Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты
Жалпы мәліметтер:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру факультеті университет ректоры Б.Ж.Әбдірайымовтың 09.04.2009 ж. № 117-п бұйрығы бойынша құрылды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты мына бағыттарда білім беру қызметін жүзеге асырады:
– Педагог және басшылық лауазымдағы жұмыскерлер үшін түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру (72 сағатқа дейін, 72-100 сағат, 100-500 сағат);
– ЕҰУ және басқа жоғары оқу орындарының студенттеріне бағытталған қосымша білім беру бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;
– түрлі категорияға жататын тұрғындарға қосымша білім беру қызметін көрсету;
– қосымша білім беру нарығының басқа субъектілерімен бірлескен қарым-қатынаста жұмыс істеу;
– ҚР педагог мамандарының біліктілігін көтеруге және кәсіби қайта дайындауға негізделген конкурстарға (гранттарға) қатысу.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты Қазақстанның және басқа да ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мемлекеттік қызметкерлер мен коммерциялық сала қызметкерлеріне мына салалар бойынша қосымша білім алуға және біліктілігін жетілдіруге ауқымды мүмкіндіктер береді: экономика, менеджмент, заңтану, халықаралық қатынастар, саясаттану, филология, тарих, ақпараттық технологиялар, техникалық ғылымдар мен шет тілдері. т.б.
Институт қосымша білім беру курстары ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Институт директоры: з.ғ.к., Өмірзақов Пернебек Құрашұлы
Дайындық және оқу-әдістемелік бөлімнің бастығы: п.ғ.к., доцент Жиентаева Бегайым Жиентайқызы;
Институттың мақсаты мен міндеті :
Кәсіби қайта дайындау және қосымша білім беру курстары мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
- мамандардың біліктіліктерін кеңейту;
- жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларға бейімделу;
- халықаралық стандарттар мен талаптарды ескере отырып, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру.
Кәсіби қайта дайындау нәтижесі бойынша алынған мамандығы негізінде маманға қосымша біліктілік беріледі.
Қосымша біліктілік үшін кәсіби қайта дайындау қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Қосымша мамандықтар алу курстары сұранысқа ие білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтының мақсаты – мамандардың біліктілігін жетілдірудің және оларды қайта дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, жаңа кәсіби қызмет түрімен жұмыс істеуге қажетті техника мен технологияның пәндерін және т.б. жекелеген пәндерді қамтитын білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білім, дағды, қабілет беру.
Негізгі міндеттері:
1. Оқу үдерісінде қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын қолдана білуге оқытушыларды дайындау.
2. Оқытушылардың өздігінен үздіксіз жалпы және кәсіби білім алуына жағдай жасау.
3. Білім алушылардың инновациялық технологияларды меңгеруі және таратуы.
4. Мемлекеттік және басқа да мекемелер мен ұйымдардың тапсырысы бойынша мамандар дайындауды ұйымдастыру.
5. Әр түрлі дайындық бағыттары бойынша студенттерге қосымша білім беруді ұйымдастыру.
6. Экономиканың шынайы жағдайымен байланысты қоғамның жаңа мамандықтар мен кәсіптерге деген сұранысына мониторинг жүргізу.
7. Кәсіби қызметтердің шынайы сұраныстарына барынша жақын дайындық бағдарламаларын жасау.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
– Жоғары оқу орындары мамандарының біліктілігін жетілдіру және қайта дайындау.
– Қосымша кәсіби білім (қосымша мамандық) беру;
– Институтта төмендегі тілдерді үйрету курстары жүргізіледі:
- ағылшын;
- неміс;
- француз;
- араб;
- қытай;
- жапон;
- қазақ;
- қазақ тілі шет ел азаматтары үшін;
- орыс тілі шет ел азаматтары үшін.
Негізгі жұмыс түрлері:
- қысқа мерзімді курстар;
- тренингтер;
- мастер-кластар;
- дөңгелеу үстелдер;
- семинарлар және т.б.
ҚББЖИ құрылымында мына бөлімдер жұмыс істейді:
Оқу-әдістемелік бөлім мына міндеттерді жүзеге асырады:
– қосымша кәсіби білім беру жүйесінің мақсаты мен даму бағыттарына сәйкес келетін біліктілікті жетілдірудің және кәсіби қайта дайындаудың мазмұнын жасау;
– біліктілікті жетілдіру, кәсіби қайта дайындау және қосымша білім беру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
– біліктілікті жетілдіру, кәсіби қайта дайындау және қосымша білім беру жүйесін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
– қазіргі технологиялар негізінде оқу-әдістемелік жұмыстардың жүйесін жаңарту.
Маркетинг бөлімі мына міндеттерді жүзеге асырады:
– біліктілікті жетілдіру, кәсіби қайта дайындау және қосымша білім беру деген сұраныстар мен барлық оқу түрлеріне деген тапсырыстарды зерттеу;
– білім беруді басқару органдарымен, білім беру мекемелерімен, басқа да заңды тұлғалармен білім беру келісім-шарттарын жасау, біліктілікті жетілдіру жоспарларын жасау, әдістемелік жұмыстарды жүргізу, нәтижелілікке қол жеткізу;
– біліктілікті жетілдіру және әдістемелік жұмыстар жүйесінің қызметін қамтамасыз ету, факультет құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру;
– білім беру мекемелерін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар:
– біліктілікті жетілдіруді, мамандарды кәсіби қайта дайындауды және аспирантураны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
– біліктілікті жетілдіру мен мамандарды кәсіби қайта дайындаудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар дайындау, ұйымдастыру және өткізу.
– баспа ісімен айналысу.
Қайта дайындау және біліктілікті жетілдіруді тиісті пәндер бойынша тәжірибелі, білікті мамандар жүргізеді.
– Оқуды сәтті аяқтаған және міндетті қорытынды аттестациядан өткен тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі: кәсіби қайта дайындау туралы диплом (500 сағаттан жоғары), біліктілікті жетілдіру туралы куәлік (100 сағаттан жоғары), біліктілікті жетілдіру және мемлекеттік, шет тілдерін оқығандығы туралы куәлік (72 сағаттан 100 сағатқа дейін).
Реквизиттеріміз: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мұңайтпасов көшесі, 5. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Оқу-зерттеу ғимараты (УЛК), 342, 343, 344 каб.
Байланыс телефоны: 49-09-27, 35-37-54, 35-38-06 (ішкі. 54-10, 54-11).
Тыңдаушыларды қабылдау шарттары.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтына қабылдану үшін тыңдаушылар кемінде 15 күн бұрын мекеменің бірінші басшысы қол қойған ұсыныс хат жіберуі тиісті.
Қабылдау кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты – жеке куәлігі (төлқұжаты), білімі туралы құжатының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, 6 дана 3*4 фотосуреті, іссапар куәлігі (оқытушылар үшін) болуы тиісті. ТМД, Балтық елдерінің және алыс шет елдердің азаматтары үшін қосымша мынандай құжаттары болуы керек: медициналық сақтандыру куәлігі, ВИЧ-инфекциясы жоқтығы туралы сертификаты.
ЕҰУ есеп-шотына төлемақы аударғандығы немесе төлегендігі туралы түбіртек тыңдаушыларды тікелей келісім-шартпен қабылдауда негізгі құжат болып саналады
Тыңдаушыларды тіркеу сабақтар басталғанға дейін бір апта бұрын басталады және Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру факультетінің деканатында 15 күн жүргізіледі (Оқу-зерттеу ғимараты, (УЛК), 342, 343, 344 каб.