Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Жаратылыстану ғылымдар факультеті

Жаңалық 1 - 20 | 73
Басы | Алдыңғы | 1 2 3 4 | Келесі | Соңы Барлығы
18.02.2011 Ток-шоу

18 ақпан күні сағат 12:00де Жаратылыстану ғылымдары факультеті Журналистика және саясаттану факультетімен бірігіп ұйымдастырған «Алғашқы сессияның күйзелісі» (1 курс студенттеріне арналған) атты психологиялық ток-шоу өтеді. Ток-шоу ұйымдастырушылары ЖҒФ деканы Шапекова Н.Л. және «Күн гүлі» психологиялық адаптациялық клубы мүшелері мен клуб жетекшісі профессор Заркешев Э.Г.


толығырақ
16.02.2011 Шақыру

Құрметті ЖҒФ ұжымы мен студенттері!

Сіздерді 17 ақпан күні сағат 17:00-де болатын жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Жақанова Балаусаның Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Өмірім - менің өнерім» атты шығармашылық кешіне шақырамыз. Өтетін орны: Оқу-зертханалық ғимаратының акт-залы.


толығырақ
15.02.2011 Ашық есік күндері

Жаратылыстану ғылымдары факультеті химия, биология, биотехнология, география және экология мамандықтары бойынша талапкерлерге, магистранттар және  Ph-докторанттарға арналған «ашық есік күндерін» жариялайды.


толығырақ
15.02.2011 Курстар

Қайталау. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті 10-11 сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, сондай-ақ мұғалімдер мен оқытушыларға арналған биология, химия, география пәндерінен қосымша ЖОО-ға дейінгі және кейінгі дайындық курстарына тіркеу жариялайды. Курс соңынан сертификаттар беріледі. Тіркеу мерзімі 2011 жылдың 18 ақпанына дейін. Мекен-жайымыз: Астана қ-сы, Қажымұқан к-сі 13, 203 бөлме, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканаты, байланыс телефондары: 35-74-51, 8-705-12-818-90, тел. 35-38-06 (60-33).


толығырақ
15.02.2011 Хабарландыру

Томск Мемлекеттік университеті «Мобильность молодых ученых» бағдарламасының негізінде  35 жасқа дейінгі жас ғалымдарды ғылыми біліктілігін арттыру мақсатында 1 айдан 6 айға дейінгі стажировкалардан өтуге шақырады. 


толығырақ
12.02.2011 Съезд

2011 жылдың 11 ақпан күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезекті XIII съезі жұмысын бастады. Жаратылстану ғылымдары факультетінен аталған съездке факультет деканы Шапекова Н.Л. және партияның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.


толығырақ
12.02.2011 Семинар

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Н.Л.Шапекова 2011 жылдың 11 ақпан күні Заң факультетінде өткен «Құқық пәндерін мемлекеттік тілде оқыту әдістемесі: Заң факультетінің бүгінгі жағдайы және даму болашағы» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.


толығырақ
12.02.2011 Құттықтаймыз!

Жаратылстану ғылымдары факультетінің ұжымы химия ғылымдарының докторы, профессор И.С.Иргибаева ғылыми жетекшісі болған Әнуар Алдоңғаровты университет ректорының жас ғалымдарға арналған стипендиясының иегері болуымен шын жүректен құттықтайды!


толығырақ
08.02.2011 Кездесу

2011 жылдың 7 ақпанда сағат 14.00-де Бас ғимараттың 208 аудиториясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жыл сайынғы кезекті Жолдауын талқылау барысында университет ректорының студенттермен кездесуі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жаратылыстану ғылымдары факультетінің әкімі, белсенді студенттері және топ басшылары қатысты.


толығырақ
08.02.2011 «Avis» орнитологтар клубының кезекті отырысы

2011 жылдың 9 ақпан күні Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Avis» орнитологтар клубының студенттер мен оқушыларғы арналған кезекті отырысы ұйымдастырылғалы отыр. Отырыс Астана қаласы № 3 мектеп-гимназиясының акт-залында сағ.13.00-де өтеді. Мекен-жайы: Республика даңғылы, С.Сейфуллин к-сі қиылысы («Жастар» сарайы аялдамасы). Байланыс: Ксения Яхновец – 87027694414, 87774130818.


толығырақ
04.02.2011 Құттықтаймыз!

