Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Факультеттің мәдени және қоғамдық өмірі

Білім беру жүйелеріндегі өзекті міндеттердің бірі ЖОО-да тәрбие жұмыстарының нәтижесін жоғарылату болып табылады. Тәрбиелік жұмыстың басты бағыттары: студенттердің дүниетанымын қалыптастыру, адамның ақпараттық мәдениеті, кәсіпшілік ойлауы, азаматтық-патриоттық, адамгершілік-құқықтық тәрбие, жанұялық құндылықты тәрбиеленуі, сонымен қатар экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қауіпсіз тіршілік әрекеті мәдениеті, студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мәдени-бұқаралық жұмыстар

Факультеттегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру оқытушы-профессорлар құрамы, кафедра меңгерушілері және топ кураторларының белсене қатысуымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ студенттер арасында тәрбиелік, ақпараттық үгіт насихат жұмыстарын жүргізуімізге де біздің студентеріміздің белсенділігі қажет.

Айта кететін болсам факультетте студенттердің өзін-өзі басқару органдары яғни қоғамдық деканат жұмыстары тиянақты атқарылып жатыр. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап бұл жұмысты 2 курс, РПЗС-21 тобының студенті Жағыпарова Жанат өз қолына алған болатынды. Оның басты міндеті оқу және ғылыми жұмыс болғандықтан әр айда екі рет старосталарды жинап, атқарылып жатқан жұмыстарымен және академиялық топтың оқу үлгерімдері, сабаққа қатысулары жайлы есеп алып тұрады.

Сондай-ақ факультетте белсенді жұмыс істеп жатқан ЖІК. Қараша айынан бастап ЖІК төрағасы етіп 3курс, Сәу-31 тобының студенті Аппазова Әлия тағайындалды. Өз ісіне тиянақты, өте белсенді қыздарымыздың бірі, және қасындағы көмекшілері де әр топтың белді- белсенді студенттері.

01.09.09. сағат 9:30-10:30 аралығында ЦИСИ корпусы алдында 1-ші қыркүйек «Білім күніне» байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Концерттік бағдарлама дайындалды. Бағдарламаны Аппазова Алия мен Бижанов Рим жүргізді. Студнттерге жылы лебізін білдіріп құттықтау үшін сөз басын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, академик Р.Е. Берсембаев мырзаға берілді. Сондай-ақ 1-ші курс студенттерін құттықтау үшін ИҚФ деканы Т.М. Байтасов, ФЕН деканы Н.Л. Шапекова және ФТФ деканы Қ.А. Күдербеков сөз алып, кафедра меңгерушілерімен таныстырды. Кафедра меңгерушілері студенттерді кафедраларымен және топ кураторларымен таныстырып іс-шара өз жалғасын тапты.

05.09.09 сағат 14:00-де бас ғимараттың концерт залында ЕҰУ-нің ректоры профессор Б.Ж. Әбдірайым мырзамен кездесу өткізілді. ИҚФ-нің 1-ші курсының «Алтын белгі» иегерлері толық қатысты.

11.09.09 сағат 19:00-де Ораза айына байланысты факультетте оқитын студенттер ішінде ораза тұтқан студенттер тізімі жасалып, факультетте арнайы дастархан жасалып «Ауыз ашар» берілді.

Осы арада ЖІК-тің атқарған жұмыстарын да айта кетуім жөн деп есептеймін.

31. 10. 09 ИҚФ-нің студенттері «Мега сауда, ойын-сауық орталығында» яғни 6-шы кинопаркінде Қалалық деңгейде «Хеллоуин» мерекесін ұйымдастырды. Әр түрлі ойындар өткізіп, факультеттің өнерлі студенттерінің акциялық концерті қойылды.

Сондай-ақ қараша айының 11-ші жұлдызында ЦИСИ ғимаратының, 405 ауд.-да «Инженерлік графика және геодезия» кафедрасының студенттерінің қатысуымен ҚР Жер басқармасының төрағасының орынбасарының қатысуымен «Ашық сұхбат» өткізілді. Кафедра меңгерушісі А.К. Байдабеков, оқытушы-профессорлар және сол кафедраның студенттері кездесуде болды.

17. 11. 09. "Студенттер күні» мерекесін студенттеріміз қалалық деңгейде «Мега сауда, ойын-сауық орталығында» өткізді. ЖІК мүшелері және факультет студенттері қызықты ойындарымен және концерттік бағдарламасымен көңілді кеш ұйымдастырды.

30. 11. 09. Оқу-зертхана ғимаратының, концерттік залында ҚР-ң эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Шапағат нұры» атты қайырымдылық кеші өткізілді. Бұл іс-шараны да ұйымдастыруға факультетіміздің студенттері барынша ат салысты. Қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге концерт қойды.

