Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Факультет деканы: Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы
Факультет деканы Шолпан Құзарқызы Жарқынбековамен сұхбат
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі филология факультеті – ұлттық мәдени құндылықтарды болашақ ұрпақ бойына сіңіруге ерекше қызмет жасайтын тілші, әдебиетші, аудармашы мамандарды дайындайтын республикамыздағы ірі ғылыми орталықтардың бірі.
Филология факультетінің негізгі міндеті – отандық және әлемдік университеттердің жақсы дәстүрлеріне, оқытудың қазіргі жаңа инновациялық технологияларына сүйене отырып, қазақстандық білім мәселелерін табысты шешуге қабілетті, жоғары деңгейлі маман дайындау.
Факультеттің мақсаты – гуманитарлық бағытта білім алатын бәсекелестікке қабілетті, білімді де, білікті, рухани жан дүниесі толық, кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты мәдениетті, ұлттық және шетелдік әдебиет пен тілді еркін меңгерген, филолог мамандарды даярлау.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі филология факультетінің пайда болып жұмыс істеуі Целиноград педагогоикалық институтынан басталады. 1962 жылы педагогикалық институт ашылғанда абитуриенттерді қабылдаған ең алғашқы мамандықтар «тарих», «орыс тілі мен әдебиеті», шет тілдері» болған.
1988 жылы филология факультетінде «қазақ тілі және әдебиеті» бөлімі ашылды, келесі жылы қазақ филологиясы кафедрасы құрылды. Бұл кафедра 1992 жылы қазақ әдебиеті кафедрасы және қазақ тілі кафедрасы болып бөлінді.
2009 жылы ақпан айында тарих-филология факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен (10.02. 2009 №33-n ректордың бұйрығымен) филология факультеті қайта құрылды. Нәтижесінде факультет құрамы өзгеріп, соңғы уақытта өзекті проблемаға айналған көптеген мамандықтарда сапалы өрлеу мен өсу басталды.
Қазіргі таңда факультет деканы ҚР БҒМ-ның «Үздік оқытушы – 2005» гранты мен «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері ф.ғ.д., профессор Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы. Деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары - педагогика ғылымдарының кандидаты Байдрахманов Досым Хасенұлы, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсенбай Ардақ Бақытұлы.