
 
Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Баспасөз және баспа ісі
Мекен - жайы: Астана қаласы, А.Янушкеевич көшесі, 6 - үй, 305- кабинет, тел: 8 (7172) 48-43-30.
Кафедра меңгерушісі: филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының 2007 жылғы иегері Сақ Қайрат Өмірбайұлы.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы:
Кафедрада Қазақстан Президенті БАҚ саласы бойынша сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО профессоры Н.Омашев, республикалық «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының Президенті, филология ғылымдарының докторы С.Абдрахманов, Қ.Р. журналистика академиясының академигі, Қ.Р. Білім беру ісінің құрметті қызметкері А.Ө. Сандыбай, Білім және ғылым министрлігінің БАҚ жөніндегі кеңесшісі М. Тәж-Мұрат филология ғылымдарының докторлары, профессорлар: Ә.Ишанова, М.Шындалиева, С.Е. Тапанова, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Т.Мәмесейіт, М.Мұқашева, Г.Болатова, А.Есдәулетов, М. Қ. Жақып, С.Қисымов, Ғ.Ақсейіт, оқытушылар: Д.Мельников, Г.Ертасова, Д.Бисембина Ф.Ә. Бижанов, Э.Е. Ибраева сынды тәжірибелі журналистер еңбек етеді.
Кафедраның қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек өлшеусіз үлес қосты.
Кафедра тарихы
1998 жылы іргетасы қаланған журналистика кафедрасының негізінде 2009 жылы ашылған баспасөз және баспа ісі кафедрасында «050504–журналистика» (бакалавр)», «6N0504–журналистика» (магистр) мамандары даярланады. 2009-2010 оқу жылынан бастап «050422-баспа ісі» мамандығы бойынша талапкерлер қабылдау алғаш рет жүзеге асырылды. Кафедрада білім алушы болашақ журналистер мен баспагер-редакторлар мына бағыттар бойынша: -Отандық және шетелдік баспасөз орындарында; -Отандық және шетелдік ақпарат агенттіктері мен мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметінде;
-Отандық және шетелдік баспалар мен полиграфия кешендерінде; -Қазақстан мен шетелдердегі саяси, әлеуметтік, маркетингтік және консалтингтік құрылымдарда;
-Қазақстан мен шетел жарнама агенттіктерінде;
-БАҚ редакцияларында редактор болып қызмет істей алады.
Негізгі лекциялық курстар:
Журналистикаға кірісіпе, Журналистік шағрмашылықтың ғылыми-зерттеу аспектілері, Стилистика және редакциялау.
Базалық пәндер:
1. Журналистикаға кіріспе
2. Публицистік шығармашылықтың негіздері
3. Кітаптану
4. Редактордың шығармашылық негіздері
5. Баспа ісінің құқықтық негіздері
6. Журналистикадағы менеджмент және маркетинг
7. Шетел журналистикасы
8. Қазақ журналистикасының тарихы
9. Интернетжурналистика
10. Этика, заң шығарушылық және БАҚ
11. Стилистика және редакциялау
12. Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар
Кәсіптендіру пәндері:
1. Бұқаралық коммуникация құралдарының тілі мен стилі
2. Журналистік шеберлік
3. Журналистика бойынша шеберлік сыныбы
4. Газет, журнал, телебағдарлама шығару
5. Интернет басылым технологиясы
6. Ғылыми танымдық журналистика
7. Саясаттану және журналистика
8. Баспа ісі ерекшеліктері
9. Алаш публицистері шеберлік мектебі
10.Бейнемонтаж және телебағдарлама жасау технологиясы
11.Журналистің сөйлеу мәдениеті
12. Баспасөзді безендіру технологиясы
13. Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі
Мамандыққа сәйкес арнайы курстар
Журналистік шығармашылықтың ғылыми-зерттеу аспектісі
Профессор Н.Омашевтің шығармашылық зертханасы
Профессор А.Сейдімбектің шығармашылық зертханасы
Алаш публицистикасы: таным, тағлым, тәжірибесі
Кафедраның тәжірибелік базалары
Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті, «Нұр-Астана», «Астана ақшамы», «Ел», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар, «Фолиант» , «Еуразия университеті» т.б. баспалар.
Кафедрадағы профессор-оқытушылары мен арнайы шақырылған тәжірибелі журналистер
1. Сақ Қайрат Өмірбайұлы
2. Омашев Намазалы Омашұлы
3. Абдрахман Сауытбек Абдрахманұлы
4. Сандыбай Аяған
5. Тәж-Мұрат Мақсат
6. Ишанова Асима Калимовна
7. Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы
8. Тұрлыбек Мәмесеиіт Ілиясұлы
9. Мұқашева Мәншүк Тынышқалиқызы
10. Тапанова Сәуле Есембекқызы
11. Есдаулетов Айтмұханбет Оразбаевич
12. Қисымов Сембай Қисымұлы
13. Жақып Мырзантай Қожабайұлы
14. Болатова Гүлжауһар Жамбылқызы
15. Ақсейіт Ғалия Манатқызы
16. Мельников Дмитрий Николаевич
17. Ертасова Гүлжазира Құдайбергенқызы
18. Бисембина Динара Асқарқызы
19. Бижанов Фархат Әлібекұлы
20. Ибраева Эльмира Ерікқызы
.
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
1. Қазақ журналистикасының тарихы
2. Баспасөз теориясы мен тәжірибесі
3. Публицистикатану
4. Кітаптану
5. Алаш публицистикасы
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының ғылыми-тәжірибелік қызметі
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кафедра ұжымы негізінен филология ғылымдары бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады; халықаралық, республикалық конференция, семинарларға қатысып, үнемі ғылыми еңбектер жариялап отырады. Ізденушілердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды. Ғылыми жұмыстарға, ізденушілердің авторефераттарына, аяқталған ғылыми жұмыстарға қорытындылар беріп отырады. Кафедра профилі бойынша шет елдердің жоғары оқу орындарымен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағытында байланыс жасайды.
Магистратура, докторантура
«6N0504 – журналистика» мамандығы бойынша магистранттар даярланады.
2010-2011 оқу жылында «6D050400-журналистика» мамандығы бойынша PhD докторантура ашу мақсатында жұмыс жүргізілуде.
Диссертациялық Кеңес
Кафедра профессоры Омашев Намазалы Омашұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетіндегі 10.01.10 журналистика мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты, докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А0222 - Диссертациялық Кеңестің белді мүшесі болып табылады.
- Xабарландыру
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!
толығырақ
- Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері
толығырақ
- 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді
толығырақ
- Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу
толығырақ
- 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!
толығырақ
- 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді
толығырақ
- 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді
толығырақ
- 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді
толығырақ
- «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп
толығырақ
- 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді
толығырақ
-
- Статистика посещений
- За сегодня:
1271
- За неделю:
3027
- За месяц:
37453
- Всего:
490535