05. 12-10. 12. 09. Республикалық «Біз тәуелсіздіктің құрдастарымыз» атты форум және «Үздіктер құрылтайы» аясында делегаттарға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылды. Оларды қарсы алу, орналастыру, экскурсия жасату, мәдени шаралар ұйымдастыру ЖІК мүшелерінің міндетінде болды.

10.12.09 ж. «Сәулет» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік» мерекесіне байланысты корпусымыздың бірінші қабатында мерекелік баннер ілініп, студенттердің плакат көрмесі және «Фото клубтың» «Менің Қазақстаным» атты көрмесі қойылды.

11. 12. 09. ЦИСИ ғимаратының 110 ауд.-да Тәуелсіздігіміздің 18 жылдық мерекесіне орай ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты экономика ғылымдарының кандидаты Есілов Сансызбай Сейтжанұлы мырза қонаққа шақырылды. Кездесу соңында факультет деканы «Дизайн» кафедрасының оқытушысы Байбосын Мұхтар Қайратұлының картинасын факультет атынан сыйға тартты. Мереке соңында факультеттің өнерпаз студенттерінің ұйымдастыруымен «Елім менің, Қазақстан» атты концерттік бағдарлама қойылды.

24. 12. 09. Бас ғимараттың атриумында Университет қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Факультетте алдын ала тізім жасалып, бүлдіршіндердің жылдық киіммен келулері жайлы айтылған болатын. Балалар концерт көріп, сыйлықтарын алып мәз-мейрам болды. Бұндағы концерттің ұйымдастырылуына да факультетіміздің ЖІК мүшелері белсене қатысты.

25.12.09. Университеттің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық кеш болды. Әр факультет дастархан жайып, дайындаған концерттік номерлерін қойды.

Әлеуметтік саясат

Университеттің әлеуметтік саясаты жұмыс істеуге жақсы жағдай жасауға, демалыс пен шығармашылық табыстың дамуына, студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді қолдануына бағытталған.

Университетіміздегі әлеуметтік көмектің негізгі аспектілерінің бірі студенттерді тегін тамақтандыру. Бұл дәстүр бірнеше жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Бұндай көмек факультетімізде оқитын мүгедек балалар мен жетім балаларға және «Алтын белгі» иегерлеріне деген үлкен қамқорлық болып есептеледі. Сондай-ақ ай сайын қала әкімшілігі беретін жол жүру билеттерін көп балалы отбасынан шыққан студенттеріміз пайдаланатын болса, университетіміз ақылы бөлімде оқитын мұқтаж категориялы студенттеріміз және аз қамсыздандырылған студенттерді тегін жол жүру билетттерімен қамтамасыз етіп өз қамқорлығыныа алып отыр.

05.09.09.ж. Алтын белгі иегерлері ішінде әлеуметтік жағдайы төмен студенттер тізімі жасалып өткізілді.

07.09.09 ж Тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасынан шыққан студенттер тізімі жасалып құжаттары жинақталып өткізілді.

22. 11.09. Жолымбет ауылындағы балар үйінің балаларымен кездесуге факультет болып дайындалдық. Алдын ала хабарландыру жасалды, әр кафедраның оқытушы-профессорлары мен студенттері өз мүмкіндіктерінше ақшалай және балаларға керекті деген заттармен көмек көрсетті. Концерттік бағдарлама сценариі дайындалып, бүлдіршіндермен қызықты ойындар өткізілді. Факультет атынан үлкен әлеуметтік көмек жасалды.

Факультетімізде бүгін ғана яғни 15.01.2010 ж. ЦИСИ түлектері А.Қ. Жұмабаев, Ш.Ж. Мырзабеков, Н.Ж. Бекетаевардың көмегімен «Құрылыс» кафедрасынан компьютер сыныбы ашылды. Ашылу рәсіміне ЕҰУ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, академик Р.Е. Берсембаев мырза және қадірлі қонақтарымыз яғни демеушілеріміз келді. Дастархан жайылып ашылу рәсімі жасалды. Факультет деканы Т.М. Байтасов және «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Жүсіпбеков мырзалар қонақтарымызға факультет жайлы слаидтар көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Демеушілерімізге алғыс ретінде университет атынан «Күлтегін ескерткіші» бейнеленген ескерткіш сувинирлері сыйға тартылды.

