Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Title

Кафедра жайында жалпы ақпарат

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы 4 мамыр 2002 жылы құрылған.

Қазіргі таңда кафедрада:

· 050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавр

· 6N0732– «Стандартизация, метрология и сертификация» мамандығы боынша магистратура дайындауды жүзеге асырады.

050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

мамандығының білім бағдарламасының мақсаттары.

Стандарттау және сертификаттау кафедрасы жоғары білікті кадрлармен жинақталған. Кафедра құрамында 3 техника ғылымының докторы: Ниязбекова Р.Қ., Канаев А.Т., Нураков С.Н., және 12 ғылым кандидаты бар. Кафедра оқытушылары барлық негізгі пәндер бойынша оқу әдістемелік материалдарын дайындады. СМЖ, Квалиметрия, сапаны басқару, Сапаны бақылау, Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқаруды мемлекеттік тілде басылып шығарылған. (Ниязбекова Р.Қ., Канаев А.Т., Ахмедьянов А.У., Ермаханова Ф.Р., Тогызбаев К.Ү., Жалкенова С.Т., Киргизбаева К.Ж.)

Мамандарды әзірлеу мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Кафедраның зертханалық базасы оқу жоспарын ескере отырып барлық оқу сабақтарын жүргізуге мүмкіндік береді. Кафедраның өндірісте өндірістік практиканы сапалы өткізуге мүмкіндік беретін филиалдары бар. Барлық мамандық бітірушілері ҚР астанасының өндірістерінде жұмыспен қамтамасыздандырылған.

Бағдарлама іштей оқу формасы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді. СМС мамандығы бойынша бітірушілер саны 5жылда 369 адамды құрады. СМС білім бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау ҚР «Білім туралы» Заңы, Университет жарғысы, Мемлекеттік білім стандарты мен мамандық бойынша оқу жоспары, мамандақ бойынша бекітілген ОӘБ пән бағдарламасы, Мемлекеттік жоспар жиынтығы, ҚР БҒМ бұйрығы, Университеттің ректоры мен ғылыми кеңестің шешімі (сондай-ақ басқа да нормативті құжаттар) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандарды дайындау құрылымы ҚР жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты бойынша құжаттар жинағының талаптарына сәйкес.

Мамандарды дайындау мазмұны ҚР МБС талаптарына білім бағдарламасының сәйкестігін талдау негізінде бағаланады. Жоғары білім сапасының негізін құраушы – бұл мақсаты, мазмұны және оқыту мен тәрбиелеу процесін жүзеге асыру әдістерін анықтайтын нормативті құжаттар жиынтығынан тұратын СМС білім бағдарламасының сапасы.

Мамандақ бойынша бағдарламаны жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты үлгідегі оқу жоспары және ҚР БҒМ бекітілген оқу пәндерінің бағдарламасын есепке ала отырып дайындайды. Білім бағдарламасы құрылымына кіреді:

- бағдарлама мақсаттарын, оның ерекшеліктерін, сонымен қатар университет жиынтығының сипаттамасын анықтайтын концептуалды түсініктеме қағазы;

- сәйкес дайындау бағыты бойынша немесе мамандық бойынша мемелекеттік білім стандарты;

- үлгілі оқу жоспары;

- университеттің ғылыми кеңесімен бекітілген және университеттің оқу әдістемелік басқаруымен сәйкестендірілген мамандық шеңберінде жүзеге асырылатын кәсіби дайындық мамандықтарының тізімі;

- университетте даярланған, мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары;

- білім оспарларын толықтай анықтайтын және оқу жоспарына енгізілген барлық сабақтар мен практикалардың университеттік жұмыс бағдарламасының жиынтығы;

- ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттауды (қорытынды аттестаттау талаптарына сай) жүргізу тәртібін және мазмұнын анықтайтын материалдар;

- оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу және әдістемелік оқулықтармен студенттерді қамтамасыздандыратын карта (оқу жылының басына дейін жасалады);

- студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау тапсырмаларының қоры;

- бағдарламаның негізгі бөлімі оқу жоспарына енгізілген пәндердің оқу әдістемелік жиыны (ОӘЖ) болып табылады.

Пәндердің оқу-әдістемелік жиынына кіреді:

- пән бойынша типтік оқу бағдарламасы;

- пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы.

Пәннің бағдарламасында көрсетілген:

- оқу жұмысының сипаттамасын ашатын студенттерге арналған әдістемелік көрсеткіштер (өзіндік жұмыс бағдарламасы, бақылау формасы, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, өзін-өзі тексеруге арналған тесттер, бұл тақырыптарды тереңдетіп оқуға арналған типтік практикалық тапсырмалар);

- оқу пәндерінің арнайы түрлері бойынша әдістемелік көрсеткіштер, оқулықтар, кафедралық оқулықтар жиыны;

- пән бойынша оқу процесінде қолданылатын қолданбалы бағдарламаның қамтамасыз ету тізімі;

- оқу және әдістемелік әдебиеттермен студенттерді қамтамасыздандыратын картасы;

- студенттердің өзіндік жұмысын күнтізбелік сұлбасы.

СМС мамандығы бойынша оқу бағдарламасы құқықтық құжаттар талаптары: ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР-дағы еңбек туралы», ҚР МБС 5.03.001-2004 «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі жағдайлар», ҚР СТ ИСО 9001-2001 «СМЖ. Талаптар», СМЖ ЕҰУ ҚП 01-2005 «СМЖ. Құжатталған процедура. Құжаттарды басқару», « Жоғары мамандандырылған білім беретін ұйымдар оқуының кредиттік жүйесінің ережелері», № 753 ҚР БҒМ 09 желтоқсан 2005 бұйрығына сай жасалған.

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar