Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08

Факультет деканы Бәйдібеков Әуез Кеңесбекұлымен сұхбат
Факультет құрамына 6 кафедра кіреді:
Мамандарды дайындау келесі 6 мамандықтар бойынша бітірушілер бакалавр дәрежесін алады:
Факультетте келесі 7 бағыт бойынша магистранттарды дайындау жүргізіледі.
Факультетте РһD докторларын да дайындайды
Факультеттің құрылу тарихы
1964 жылдың мамыр айының 29 жұлдызында Қазақстанның КП ОК және ҚазССР-ның министрлер кеңесі Целиноградта инженерлік-құрылыстық институтын ашу жөніндегі қаулыны қабылдады. 1969 жылы алғашқы түлектер шықты, 119 инженер.
Осы кезең бойынша бітірушілердің саны 18 мыңнан астам адамды құрайды.
Біз Республика экономикасының әртүрлі саласында және шет елдерде жұмыс істейтін түлектерімізбен мақтана аламыз. Біздің бітірушілердің арасында билік адамдары, сенаторлар, депутаттар, министрлер, вице-министрлер, әкімдер және облыс әкімінің орынбасарлары, қалалық және аудандық әкімдер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер бар. Көптеген бітірушілер құрылыстық және жобалық ұйымдарды басқарады.
1994 жылы институт С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің құрамына кірді. Соның негізінде 1996 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті құрылды. Университет құрамындағы сегіз факультет ішіндегі инженерлік-құрылыстық факультет өзінің тиісті жоғарғы орнын алып отыр.
Мұғалімдер құрамы
Факультетте 80-нен астам оқытушылар жұмыс істейді. Оның ішінде 15 ғылым докторы, профессорлар және 40-тан аса ғылым кандидаты, доценттер бар. Негізгі білімімен және жұмыстық тәжірибесімен факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы ҚР «білім беру» жөніндегі заңның барлық талаптарына сай.