Патриоттық тәрбие

Патриоттық тәрбие жастардың ұлттық ақыл-ойымен, патриоттық сезімімен тығыз байланыста. Сондықтан мемлекетіміз бен қоғамымыздың алдындағы өзекті мәселенің бірі-болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және азаматтық қалыптастыру. Патриоттық тәрбиенің көрсеткіші-студенттердің патриоттық шараларға қатысуы, өз елінің өткен тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге елін қорғауға, өз мемлекетінің өркендеуі үшін жұмыс істеуі болып табылады.

13.10.09 сағат 10:30-да ЕҰУ-нің оқу-зерттеу ғимаратында ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісін жүргізілген трансляциядан тыңдауға ИҚФ-нен 200-ден астам студен барып қатысты.

17.10.09 сағат 19:00-21:00 «Орталық циркте». Факультетіміздің 500-ге жуық 1-курс студенттері, студент қатарына салтанатты түрде қабылданды. Факультет көрінісін шығаруға ГК-11 тобының студенті Қ. Жаминов, СТР-12 тобының студенті Т. Уртанбаев, Арх-12 тобының А. Джумадуллаева ат салысты.

21.10.09 сағат 16:00-де Әлеуметтік ғылымдар факультетінің акт залында прокуратура қызметкерлерінің «Жастардың құқықтық тәрбиесі және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. ИҚФ-нен 30-студент яғни Диз-11, СМС-13 топтары қатысты.

23.10.09 сағат 16:00-де ЗФ ғимаратында 225 ауд.-да оқылған дәріске ИҚФ-нен 12 стуент қатысты. Стандарттау, метрология және сертификация кафедрасының аға кураторы К.Ү. Тоғызбаев жауапты болды.

24.10.09 сағат 17:00-де Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің 75-жылдық мерей тойына байланысты елбасымыз

Н.Ә. Назарбаевтың оқыған дәрісіне байланысты талдау болды онда «Құрылыс» кафедрасының профессоры Т.А. Толқынбаев өте тамаша түсініктеме берді, сондай-ақ Стр-12 тобының студенті Т. Уртамбаев, СМС-13 тобының студенттері, Айтбаев Еркебұлан, Шонаева Шұғылалар өз ойларын айтып, отырысты қорытындылады.

20.10.09 ж. «Қазақ елі» Монументінің ашылу рәсіміне ИҚФ-нің

барлық оқытушы-профессорлар құрамы, кафедра меңгерушілері және топ кураторлары мен студенттері толық қатысты.

Сонымен қатар қараша айының басында Университетіміздің «Жас Отан жастар қанаты» төрағасы И.В. Несин және факультет бойынша «Нұр Отан»-ға жауапты А.Б. Сейсекееваның есептері тыңдалды.

13.01.10 ж., сағ. 15:00 Республикалық Ұлан 0112 әскери бөлімінде өткізілетін мерекелік іс-шараны тамашалауға ИҚФ-нен жас қыздарымыз барды.

Студентердің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықты алдын алу

Университеттің жергілікті полициясының міндетіне тәртіп орнату, тәртіп бұзушылықпен күрес, және студент жастарының арасында тәртіп бұзу қақтығыстарын болдырмау жатады. Бұл міндетін университетімізде кәзіргі уақытта жергілікті полиция қызметін атқарып жүрген Ғ.Қ. Құтемгенов өз мәнінде атқарып жүр деп айта аламын. Жатақхана студенттерімен ішкі тәртіптің сақталуы жайында сұхбаттар жүргізуде.

Оның бір айғағы жатақханада өрескел тәртіп бұзған 3 курс, ВК-31 тобының студенті Кенжебаев Бағлан 2009 жылдың 18-ші қарашасы күні біреудің рұқсатнамасымен №4 жатақханаға кірмекші болған жерінен ұсталған, бұл «Студенттер күні» болған оқиға. Ертеңінде 19.11.2009 ж. тағыда осы студент жатақхана терезесінен пакетпен 20 бөтелке сыра және «Хаома» ақ арағын кіргізіп жатқан жерінен учаскелік полицияға ұсталып қалған.

Хат келісімен бұл студентті дереу Факультет деканына шақыртылып «Инженерлік коммуникация» кафедрасының меңгерушісі Әбиров А.А.-тің көзінше студенттен түсініктеме алыныпды. Б. Кенжебаевқа декан қатаң сөгіс беріп және жатақханадан шығарылсын деп жариялады.

