Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Факультет туралы ақпарат

Факультет деканы Намазалы Омашевпен сұхбат


2010 жылдың 5-ші мамырында университеттің Ғылыми кеңесінде ректордың № 704 – Ж бұйрығымен журналистика және саясаттану факультеті ашылды.

Факультеттегі оқыту үрдісінде журналистика мен саясаттану ғылымдарының бай дәстүрі сақталған. Мұнда заман талабына сай озық технология мен соңғы үлгідегі оқу-әдістемелік құралдар пайдаланылады.

Факультетте шеберлік сабақтарын белгілі және кеңінен танымал журналистер жүргізеді. Мысалы, қоғам қайраткері, «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының бірінші президенті Ғаділбек Шалахметов, ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика жөніндегі Дүниежүзілік ORBICOM ұйымының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Намазалы Омашев, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, сонымен қатар белгілі саясаттанушылар - ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Венера Жексембекова, диссертациялық кеңестің төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жаңылжан Жүнісоваларды атауға болады. Факультетте ҚР ЖМ ҰА 2 академигі, журналистика академиясының 3 академигі, 10 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты, 1 Рһ.D докторы, 4 ҚР БҒМ «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, 2 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 4 ҚР мәдениет қайраткері қызмет етеді.

Факультет оқытушылары түрлі халықаралық ғылыми конференциялардың жұмысына қатысып грант иегерлері атануда.

Журналистика және саясаттану факультетінде мынадай мамандықтар бойынша маман даярланады:

Бакалавриат:

5В050400 – Журналистика

5В042200 – Баспа ісі

5B050200 – Саясаттану

Магистратура (профильдіжәне ғылыми-педагогикалық):

6М050400 – Журналистика

6М042200 – Баспа ісі

6M050200 – Саясаттану

Ph.Dдокторантурасы:

6D050400 – Журналистика

6D050200 – Саясаттану

Факультетте үш кафедра жұмыс істейді: телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы, баспасөз және баспа ісі кафедрасы, саясаттану кафедрасы.

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2009 жылдың 26 ақпанында құрылған.

Кафедра меңгерушісі- ҚР журналистика Академиясының академигі Ғ.М. Шалахметов. Кафедраның оқытушы–профессорлар құрамында белгілі ғалымдар мен тәжірибелі журналистер қызмет істейді: филология ғылымдарының докторы, профессор С.Ш. Тахан, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Р.Ш. Нуриден, О.І. Тұржан, Ұ.М. Есенбек, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Қасен М., PR, телевидение мен радионың майталман шеберлері – Р.К. Аманжолова, Т.М. Тампаева, Ш.Н. Қазығұлов, Г.Ә.Қаракөзова және басқалар.

Кафедра түлектері мына бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

- телевидение және радиожурналистика

- теле және радиожүргізушілер

- бизнес-журналистика

- БАҚ менеджері

- продюссер

- жарнама агенті

- паблик-рилейшнз баспасөз қызметі

Баспасөз және баспа ісі кафедрасы 1998 жылы ашылды. Кафедраның қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.С. Сейдімбек өлшеусіз үлес қосты.

Қазіргі уақытта кафедраны ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сақ басқарады.

Кафедра түлектері:

  • Отандық және шетелдік баспасөз бен электрондық БАҚ-та;
  • Отандық және шетелдік ақпарат агенттіктері мен мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметінде;
  • Отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендерде;
  • Отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардағы баспасөз қызметтерінде;
  • Қазақстандағы және шетелдегі қоғаммен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелерде;
  • Қазақстан мен шетелдердегі саяси, әлеуметтік, маркетингтік және консалтингтік құрылымдарда;
  • Жарнама агенттіктерінде;

· Желілік ақпарат құрылымдарында қызмет істей алады.

Кафедрада филология ғылымдарының докторлары, профессорлар: Н.О. Омашев, С.А.Абдрахманов,

Ә.Қ.Ишанова, М.Б.Шындалиева, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Т.І.Мәмесейіт, М.Т.Мұқашева, А.О.Есдәулетов, Г.Ж.Болатова, С.Қ.Қисымов, Ғ.М.Ақсейіт және т.б. тәжірибелі мамандар еңбек етеді.

Саясаттану кафедрасы 1999 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі - саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Нечаева. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамын: саясаттану ғылымдарының докторлары – Ж.Х. Жүнісова, Н.К. Қалиева, Р.А. Нұртазина, М.Ш. Қалиева, доценттер – Г.Б. Аскеева, К.К.Кенжебаева, Ұ.К. Жанатаева, М.Т. Илипов, М.Ю. Онучко, PhD докторы Ж.М. Сәбитов және т.б құрайды.

«Саясаттану» мамандығының түлегі мынадай қызметтер атқара алады:

· талдаушы;

· сарапшы;

· кеңесші;

· имиджмейкер;

· шиеленістануші;

· саяси технолог;

· жұртшылықпен байланыс маманы;

· саяси кеңесші;

· сыртқы саясат және халықаралық қатынастар маманы;

· орта және орта-кәсіптік оқу орындарының оқытушысы.

PhD докторантурасы. «Журналистика» және«Саяси ғылымдар» мамандықтары бойынша PhD докторларын дайындаудың мемлекеттік бағдарламасын енгізу үшін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ негізгі университет болып таңдалды. Экспериментальды бағдарлама Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Латвия, Нидерланды, Ресей, Франция, Швеция, Эстония, Италия, Израиль, Жапония, Корея, АҚШ, Канада, Арген­тина, Бразилия, Түркия, Үндістан, Қытай, Украина, Ирландия, Австрия, Польша, Болга­рия сияқты алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып жүзеге асуда. 
Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar