Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Факультеттің ғылыми шығармашылық қызметі

Докторантура 

Жобалар

Мәдениетаралық қатысым және қолданбалы лингвистика зертханасы

Ғылыми кеңес

2009 жылдың ақпан айында университет ректорының бұйрығымен филология факультетінің қайта құрылауы факультет өміріндегі жаңа бетбұрыстардың, соны ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды деп айтуға болады.

2009 жылы факультетіміздің көрнекті оқытушы-профессорлары Д. Қамзабекұлы "Құрмет" орденімен, А.К. Каиржанов Еуропа ғылым академиясының "Леонардо да Винчи" медалімен, Ш.К. Жарқынбекова Ғылымға сіңірген ерен еңбегі үшін төс белгісімен марапатталса, С. Негимов Мәдениет қайраткері атағын иеленіп, С. Мейрамова мен М. Нуртазина шетелдік білім гранттарын жеңіп алды. Мәдениет және ақпарат министірлігі, Тіл комитетінің Құрмет грамотасымен мемлекеттік тілді оқытуда сіңірген еңбектері үшін факультеттің 6 оқытушысы марапатталды.

Факультетте PhD докторантурасы, магистратура арқылы кадоларды дайындау ісі де жақсы жолға қойылған. Магистратура мамандықтары бойынша Мәскеу халықтар достығы және Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеттерімен келісім-шарт негізінде қос диплом алуға қол жеткізді. Факультет докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаумақсатында шетелдерден белгілі ғалымдарды шақырып, бірлесіп жұмыс істеп келеді. Атап айтар болсақ, профессорлар Ю. Шамилоглу (Висконсин-Мадисон ун., АҚШ), Д. Рассел (Гарвард ун., АҚШ), Э. Риготти (Лугано ун., Швейцария), Л. Сальмон (Генуи ун., Италия), Н. Остлер (Лондон ун., Ұлыбритания), И.А. Краева (МГЛУ, Ресей).

Соңғы бес жылдың ең бір ауыз толтырып айтатын жақсылыққа толы жаңалығы - факультетте іргелі ғылыми жобалардың көптеп жасаулуы. Бұл факультеттегі оқытушылардың ғылыми біліктілігінің жоғары екендігін дәләлдесе керек. 

Факультетте ғылыми конференциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Соңғы өткен "Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында АҚШ-тың, Алманияның, Үндістанның, Ресейдің, Грузияның, Арменияның, Қазақстанның алдынғы қатарлы әдіскер ғалымдары бас қосып, жоғары мектепке тіл мен әдебиетті оқыту мен аударма жасаудың жаңа заман талабына сай инновациялық бағыттарын анықтап, кең пікір алмасып, түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қамтыған шеберлік сыныптарын да өткізді.
Оқытушыларымыздың республикамыздағы және шетелдердегі ғылыми конференцияларға қатысуы да жоғары деңгейде. Факультеттің оқытушылары еліміздегі және шетелдердегі (Англия, Америка, Үндістан, Түркия және т.б.) ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама жасағандығын мақтанышпен айтып өткен жөн.

Студенттердің, магистранттардың, ізденушілердің түрлі деңгейдегі конференция жұмысына қатысып, еліміздің түкпір-түкпіріне, шетелдерге барып жүлделі орын алып жатуы да факультетте тұрақты үрдіске айналған. 

Халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс орнатылғандықтан, студенттердің белгілі халықаралық бағдарламалар бойынша гранттар жеңіп алуы, "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кетуі және санының жылдын-жылға артуы факультетте орын алып отырған қалыпты жағдай. Сонымен қатар факультетте 21 ғасыр лингвистері, Алтын Белгі, Жас Ғалым, және т.б. студенттік ұйымдарының жұмыс жасауы ғылымға қызығушылығы бар студенттік ғылыми ортаның қалыптасуына зор ықпал етуде.

Факультет құрамындағы осындай елеулі өзгерістер жаңа нышандар мен тың бастамалардың тууына бастау болып, еліміздің ертеңі - ел жастарының ерен болашағына терең білім қазығын орнатады деп ойлаймыз.

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar