Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Әуез Кеңесбекұлы Бәйдібеков «Жастар техникалық мамандықтарға қызығады»
Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Білім ордасының мемлекеттік және халықаралық дәрежедегі жетістіктері жайында көптеп айтуға болады. Оның бәрі осы жерде еңбек етіп жатқан білікті мамандар мен оқытушы-профессорлардың арқасында жүзеге асуда. Жаңа 2010-шы оқу жылы қарсаңында біз оқырман қауымын Еуразия ұлттық университетінің бүгінгі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты хабардар ету мақсатында факультет декандарымен сұхбаттар топтамасын ұсынамыз.
- Әуез Кеңесбекұлы, факультетте жастарға білім берудің басым бағыттары туралы айтып берсеніз?
- Біздің факультеттің құрамында 70-тен астам оқытушылар қызмет етуде. Олардың ішінде 15 ғылым докторы және 40-тан астам ғылым кандидаты бар. 2006 жылдан бастап енгізілген кредиттік технологияға сәйкес бізде бакалавриат бойынша 5В 050729 – «Құрылыс», 5В 050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», 5В 050717- «Жылу энергетикасы», 5В 050711 – «Геодезия және картография», 5В 050901 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және 5В 050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтарға қабылдау жүргізіледі. Студенттерге құрылыс материалдары, техникалық термодинамикасы, геодезия, арнайы көлік түрлері, метрология және басқа да пәндер бойынша дәрістер оқылады.
- Биыл факультетке канша талапкер құжат тапсырады деп есептейсіз? Өткен жылдармен салыстырғанда олардың саны қаншаға өсті? Бұл үрдісті Сіз немен байланыстырасыз?
- Өткен жылдардың статистикасына үңілсек, биыл 400-дей студент оқуға қабылданады деген болжам бар. Ағымдағы жылы бөлініп шыққан Сәулет, бейнелеу өнері және дизайн факультетін есепке алмағанда, бізге жыл сайын 300-400 адам студент қатарына қабылданады. Жалпы, бүгінде талапкерлердің техникалық мамандықтарға деген қызығушылығы жоғары болып тұр. Сондықтан бұл мамандықтарға қабылдау көрсеткіші өсіп келеді.
- Мектептен келіп жатқан талапкерлердің білім денгейіне қандай баға берер едініз?
- Факультетке түсетін студенттердің білім деңгейі өте жоғары. Себебі талапкерлердің 90%-ы - мемлекеттік гранттың иегерлері. Қазіргі таңда факультетімізде 63 «Алтын белгі» иегері оқиды. Олар өз білімдерін тек «өте жақсы» деген бағаға көрсетіп келеді.
- Алдағы оқу жылы талапкерлер үшін қандай жаналықтармен басталмақ?
- Жаңа оқу жылында еңгізілетін жаңашылдықтар ішінде VIP-дәрістер, республикалық және қалалық деңгейдегі түрлі семинарлар, жаңа технологиялар, өндірістік құрылыс технологиясы, өлшеп жобалау, сондай-ақ құрылыстың практикалық сабақтар бар.
- Студенттерге білім берудің практикалық жағы қалай жүргізіліп келеді?
- Біздің студенттер жыл сайын елордадағы оқ бойы озық компаниялар мен өнеркәсіп ошақтарында өндірістік іс-тәжірибеден өтіп отырады.
- Сіздің факультетіңізді бітірген түлектерге еңбек нарығындағы сұраныстың денгейі қандай?
- Факультет түлектері бүгінгі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Біздің мамандарға көптеген жұмыс беруші компаниялар қызығушылық танытып, университетімізде жыл сайын өтетін түлектер жәрменкесі барысында жұмысқа көптеп шақырып отырады.
- Факультетте оқып жатқан студент-жастардың университеттің ғылыми және мәдени қоғамдық өміріне араласуы жайында айтып берсеңіз?
- Факультетте оқып жатқан студент-жастардың университеттің мәдени - қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып отырады. Осы іс-шаралардың ішінде «Студент қатарына қабылдау», «Қыз Жібек», «Ер жігіт» сайысы, «Наурыз», «Жаңа жыл» дәстүрлі мерекелері, КТК жарыстары және тағы басқасы бар. Сондай-ақ біздің өнерпаздарымыз университет филармониясының құрамында өнер көрсетеді.
- Әңгімеңізге рахмет!