Қазан-қараша айларында жергілікті полициясының қатысуымен бірнеше кездесу өткізілді. Соның бірі қараша айында өткен «Студенттердің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің эксперті Қ.Ж. Түменбаевтың қатысуымен полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Факультеттің жетпіске жуық жоғары курс студенттері (тек ер балалар) қатысты. Бұл кездесуде көптеген негізі мәселелер сөз болды. Студенттер арасындағы қақтығыстар, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, алаяқтық, тонау, ұрлық, жатақханадағы ұрлық жайлы тағы көптеген мәселелер сөз болды. Студенттерде өз көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Кураторлық жұмыс

Студент жастарды тәрбиелеу ісінде кураторлар белсенділік танытулары қажет. Университетке алғаш келген күінен бастап куратордың көмегімен ғимараттын, кафедрасын, факультетін танып біледі. Кураторлық сағаттар арқылы университет өмірімен, тәртіп, киім кию және т.б. көптеген тақырыптармен танысады. Жалпы алғанда тәрбие жұмысы жастар тәрбиесінде куратордың ролі үлкен. Студенттердің жұмыс бағытын дамытуға, кәсіби маман болуға әр куратордың белсенділігі олардың көзқарасын қалыптастырады. Жаңа оқу жылынан бастап әр кафедрада топ кураторлары бекітіледі. Осыған сәйкес кураторлар жұмыс жоспарларын жасайды.

Әр кураторлық топтарда студенттердің жеке ақпараттық папкасы бар, сондай-ақ бр жылға арналған тәрбие жұмысының жоспары жасалған. Факультетте тәрбие жұмысы бойынша жылдық жоспар бар, онда кураторлық сағаттардың жобалау жоспары да бар, міне осыған сүйене отырып кураторлар өз жұмыстарын жүргізеді. Университетте өткізіліп жатқан әр іс-шараға кураторлар өз студенттерімен бірлесе отырып қатысады. Кураторлар сонымен бірге студенттердің сабаққа қатысуларын қадағалап отырады.

Салауатты өмір салты

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ салауатты өмір салты орталығы жобасының орталығы болғандықтан, СӨС-ті насихаттау мен студенттер мен оқытушыларды спортпен айналысуға белсенді түрде жұмылдыру мақсатында университетте «Денсаулық күні» белгіленген. Факультет студенттері бос уақыттарында спортпен шұғылдануға тырысады.

Қыркүйек айында өткізілген жеңілатлетикалық кросқа факультет студенттері өз шамалары келгенше қатысты.

08.11.09 ж. ТЭ-11 тобының топ басшысының ұйымдастыруымен мини футбол өткізілді. Футболға әр факультеттің 1 курс студенттерінен құрылған командалар қатысты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаларға факультет ЖІК-нің көмегімен дайындалынған марапаттау қағаздары табыс етілді.

Сондай-ақ университетімізде 1 курс студенттері арасында өткен спартакиадада: баскетболдан ИҚФ-нің қыздар командасы командасы 3 орынға ие болды, стол теннисінен 3 орын алды, сонымен қатар шахматтан 2 орынға ие болды.

07.11.09 ж. Ұлттық теннис орталығында өткен президент кубогына ел басы Н.Ә. Назарбаевпен бірге біздің факультеттен 38 студент те жанкүйер ретінде қатысты. Танымал шет ел әншісі Доктор Албанның концерттік бағдарламасымен аяқталды.

23.11-24.11.2009 ж. ИҚФ-нің Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен (ЖІК төр. көмекшісі Т.Уртанбаев) Қан тапсыру орталығы ЦИСИ корпусының 134 аудит. орналасты. Әр факультет үшін кесте құрылып, кезектесе отырып студенттеріміз науқас балалар үшін қан тапсырды.

Этноконфессионалды келісім

Қазақстанның демократиялық дамуының басты мақсаты көп ұлтты мемлекетіміздің азаматтарының құқықтары мен мүмкіндіктері барлық Қазақстандықтар үшін бірдей екендігін студенттерге түсіндіру. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, сондықтан ұлттық рухтағы еліміздің болашақ саналы азаматын тәрбиелеу біздің парызымыз. Соның ішінде мемлекеттік тілді дамыту ерекше орын алады. Бұл кураторлық сағаттардың да басты тақырыбы болып саналады. Факультеттегі орыс тобында оқитын студенттерге ана тілінде сөйлеуге көп ықпал етудеміз. Көбіне орыс топтарында оқитын студенттеріміз барлық емтихандарын бестік бағаға тапсырып өз туған ана тілінен үштік не төртік баға алғандар бар, соларға қазақша үйретуді қолға алдық.

2009 жылдың қараша айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Халықтар Ассамблеясының XV сессиясының салтанатты жиынын тамашалауға факультеттің белсенді студенттері барды.

Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысы

Тамыз айының 25-нен бастап ИҚФ-не түскен алтын белгі мен грант иегерлеріне жатақханадан орын беру шаралары жүргізілді. №4-ші студенттер үйінде кезекшілік атқарылды. Биылғы 2009-2010 оқу жылында университетімізге түскен студенттер санының екі есеге артуына байланысты біраз қиындықтар туындады, бірақ соған қарамастан бұрынан тұрып жатқан студенттердің тілін тауып, орын тауып 1-ші курс студенттерін толық жатақханаға орналастыруға ат салыстық.

Биылғы оқу жылының басынан бастап жатақханадан орын сұраған студенттердің өтініштері қаралып, өтініш білдірушілердің барлығы жатақханаға орналастырылды.

12.01.2010 ж. ИҚФ кеңесінде студенттік жатақханалардағы тұрмыстық жағдайлардың күйі туралы есеп жасадым. Онда мен мына мәселелерді қозғаған едім.

Жатақхана мәселесі университеттің ерекше аспектісі болып табылады. Жатақханада тұруға тілек білдірушілер саны жылдан-жылға өсуде.

Осы оқу жылында жатақханаға орналастыру тәртібі өзгергенін айтып өтуім жөн деп есептеймін, бұл мәселені Тәрбие ісі жөніндегі проректорымыз Л.А. Есмұхан өзі қолға алып, қатты қадағалап отыр. Жатақханадан орын тек қана Тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңестің шешімімен ғана беріледі. Тазалық ұстанымы барынша қолданылды, әрбір деканнан әрбір бірінші курстарды орналастыруға негіздемесі бар бағытпен жұмыс істеді. 2008-2009 оқу жылындағы жатақхана ережелерін бұзбай жатақханада тұрған студенттер, студенттер үйі директорының ұсынысымен қайта ұсынылып, жатақханаға орналастырылды және жатақхана ережелерін бұзған студенттер комиссияның қарауы негізінде жатақханадан шығарылды. Оқу жылының соңында бұл мәселе шешілген болатын, комиссияда мен өзім де болдым сағат 09:00-ден түнгі 11,12:00-ге дейін отырған кездеріміз болды.

Бүгінгі күндері жатақханада орын жетіспеушілік мәселесі әлі де бар, факультетте білім беру грантымен оқып жатқан студенттермен бірге келісім-шартпен оқып жатқан студенттерімізге де отбасы жағдайларына байланысты орын керек. Қазір барлығы студенттер үйінде 4 000 мыңға жуық студент тұрады, ал жоба бойынша 1 840 студент тұруы керек, яғни жатақханада тиісті орынға екі еседен көп студент тұрады. Сондай-ақ жатақханада орын жетім балаларға, кемтарларға тегін беріледі, одан кейінгі кезекте оралмандардың балаларына, көпбалалы отбасынан шыққандарға және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына бірінші кезекте беріледі. Студенттер үшін тұрғын орынға орташа есеппен 10 120 теңге жылына төлейді.

2008 жылдың қазан айынан бастап студенттер үйінде спортты дамыту үшін №3 студенттер үйінде тренажер залы ашылып, сонымен қатар №3, №4, №5 студенттер үйінде теннистік столдар орнатылып, пайдалануға берілді.

Өткен жылдың қараша айынан бастап студенттер үйінде тіл курстары ұйымдастырылып жүргізілуде, қазақ, орыс, қытай тілдерінен дәрістер беріледі, мұнда сабақ жүргізетіндер оқытушылар жоғары курстың студенттері.

2009 жылдың басынан бастап барлық студенттер үйінің оқу залдарында WI-FI желісіз интернет жүйесі қосылған, студенттер үйінде әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды орнықтыру мақсатында буфеттер ашылған. Бір сөзбен айтқанда жатақханаларда студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған.

Инженерлік-құрылыс факультетінде білім алып жатқан студенттер саны 1444 болатын болса оның 1000-ға жуығы ЕҰУ-нің жатақханаларында тұрады. Биылғы жылғы түскен яғни 1 курс студенттерінің саны 496 болатын болса оның 20-сы «Алтын белгімен» бірден жатақханадан орын алды, ал білім беру грантымен түскен студенттер саны 385, оның 252-сі оқу жылының басында конкурс арқылы өтіп жатақханадан орын алды. Өздеріңізге белгілі биылғы жылы біздің факультетке түсушілер саны екі есеге көбейгені. Бірінші курс студенттерін орналастыру да бірталай қиындықтар туғызды, барлық факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары кезекшілік атқарып өз студенттеріміздің дұрыс орналасуларына өз үлестерімізді қостық. Университет ректорының өзі қадағалап, тексеру жүргізді.

Қыркүйек айынан бастап факультетіміздің 30 студентіне жатақханадан орын алуларына жағдай жасалды,

Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar