Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Title

Кафедра жайында жалпы ақпарат

Кафедраның тарихы Целиноград инженерлік-құрылыс институтымен тікелей байланысты және қазіргі кезде бакалавриаттың 050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша мамандарды дайындайды. Маманданулары: «Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы» және «Үйлер мен ғимараттарды есептеу және жобалау». 2008 жылы 6N0729 «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратура, 2005 жылдан осы бағытта-докторантура бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі.

Инженер кадрларды дайындауда толық көпдеңгейлі жүйесіне өткенге дейін бакалавриатпен қатар «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша мамандарды дайындау қатар жүрді (соңғы түлектер 2008 жылы болды), ал 2003 жылға дейін «Құрылыс материалдарын және өнімдерін өндіру» және «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандықтары бойынша мамандарды дайындады.

Кафедра «Сәулет», «Дизайн», «Стандартизация және сертификация», «Жылуэнергетика» мамандықтары үшін сервистік кафедра болып табылады, бірқатар құрылыс профильді пәндерін жүргізеді.

2004 жылға дейін «Құрылыс» кафедрасы Сәулет-құрылыс институтының (қазіргі инженерлік-құрылыс факультеті) құрамында болып «Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру» кафедрасы деп аталды, 2000 жылдан бастап «Құрылыс конструкциялары», «Құрылысты ұйымдастыру және технологиясы», «Құрылыс материалдары», «Инженерлік геодезия» кафедраларын біріктірген.

Жоғарыда көрсетілген кафедраларды біріктіргенге дейін т.ғ.д., профессор Байтасов Т.М., т.ғ.к., доцент Аканов Е.Б., т.ғ.к., доцент Абдушкуров Ф.Б. кафедра меңгерушілері болды, 2001 жылдан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін «Құрылыс» кафедрасын к.т.н., профессор Бакенов Б.Б. басқарды.

Кафедрада 4 техника ғылымдарының докторы, профессорлар, 12 ғылым кандидаттары , доценттер қызмет етеді. Бүгінгі күні кафедра ғылыми дәрежелері бойынша Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы кафедралар арасында алдыңғы қатарда.

Ғылыми дәрежелері бар оқытушылардың көпшілігі 70-ші жылдардан бастап аспирантураны аяқтаған және кандидаттық диссертацияларын жетекші ҒЗИ және Мәскеу, Киев, Ленинград жоғары оқу орындарында қорғаған.

Кафедра профессорлары мен доценттері оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, нормативтік құжаттарды өңдеуге қатысады, танымал эксперттер және проекттік және күрделі инженерлік тапсырмаларды шешуде Астана қаласының құрылыс ұйымдарының кеңесшілері болып табылады. Олардың қатысуымен жобалауда, ғылыми-техникалық қамтамасыз етуде , авторлық және техникалық бақылау жүргізуімен Қазақстанның астансында көптеген объектілер салынды, соның ішінде «Бәйтерек», Қазақстан Республикасының президентінің резиденциясы, биік ғимараттар «Гранд Алатау», «Emerald Towers», «Хан Шатыры», Қазақстандағы Ресей Федерациясының Елшілігінің ғимараты, «Москва» бизнес орталығы, көпфункционалды тұрғынүй комплекстері және басқа да объектілер. Астана қаласының құрылысына атсалысқандары үшін кафедраның бірқатар профессорлары мен доценттері «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын иеленген және Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық істері бойынша комитеттің құрмет грамотасымен марапатталған. Мамандарды дайындау деңгейін және сапасын арттыру үшін, оқытушылардың практикалық тәжірибесін, құрылыс ғылымында және техникасында қазіргі жетістіктерді негізге алып, Астана қаласының құрылыс тәжірибесін ескере отырып , «Құрылыс» мамандығының жұмыс оқу жоспарына 40-тан астам арнайы курстар енгізіліп, жүргізіледі.

Оқу процесінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіру үшін экспресс-тестілеу әдістері, жаңа технологиядағы өндірістік фото және видеотүсірілімдер лекциялық курстарда оқытудың мультимедиялық әдістерін қолданылып көрсетіледі.

2007 жылы құрылысты жобалауда компьютерлік технологияны қолдану үшін, студенттерді оқытуда пайдалану үшін университет өндірістік, кәсіби бағдарламалық есептік комплекстер класына жататын ПК НИИАС Киев қ. жасалған лицензиялық, сертификациялық бағдарламалар алынды. Бағдарламалар ТМД елдерінің барлығында және алыс шетелдерде кең қолданысқа ие.Бағдарламалық жүйелерді, автоматталған жобалар әдістерін меңгерген кафедра түлектері өндірісте, жобалық фирмаларда қызмет етеді, көптеген жұмыс орындары біздің түлектерді жұмысқа алуға қызығушылық танытуда.

Кафедраның ғылыми және іскерлік қарым-қатынастары тек Астананың және Қазақстанның проекттік және құрылыс фирмаларымен ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелдермен – Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада, Индия, Сингапур және Тайланд.

Кафедра оқытушылары қоғамдық жұмыстарда және жастарды патриоттық тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.

Алдағы уақытта кафедра өндіріспен ғылыми және практикалық салада және халықаралық стандарттарға сай келетін әлемдік білім үрдісімен бірге дамиды.

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar