Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ профессоры, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (2002 ж.), ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері (2007 ж.), Қазақстанның Мәдениет қайраткері (2009 ж.). Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2001 жылы ҚазҰУ-дің ғылыми зерттеу жұмысының үздігі дипломымен марапатталған.
Байланыс: kaisak64@mail.ru
Янушкевич 6, 213 кабинетжұмыс телефоны:48-87-52,
Деканның ғылыми істері жөніндегі орынбасары Бекеева Ләззат Қуанышбайқызы – 1992 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын «тарих, құқық және қоғамтану» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1992-1999 ж.ж Целиноград инженер-құрылыс институтында, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарған. 1999-2004 ж.ж Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасында «Отандық тарих» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. 2004 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасында аға оқытушы қызметінде. 2010 жылдың 15 мамырынан бастап факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 30-ға жуық ғылыми еңбектері жарық көрген, 1 оқу құралы және 2 монографияның авторы. Бір ұл, бір қызы бар.
Байланыс: Янушкевич 6, каб. 213, тел: 48-81-32
Эл.адрес: ljazatbk@yandex.ru
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов – белгілі қоғам қайраткері, «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының бірінші президенті, Қазақстан Мемлекеттік кино кәсіпорнының бас редакторы, Қазақстан телевизия және радиохабарлары жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы және баспасөз қызметінің директоры, Қазақ ақпарат агенттігінің президенті қызметтерін атқарды. Ғ.М.Шалахметов – КСРО Журналистер одағы, Ленин комсомолы сыйлықтарының иегері. ҚР «Парасат» орденімен марапатталған.
Байланыс: Янушкевич 6, 111 кабинет
жұмыс телефоны: 37-67-83
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Омашев Намазалы Омашұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстан журналистикасы академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты.
Ғылыми қызығушылығы: Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1974-1977), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (1977-1979), аға оқытушысы (1979-1986), доценті (1986-1992), радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (1993-1995), ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика бойынша Дүниежүзілік ОРБИКОМ ұйымының 1995 жылдан мүшесі, журналистика факультетінің деканы (1995-2001), ЮНЕСКО-ның бұқаралық байланыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі, журналистика бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (1996), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры (2001-2008), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры (2009).
Негізгі жетістіктері: Н.О. Омашев 6 оқулықтың, 5 монографияның, 5 ғылыми-публицистикалық еңбектер мен очерктер жинағының, 7 оқу құралдарының және 300-ден астам ғылыми, публицистикалық мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен 20 кандидаттық, үш докторлық диссертация қорғалды. 2001 жылы Н.О. Омашевқа Кембридждің (Англия) Халықаралық Өмірбаяндық Орталығы “Жыл адамы” деген атақ берді, “Тану декларациясы” мен “Құрмет медалімен” марапатталған. “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісінің иегері. берілді. 2004 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан қомақты үлесі үшін “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы берілді. 2007 жылы Кембридждің (Англия) Халықаралық Өмірбаяндық Орталығы ХХІ-ғасырдағы аса көрнекті тұлғаларының тізіміне енгізді.
Байланыс: Omashev_NO@enu.kz
Янушкевич 6, 304 кабинет
жұмыс телефоны: 48-43-30
Ғылыми дәрежесі – саясататтану ғылымдарының кандидаты, «23.00.02 – саяси институттар, этносаяси шиеленістану, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамндығы бойынша, Тақырыбы – «Су ресурстары ҚРдағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде»
Еңбек тәжірибесі:
Марапаттаулар : 2006 ж ҚР БҒМ ҚР-сы білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаты
Телефоны: 37 05 47
Э - адрес: elenech@inbox.ru