Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Факультет деканы Нэля Шапековамен сұхбат

Нэля Шапекова: «Өмірлік бағыт-бағдарын жүрек қалауымен таңдай білген маман - шын бақытты!»


Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Білім ордасының мемлекеттік және халықаралық дәрежедегі жетістіктері жайында көптеп айтуға болады. Оның бәрі осы жерде еңбек етіп жатқан білікті мамандар мен оқытушы-профессорлардың арқасында жүзеге асуда. Жаңа 2010-шы оқу жылы қарсаңында біз оқырман қауымын Еуразия ұлттық университетінің бүгінгі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты хабардар ету мақсатында факультет декандарымен сұхбаттар топтамасын ұсынамыз.

- Нэля Лұқпанқызы, өзіңіз басқарып отырған факультетте жастарға білім берудің басым бағыттары туралы айтып берсеңіз?

- Бүгінгі ғаламдық жаһандану және қоғамның қарқынды даму үрдісі жоғары білім беру саласы алдында жаңа мақсат-міндеттер қойып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгін таңда бізге бұрын-соңды болмаған, кәсіби біліктілігі жоғары, саяси-экономикалық сауаты ашылған, ұйымдастыру және басқару қабілеті мол, сын сағатта дұрыс шешім қабылдай білетін мамандар ауадай қажет. Қазіргі кезде біздің факультетте үш деңгейлі жүйе: бакалавриат, магистрантура және PhD докторантура бойынша маман даярлау жұмысы жүргізіледі. Факультеттің құрамында «Биология және биотехнология», «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжинирингі», «Физикалық және экономикалық география» және «Химия» кафедралары жұмыс істеуде. Мұнда жаратылыстану ғылымдары саласында білім берудің жаңа қағидаттары қолданылып, ұлттық инновациялық жүйені құру және дамыту бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама бойынша біз халықаралық классикалық университеттердің үлгісінде инновациялық білім беру ортасын дамытып, факультеттің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуды көздеп отырмыз.

- Студенттерге білім берудің практикалық жағы қалай жүргізіліп келеді?

- Бүгінгі таңда факультеттің материалды-техникалық базасы заман талабына сай жаңартылып отыр: экспериментальды биология және экология, биорганикалық химия ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы жаңаша жолға қойылып, арнайы дәрісханалар, мультимедиялық қондырғылармен жабдықталды. Екі мобильді компьютерлік сынып ашылып, оған интерактивті тақталар мен ноутбуктер орнатылды. Ғылыми-зерттеу жүргізуге қажетті арнайы бағдарламалар сатып алынды, ғылыми-оқу зертханаларында дәрістерді оқу ғана емес, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Біздің студенттер «Металлургия комбинаты» (Теміртау қ.), «Биоорталық» (Степногорск қ.), «Аджип» компаниясы сияқты ірі компаниялар мен өнеркәсіп ошақтарында оқу-өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жүр. Айта кетер жайт, «Экология және қоршаған ортаны қорғау» мен «Физикалық және экономикалық география» мамандықтары бойынша магистранттарға Еуразия ұлттық университеті, АҚШ-тың Нью-Мексика мен Айова университеттерінің бірлескен дипломын алып шығуға мүмкіндік бар.

- Сіздің факультетіңізді бітірген түлектерге еңбек нарығындағы сұраныстың деңгейі қандай?

- Бәсекеге қабілетті маманды даярлап, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеп шығару – бүгінгі білім беру саласының басты талабы. Қазақстан өз дамуындағы басым бағыттарының бірі - жаңа технологияларды енгізу. Елімізде қолға алынған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басты мақсаты – отандық экономиканы әртараптандыру, яғни өнім өндіру мен оны қайта өңдеуді қолға алу. Ал осы өнімдер сұранысқа сай етіп шығару үшін белгілі бір инновациялық процестерді жүзеге асыру қажет. Бізде, жасыратыны жоқ, өндірістік сектордың инновациялық деңгейі өте төмен. Сондықтан инновациялық үрдісті дамытуға басымдық беру қажет. Біз жаңа технологияларды өндіріске енгізуге тиіспіз. Міне, осы бағытта жұмыс жасау қажет. Бүгінгі таңда біздің түлектер арнайы зертханаларда, білім беру орындарында және Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істеп, өздерінің инновациялық бастамаларын жүзеге асыруда. Баршаға мәлім, туған жердің мәртебесін асқақтатуда жастардың алар орны зор. Өз бағытын жүрек қалауымен таңдай білген болашақ маман - шын бақытты. Себебі, бақытқа қол жеткізудің кілті – сүйіп таңдаған мамандықта.

- Факультетте оқып жатқан студент-жастардың университеттің ғылыми және мәдени-қоғамдық өміріне араласуы жайында айтып берсеңіз?

- Жалпы, факультет аясында өткізіліп тұратын іс-шаралар студенттердің бойындағы дарын мен қабілетті барынша ашуға, олардың болашақ кәсіби жұмыстарына қажет ұйымдастырушылық, коммуникативтік, шығармашылық, интеллектуалдық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы орайда Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік деканаттың еңбегін ерекше атап өткен жөн. 2009-2010 оқу жылының екінші жартыжылдығында Жаратылыстану ғылымдары факультеті 21 факультеттік, 5 университеттік және 3 қалалық шара ұйымдастырды. Олар: «Алтын дала» экологиялық көрмесі, «Халықаралық волонтерлер күні» атты республикалық конференция, «21 ғасырдағы – биотехнология» халықаралық ғылыми конференциясы, «Қош келдің - әз Наурыз!» мерекелік шарасы, «Отан үшін!» атты театрландырылған қойылым. Жаратылыстану ғылымдары факультетінің алдына қойған негізгі мақсаты – жастармен тығыз жұмыс жасап, олардың әлеуметтенуіне жәрдедесу. Бұл бағыттағы басты мақсат - студенттердің ойлау және біліктілік қабілеттерін арттыру, олардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, рухани бірлік және патриотизм сезімдерін күшейту, университет студенттерінің жоғары мәдениетін қалыптастыру. Жаратылыстану ғылымдары факультеті жоғарыда айтылған мақсат-міндеттердің үдесінен шығу үшін барын салып, қызмет етуде.

- Әңгімеңізге рахмет! 

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar