Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
«Жылу энергетика» кафедрасы инженерлік-құрылыс факультеті мен университет кафераларымен бірлесіп келесі мамандырықтар бойынша «Құрылыс» бакалаврларын даярлайды: «Сумен қамтамасыз ету және канализация» және «Жылумен қамтамасыз ету және желдету». «Жылу энергетика» кафедрасы 1 қыркүйек 2009 жылдан бастап 050717 «Жылу энергетика» мамандығы бойынша бакалаврларын даярлай бастады.
Кафедрада арнайы аудиториялар-лабораториялар бар: су шығару және ғимараттардың санитарлы-техникалық жабдықталуы; сумен қамтамасыз ету және сорғылар; жылутехника және қазан қондырғылары; жылумен газбен қамтамасыз ету және желдету, сонымен бірге арнайы компьютерлік класстарымен жабдықталған.
Мамандарды даярлау Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтар мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Кафедраның лабораториялық базасы оқу жоспарларында қарастырылған сабақтардың барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Кафедраның өндірісте филиалдары бар, бұл өндіріс практикаларын сапалы өткізуге мүмкіндік береді. Мамандықтардың барлық түлектері астана мен Қахақстан Республикасы кәсіпорындарында талап етілген және жұмыспен қамтылған.
Кафедра оқытушылары мен сырттан шақырылған оқытушылар жылу техника, техникалық термодинамика, жылу масса алмасу теориясы, жылу генерациялайтын қондырғылар бойынша сабақ береді, Астана қаласының жоба мекемелерінде сонымен бірге АО «Астана-жылутранзит», «Астана Су Арнасы» негізгі кәсіпорындарында оқу-өндірістік практикалардың барлық түрлері ұйымдастырылып жүргізіледі. Кафедра оқытушылары мен студенттік топтардың кураторлары ретінде тәрбиелік жұмыс жүргізіледі.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: жылумен қамтамасыз ету орталықтандырылмаған жүйелердегі қуаттылығы аз жылу генераторын қолдану мәселесі, жылу желілер құбырларының коррозия процесстерін зерттеу.
Кафедрада екі мамандандырылған лаборатория бар. «Жылумен қамтамасыз ету және желдету» мамандықтың жоғарғы курс студенттеріне келесі профильді пәндер бойынша сабақ жүргізіледі: құрылыс жылу физикасы, жылыту, желдету (вентиляция), ауаны кондициялау және сумен қамтамасыз ету, жылумен және газбен қамтамасыз ету.
Кафедра оқу процессінде компьютерлік техниканы белсенді қолданады. Қазіргі кезде курстық және дипломдық жобалардың есептік бөлігінің көп бөлігі қазіргі заманғы ақпараттық кешендер негізінде орындалады.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: сұйылтылған газ қолдану, вентиляциялық шығарулардың жылуын утилизациялау, түрлі ғимараттардың микроклиматын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде кафедрада қала мен облыс әуе бассейнін өндіріс кәсіпорындардың зиянды шығарулардан қорғау мәселесінде зерттеулер жүргізіліп жатыр.