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің факультет ардагері Альжанов Ж.Ш. бастаған шахмат құрама командасы университетімізде өтіп жатқан «Денсаулық және сергектік» спартакиадасында 3 орынға ие болды. Осыған орай факультет ұжымы өз спортшыларын шын жүректен құттықтайды!


толығырақ
03.02.2011 ҚР білім және ғылым министрімен кездесу

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы 2011 жылдың 1 ақпаны күні ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен кездесті. Аталған кездесудің басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарында жарияланған кезекті Жолдауын түсіндіру болды. Министр өз сөзінде жолдауда айтылған білім және ғылым саласындағы аспектілерге тоқталды. Мимнистр залдан көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сөз соңын «Біз еуропалық білім беру жүйесін көзсіз көшіруден аулақ болуымыз қажет. Бастысы, біз ТМД аймағындағы білім беру жүйесіндегі көшбасшы болуға ұмтылуға тиіспіз. Нәтижесі жаман болмайтынына сенімдімін», - деп аяқтады.


толығырақ
02.02.2011 Азиада алауы

30 қаңтар күні елордада алау эстафетасының соңғы кезеңі өтті. Бас қалада 100 адам алауды қала көшелерімен алып өтті. Эстафета «Қазақ елі» монументінен басталды. Алау эстафетасының екінші кезеңі Астана қаласының әкімдігіндегі алаңнан басталып, Абай даңғылы арқылы Республика даңғылын көктей өтіп, Есіл жағалауымен жүрді. «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының алдында алау эстафетасының екінші кезеңі толықтай аяқталып, техникалық үзілістен кейін 7-ші Қысқы Азия ойындары өтетін «Астана Арена» стадионында ойындардың бас қазандығы жағылды.Аталған іс-шараға Жаратылыстану ғылымдары факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері белсенді қатысты.


толығырақ
28.01.2011 Әдістемелік кеңес
27 қаңтар күні сағат 15:00де ЖҒФ акт залында (219 ауд.) «Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік жұмысының қазіргі жағдайы мен мәселелері және дамуы» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік кеңес өтеді. Cондай-ақ, кеңес уақытында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің фойесінде арнайы оқулықтар көрмесі ұйымдастырылды.

толығырақ
27.01.2011 Құттықтаймыз!

26 қаңтар күні "Денсаулық және сергектік" спартакиадасы шеңберінде шаңғы тебуден жарыc өтті. Жаратылыстану ғылымдары факультетінен қатысқан профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан факультет деканы Шапекова Н.Л. 2 орынға және экология кафедрасының оқытушысы Саспугаева Г. 3 орынға ие болды. Факультет ұжымы шын жүректен спортшыларымызды құттықтап, оларға жетістіктер тілейді!


толығырақ
27.01.2011 Алғыс хат

2011 жылғы оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін Республикалық олимпиаданың ІІ-кезеңіне өте жоғары дәрежедегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. Торсықбаева Бигамила Баяхметқызы алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!


толығырақ
26.01.2011 Кездесу

2011 жылдың 24 қаңтарында жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының атақты антропологы, биология ғылымдарының докторы, академик Оразақ Исмагуловпен кездесті. Ғалым ғылыми мағлұматтармен адамзаттың шығу тарихы, қазақ халқының қалыптасуы сияқты тақырыптарда өте қызықты дәріс берді. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғалыммен әңгіме жүргізді. 


толығырақ
25.01.2011 Хабарландыру!!!

ЖОО-на дейінгі білім беру курстарына жазылғандар назарына!

Сабақ 2011 жылдың 26 қаңтар күні сағ. 15:00-де басталады.

Мекен-жайымыз: Астана қ. Қ.Мұңайтпасов к-сі, 13, № 3 ғимарат (ЦИСИ), 203 бөлме.


толығырақ
24.01.2011 Ғылыми-әдістемелік конференция

2011 жылдың 21 қаңтарында химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. Торсықбаева Бигамила Баяхметқызы Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы инновациялық білім беру технологиялары» атты ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысты. Аталған конференцияда Бигамила Баяхметқызы баяндама оқып, педагог кадрларға арналған авторлық оқу-әдістемелік құралының презентациясын жасады.


толығырақ
24.01.2011 Ақпарат

«Алсем-Астана» ғылыми-әдістемелік орталығы «Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері» атты тақырыпта мақалалар жинағын баспаға дайындау үстінде.


толығырақ
Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar