Мекен жай: 010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Кешенді тестілеу өткен жылғы жалпыға бірдей орта білім беру мекемесінің түлектері, алғашқы және орта профессионалдық оқу орындарының түлектері, жалпы білім беру мектептерінің түлектері, шетелдермен халықаралық білім алмасу бойынша мектеп түлектері, ҰБТ қатыспағандар, сонымен қатар шетелде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер үшін өткізіледі. Шетел білім мекемелерінде берілген білім туралы құжаттары талапқа сай қайта тіркелуден (нострификация) өтукерек.
Кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау 20 маусымнан 9 шілде аралығында өтеді.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін келесі құжаттар қажет.
· Өтініш (бланк бойынша)
· Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
· Тест өткізу үшін төлеген квитанциясы
· 3х4 көлемді 2 сурет
· 086-У форма бойынша медициналық анықтама
· Жеке куәлігін растайтын құжат көшірмесі
Кешенді тестілеу 17 мен 23 шілде аралығында өтеді.
Кешенді тестілеу 4 пәннен өтеді: 1.Қазақстан тарихы, 2.Математика, 3.Оқыған тілі (қазақ тілі немесе орыс тілі) 4.Таңдаған пәні. Әр таңдаған пәнінен 25 – тест тапсырмалары, барлығы 100 – тест тапсырмасы.
Білім гранты иегерлері конкурсына өтініштер 23 мен 31 шілде аралығында қабылданады.
Осы жылдың жалпыға бірдей орта білім беру мекемесінің түлектері үшін (ҰБТ тапсырғаннан кейін)
Білім гранты иегерлері конкурсына өтініштер 23 мен 31 шілде аралығында қабылданады.
Білім гранты иегерлері конкурсына қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
· Өтініш (Бланк бойынша)
· Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
· ҰБТ сертификаты
· 3х4 көлемді 2 сурет
· 086-У форма бойынша медициналық анықтама
· Жеке куәлігін растайтын құжат көшірмесі
Білім гранты иегері туралы куәлік 15 тамыздан беріледі.
Жоғарғы оқу орнына қабылдау 10 мен 25 тамызы аралығында басталады.
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі жоғары оқу орнының Кеңесімен белгіленеді.
050606 – Химия мамандық құрамында ұсынылатын білімдік-кәсіптік бағдарламалардың тізбесі:
- Бейорганикалық химия;
- Аналитикалық химия;
- Органикалық химия;
- Жалпы химия және химиялық экология;
- Колоидтық химия және химиялық энзимология;
- Катализ және мұнай химиясы;
- Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы;
- Сирек элементтер химиясы;
- Табиғи қосылыстар химиясы;
- Химиялық физика.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050606 – Химия мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушілеріне химия бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Химия бакалавры Қазақстан Республикасы заңдары мен ведомстволық құжаттар даярлау бағыты және жұмыс стажын еске ала отырып, жоғары кәсіптік білімі бар мамандар үшін қарастырған қызметтерде жұмыс істей алады.
Бітірушінің біліктілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылдың 22 қарашадағы №273-П бұйрығымен бекітілген «Біліктілік анықтамасындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес анықталады («Химик», «Инженер-химик», «Химия пәнінің оқытушысы», «Маман» және т.б.).
050606 – Химия мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің өрісі
050606 – Химия мамандығы бойынша бакалаврдың қызмет аумағы: химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер салалары, білім беру, ғылым және экология болады.
Кәсіби қызметінің объектілері
Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері: аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік лабораториясы, химиялық, экологиялық металлургиялық, фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелері (институттар, лабораториялар), орта жалпы білімдік мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім беру бөлімдері болады.
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
050608 – Экология мамандығы шеңберінде білім беру бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді.
Мамандық шеңберінде ұсынылатын білім беру бағдарламаларының (маманданулардың) тізбесі: агроэкология, биоэкология, геоэкология, экологиядағы ақпараттық технологиялар, қолданбалы экология, өнеркәсіптік экология, қоршаған ортаның химиясы, экологиялық білім және тәрбие берудегі менеджмент, экологиялық менеджмент және аудит, экологиялық инспекция және қоршаған ортаны бақылау, т.б.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050608 – Экология мамандығы бойынша білім алған түлекке экология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Түлектердің біліктіліктері және қызметтері қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады.
Экология бакалавры мынадай қызметтерге орналаса алады: эколог-биолог, эколог-географ, эколог-топырақтанушы, эколог-физик, эколог-химик, эколог-сарапшы, эколог-зерттеуші, жалпы және арнаулы орта білім мекмелерінде биология, география және экология пәнінің оқытушысы. Жоғары базалық білімі бар түлек мынадай қызметтерге тағайындала алады: өндіріс салалары бойынша эколог, орта және арнайы білім беру мекемелерінде оқытушы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, ғылыми-зерттеу мекемелерінде. Бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерінде эколог-лаборант, менеджер және т.б.
050608 – Экология мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің саласы
050608 – Экология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы-өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу, және білім беру салалары, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаның сапасы мен адам денсаулығын бақылау болып табылады.
Кәсіби қызметінің объектілері
Түлектердің кәсіби қызметі нысандарына: аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, қорықшалар, биосфералық қорықтар, өнеркәсіп мекемелері, агроөнеркәсіптік кешендер, сынақ алаңдары, энергетика нысандары, АЭС, білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми-зерттеу орталықтары жатады.
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесін жоғары оқу орнының Кеңесімен белгілейді.
Ұсынылаған білім беру бағдарламаларының тізімі: омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, структуралық ботаника, өсімдіктер систематикасы, цитология және гистология, биохимия, адам анатомиясы, өсімдіктер физиологиясы, генетика, микробиология және вирусология, адам және жануарлар физиологиясы, биофизика, экология, Қазақстан биоресурстары, молекулалық биология, жеке даму биологиясы, экологиялық биология, биологияны оқыту әдістемесі, педагогика және психология.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050607 – Биология мамандығы бойынша бакалавриат бітірушілерге биология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Биология мамандығын бітірушілер мынадай қызметтер атқара алады:
- жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының, санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың маманы, инженер, лаборант;
- орта мектептердегі, гимназиялардағы, колледждердегі биология пәнінің мұғалімі;
- ұлттық парктердің, қорықтардың, зоопарктердің, ботаникалық бақтардың, жас натуралистер станцияларының селекциялық, обаға қарсы станциялардың, табиғат музейлерінің маманы;
- ғылыми-өндірістік, жобалық және геоботаникалық мекемелердің аға технигі және технигі, т.б.
- әкімшілік жанындағы және басқа да экологиялық мекемелердің маманы;
- мемлекеттік басқару мекемелерінің және әкімшіліктердің маманы.
Біліктілік және қызметтер тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылдың 22 қарашадағы №273-П бұйрығымен бекітілген «Біліктілік анықтамасындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес жұмыс істей алады.
050607 – Биология мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің саласы
Мамандықтың кәсібі қызмет ету саласы биология ғылымдары саласы (ботаника, зоология, адам және физиологиясы, биохимия, биофизика, микробиология және т.б.) әртүрлі дәрежеде ұйымдасқан биологиялық жүйелер, биологиялық табиғат қорғау технологиялары.
Кәсіби қызметінің объектілері
Ғылыми-зерттеу институттары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар және ҚР Заңдарына сәйкес жоғары кәсіби білімділікті қажет ететін басқада салалар.
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
050601 – Биотехнология мамандығы шеңберіндегі білім беру бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді. Келесі білім беру бағдарламалары ұсынылады:
- микроорганизмдер биотехнологиясы;
- өсімдіктер биотехнологиясы;
- жануарлар биотехнологиясы;
- тағамдық ауылшаруашылық биотехнология;
- клеткалық және молекулалық биотехнология;
- хромосомалық инженерия, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы;
- медициналық биотехнология;
- ветеринарлық биотехнология;
- экологиялық биотехнология;
- биотехнология.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050701 – Биотехнология мамандығын бітірушілерге биотехнология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Лауазымдар:
- ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-лардағы маман;
- өндірістік лабораториялардағы техник, технолог;
- биотехнологиялық өнеркәсіптердегі технолог-маман;
- ауыл шаруашылық биотехнологиясының маманы;
- тамақ өнеркәсібінің маманы;
- биотехнолог-селекционер;
- экологиялық мекемелердің маманы;
- орта мектеп, гимназия және колледждердегі биология пәнінің оқытушысы, т.б.
Біліктілік және қызметтер тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылдың 22 қарашадағы №273-П бұйрығымен бекітілген «Біліктілік анықтамасындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес жұмыс істей алады.
050701 – Биотехнология мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің саласы
Мамандықтың кәсібі қызмет ету саласы биотехнологиялық өнімдерді өндірістік жолымен алуды және жаңа биотехнологиялық процестерді жобалап жасауды қамтамасыз ету; биотехнологиялық әдістерді микроорганизм, өсімдік және жануарлар селекциясында қолдануды ұйымдастыру; орта оқу орындарында педагогикалық қызмет көрсету.
Кәсіби қызметінің объектілері
Бітірушілердің кәсіптік қызмет ету объектері:
а) биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауыл шаруашылық бағыттарындағы ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары;
- тағамдық және қайта өңдеу, микробиологиялық, фармацевтік өнеркәсіптердің өндірістік мекемелері мен лабораториялары;
- ауыл шаруашылық мекемелері;
- ботаникалық және зоологиялық бақтар;
- өсімдіктерді қорғау станциялары;
- балық және аң өсіру заводтары;
- ЖОО-лар, орта мектептер, гимназиялар, колледждер;
- экологиялық қызмет көрсету мекемелері;
б) биотехнологиялық процестер.
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесін жоғары оқу орнының Кеңесімен белгілейді.
050609 – География мамандығы бойынша ұсынылатын білім бағдарламасындағы маманданулар:
- физикалық география;
- гляциология;
- ландшафттар геохимиясы және топырақ географиясы;
- геоинформатика;
- геоэкология;
- геоморфология;
- урбандалған аймақтардыңаймақтардың геоморфологиясы;
- экономикалық және әлеуметтік география;
- саяси география және геосаясат;
- табиғатты тиімді пайдалану.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050609 – География мамандығын бітірушілерге – география бакалавры деген академиялық дәреже беріледі. Квалификациясы – география мұғалімі және географ маманы.
География бакалавры Қазақстан Республикасының заңына, жоғары кәсіптік білім беруге байланысты төмендегідей қызмет атқара алады: инженер – лаборант, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын инженер, сонымен қатар, педагогикалық жұмыстарға байланысы бар колледждерде, жалпыға білім беру мекемелерінде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, менеджер т.б.
Түлектердің біліктіліктері және қызметтері қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады.
050609 – География мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің саласы
050609 – География мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет атқару орындары:
- жобалау, ғылыми-ізденіс мекемелері;
- іргелі, ғылыми қолданбалы және географиялық жобалар;
- табиғатты қорғау органдары мен табиғатты пайдалану басқармасы;
- қоршаған ортада экологиялық-географиялық мониторинг өткізу;
- білім беру мен туристік қызметкөрсету.
Кәсіби қызметінің объектілері
Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі.
- жобалау, ізденіс өткізу, ғылыми инститтуттар, туристік бюролар мен фирмалар т.б.
- табиғи ортаны қорғау министрлігінің табиғатты қорғау органдары мен табиғатты пайдалану басқармасы;
- жалпыға білім беру мектептері мен арнайы оқу орындары бола алады.