Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Факультет оқытушыларының халықаралық ғылыми әріптестігі бірнеше бағытта жүргізіледі. Олар: ғылыми ақпарат алмасу, ғалымдарды диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысуға шақыру, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың жұмыстарына атсалысу (КазПРЯЛ), ғылыми конференцияларға қатысу, ғылыми дәрістер оқу, кеңес беру және сабақ өткізу жөніндегі педагогикалық тәжірибе алмасу, ҚР ғалымдарын шетелдік тіл білімі және әдебиеттану ғылым салаларының жетістіктерінен хабардар етіп отыру.
Филология факультетінде еліміздің алыс-жақын шетелдердің мына ғылыми орталықтарымен, оқу орындарымен тұрақты шығармашылық-ғылыми байланыстар жолға қойылған: Висконсин-Мадисон (АҚШ), Гранад (Испания), Генууэзск (Италия), Лондон (Ұлыбритания), Лугано (Швецария) университеттері, А.С.Пушкин атындағы орыс тілі институты, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу лингвистикалық университеті. Сондай-ақ, Ресей Халықтар достастығы университетімен (Мәскеу) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби лингвистикалық білімнің бағдарламалары мен жоспарлары талқыланып, ЕҰУ және РХДУ арасында магистранттарды қосылып дайындау жолға қойылған. Сонымен алдағы біздің жұмыстарымыз ЕҰУ-да Болон процесін болашақта қарқынды және нәтижелі дамытуда, халықаралық іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында факультеттермен, кәсіби ассоциациялармен тәжірибе алмасу бағытында жүргізілетін болады.
Шетел филологиясы және шетел тілдері кафедрасы бірнеше жылдардан бері мынадай халықаралық қорлармен әріптестік бағытта жұмыс істейді: Global Education (халықаралық білім қоры); SOROS foundation (СОРОС қоры).
Ұйымдармен: Неміс академиялық қызмет алмасу ұйымы (DAAD). Яғни, Алматы қаласында шетелдерде неміс тілінің дамуына қолдау көрсететін білім ұйымы болып табылатын Гете институты (Германия) біздің университеттің базасында ГФР-дің стипендиясын алғысы келетін студенттер мен магистранттарға жыл сайын тест түрінде байқау өткізіп тұрады. ГФР-да неміс тілі пәнінің оқытушыларының білім дәрежесін көтереді және барлық шығын аталмыш ұйымнан төленеді. Француз Aльянсымен (Францияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен); британдық жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында үнемі семинарлар өткізіп тұратын Study Inn білім консалтингімен; Британ Кеңесімен. Бұл кеңестің кітапханасымен ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен Болашақ бағдарламасына қатысатын магистранттар дайындалады. Американың ACCELS Білім Кеңесімен. Бұл кеңесте үнемі болып тұратын дискуссиялық топтың жұмысына біздің ағылшын тілі оқытушылары қатысып тұрады. Peace Corpse (Әлем ғимараты), USIS (АҚШ-тың ақпараттық қызметі).
2005 жылдан бастап филология факультетінде 020-111 «Қазақстанның жоғары оқу орындарына кәсіби деңгейде білім беретін шетелдік мамандарды шақыру» бағдарламасы жүргізіліп келеді. Осы бағдарлама аясында төрт жыл ішінде Ресей, АҚШ, Германия, Италия, Испания Швейцарияның ғалымдары әдебиеттану, тіл білімі салалары бойынша дәрістер оқыды. PhD дисертациясы жетекшілігіне және кредиттік технология саласында мамандарды дайындап, олардың еңбектерін халықаралық деңгейге көтеру мақсатында белгілі шетелдік филолог мамандарды шақыру және бірлесіп жұмыс істеу өз жалғасын тауып келеді.
Шетел филологиясы және шет тілі кафедрасы Германияның, АҚШ-тың, Индияның, Францияның мамандарының қатысуымен өтетін шет тілдерін оқыту мәселелер жөнінде семинар-тренингтерге қатысады және өздері де ұйымдастырады. Goethe-Institut білім ұйымы өкілдері шетел тілдері кафедрасының базасында оқытушылармен бірлесіп шетелдерде неміс тілінің шет тілі ретінде оқытылу мәселесін талқылайлы. Халықаралық ұйымдар аталмыш кафедраларды әдістемелік, анықтамалық, көркем әдебиетпен және т.б. шетел тіліндегі оқу үрдісіне қажетті материалдармен қамтамасыз етіп отырады.
Халықаралық ұйымдардың көмегімен грант негізінде жеке ғылыми ізденістер де жүргізілді. Атап айтар болсақ, олар: Әдістемелік семинарларға қатысу үшін халықаралық СRС гранты (Будапешт, Венгрия, Орталық Еуропа университеті, қазан 2008ж.); ДААД халықаралық гранты (Неміс Академиялық алмасу қызметі), мәтінді математикалық өңдеу жөніндегі конференциялар мен семинарларға қатысу (Трир университеті, Германия, 20-30 маусым 2009 ж.) АКСЕЛС бағдарламасы бағытындағы халықаралық конференция (АҚШ мемлекеттік департаменті), бітірушілерге арнап тіл және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми жобалар алмасу (Вашингтон, Джорд Таун Университеті, 3-19 шілде 2009 ж.) Болашақ халықаралық бағдарламасы орталығы (ғылыми тәжірибелерге грант) (наурыз 2009ж.).