testМекен жай: 010008, Астана
Мұңайтпасова 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Тыңдаушыларды қабылдау шарттары.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтына қабылдану үшін тыңдаушылар кемінде 15 күн бұрын мекеменің бірінші басшысы қол қойған ұсыныс хат жіберуі тиісті.
Қабылдау кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты – жеке куәлігі (төлқұжаты), білімі туралы құжатының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, 3 дана 3*4 фотосуреті, іссапар куәлігі (оқытушылар үшін) болуы тиісті. ТМД, Балтық елдерінің және алыс шет елдердің азаматтары үшін қосымша мынандай құжаттары болуы керек: медициналық сақтандыру куәлігі, ВИЧ-инфекциясы жоқтығы туралы сертификаты.
ЕҰУ-нің қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтында шет елдік азаматтар үшін қазақ және орыс тілдерінің арнайы курстарын өткізеді. Шет елдік тыңдаушылар факультете ақылы негізде оқиды. Бір жылдық (2 семестр) оқу ақысы 395 000 теңге.
Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты жеке оқу түрінде оқысы келетін шет елдік азаматтар үшін оқу ақысы:
36 сағаттық курс – 106 000 теңге;
72 сағаттық курс – 211 000 теңге;
96 сағаттық курс – 243 000 теңге.
ЕҰУ есеп-шотына төлемақы аударғандығы немесе төлегендігі туралы түбіртек тыңдаушыларды тікелей келісім-шартпен қабылдауда негізгі құжат болып саналады