқу жылында алғаш рет университет серіктес жоғары оқу орындарымен және шетел мемлекеттерінің ғылыми орталықтарымен бірлескен оқу бағдарламалары бойынша, екі дипломдық білім беру арқылы магистрлар дайындау жүзеге асырылады. Оқу мерзімі – 2 жыл, 1+1 схемасы бойынша (яғни 1 жыл өзінің университетінде, 1 жыл серіктес университетте) білім алады. Бірлескен оқу бағдарламалары арқылы оқуға төмендегі көрсетілген мамандықтар бойынша құжаттар қабылданады:

1. «6N0302-Халықаралық құқық» (Ресей халықтар достығы университетімен бірге);

2. «6N0205-Филология: орыс филологиясы» (Ресей халықтар достығы университетімен бірге);

3. «6N0605-Ядролық физика» (Ядролық зертеу институты және Дубна Университетімен (РФ) бірге);

4.«6N0609-География», мамандануы«Табиғи ресурстарды қалпына келтіру және қорғау» (Айова мемлекеттік университетімен (АҚШ) бірге).

2009-2010 оқу жылы университет алғаш рет мемлекеттік және өзге ұйымдардың тапсырысы бойынша магистрларды мақсатты түрде дайындауды жүзеге асырады. Оқу мерзімі – 1 жыл. Құжаттар төмендегі көрсетілген мамандықтар бойынша қабылданады:

1. «6N0301 - Құқықтану», мамандануы «Сот әкімшілігі және атқару өндірісі» (ҚР Жоғарғы Сот қарамағындағы, Сот әкімшілік комитетінің тапсырысы бойынша).

2. «6N0301- Құқықтану», мамандануы«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету» (ҚР Әділет министрлігінің тапсырысы бойынша);

3.«6N0509-Қаржы», мамандануы «Мемлекеттік аудит» (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырысы бойынша).

2009-2010 оқу жылы университетте Нью-Мексика (АҚШ) университетімен бірлескен бағдарлама бойынша «6N0608 – Экология» мамандығынан, «Инженерлік қорғау және қоршаған ортаны басқару» мамандануы бойынша магистрлар дайындау жалғасады. Оқу мерзімі - 2 жыл.

Сонымен бірге 6N0604-Физика мамандығының «Геоақпараттық жүйелер және жерді қашықтықтықтан барлау»мамандануы бойынша құжаттарды қабылдау жалғасады. Оқу мерзімі - 2 жыл.






Xабарландыру
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
    • Л.Н. Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Күлтегін» декадасының іс-шаралар жоспары

      толығырақ
    • «Көшпенділер өркениеті» тақырыбында ЕҰУ студенттері арасында шығармашылық байқау жарияланады!

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    1271
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar