Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Факультет деканы Нэля Лұкпанқызы Шапековамен сұхбат
Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2009 жылы Жаратылыстану-техникалық факультетін қайта құру нәтижесінде ашылды. Факультетін деканы – медицина ғылымдарының докторы, профессор Шәпекова Н.Л.
4 кафедрада үш деңгейлі жүйе бойынша бакалаврлар, магистранттар және PhD докторанттар «Биология және биотехнология», «Экология», «Физикалық және экономикалық география», «Химия» бағыттарында дайындық жүргізіледі.
Факультет университет құрылғаннан бері кафедраларда жинақталған салт пен тәжірибені, жаратылыстану ғылымдары бағытындағы білім беру үрдістерінің жаңа принциптерімен сәйкестендіреді.
Факультет ұлттық инновациялық жүйенің құрылу және даму бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында біз халықаралық классикалық университеттің инновациялық білім ортасын дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік кешендер жасалған.
Біз факультеттің ғылыми-техникалық потенциалын жылдамдату қажеттілігін көздеп отырмыз және ғылымды дамытудағы арнайы приоритетті бағыттарға өз ресурстарымызды таратамыз, олардың жетістіктерін оқу процесіне белсенді енгізу үшін жағдай жасаймыз. Сондықтан, факультеттің материалды-техникалық базасы жаңартылған: экспериментальды биология және экология, биоорганикалық химия ғылыми зерттеу институттары жұмыс атқарады, арнайы аудиториялар мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған; екі мобильді компьютерлік класс жұмыс істеуде олар интерактивті тақталар мен ноутбуктермен жабдықталған; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін мамандарға сай пәндер бойынша қажетті бағдарламалар сатылып алынды, ғылыми-оқу зертханалары «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайды, яғни мұнда дәріс, практикалық және зертханалық ғылыми жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі уақытта факультетте 757 студенттер оқиды.
Факультет ресурстары:
Профессорлық-оқытушылық құрамы: 91 оқытушы, олардың ішінде 2 академик, 19 профессор және ғылым докторы, 41 доцент және ғылым кандидаты бар.
Факультет 4 кафедрадан тұрады, бұлар: «биология және биотехнология», «қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжинирингі халықаралық кафедрасы», «физикалық және экономикалық география» және «химия» кафедрасы.
Бакалаврлар, магистранттар және PhD докторанттар Европада қабылданған кредиттік жүйе бойынша оқиды.
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» және «физикалық және экономикалық география» мамандығы бойынша магистранттарға Еуразия ұлттық университеті және шетелдік Нью-Мексика мен Айова университетінің екі дипломын алып шығуға жағдай жасалған.
Студенттер оқу-өндірістік практиканы арнайы мамандандырылған профилді стационарларда өтуге мүмкіндік берілген, олар келесілер: (Теміртау қ. «Металлургиялық комбинаты», Степногорск қ.. «Биоорталығы», «Аджип» компаниясы, Батыс-Қазақстан облысының Қарашығанақ және т.б.).
Факультет түлектері арнайы зертханаларда, білім беру орындарында және Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істейді.