Журналистика және саясаттану факультетінде
«5В051400 – Қоғаммен байланыс» мамандығы ашылды
Жақында ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің құрамында «5В051400 – Қоғаммен байланыс» мамандығы ашылды.
28.06.2011 Профессор Абдулқайым Кесенжи дәріс оқыды
Журналистика және саясаттану факультетіне жазғы мектеп бағдарламасы бойынша Мюнхен (Германия) қаласынан саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Еуропадағы қазақ қоғамдастығы Федерациясының төрағасы Абдулқайым Кесенжи келді. Шетелден келген ғалым маусымның 28-і күні факультеттің профессор-оқытушылары және магистранттарына дәріс оқыды.
27.06.2011 Баспасөз күніне орай дөңгелек үстел өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Баспасөз күніне орай дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген дөңгелек үстел биыл «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» атты тақырыпқа арналды. Алқалы жиынды 25 маусым күні университеттің бас ғимаратында журналистика және саясаттану факультетінің деканы ф.ғ.к., ЕНУ профессоры, алаштанушы-ғалым Сақ Қайрат Өмірбайұлының басшылығымен факультет ұжымы ұйымдастырды.
Журналистика және саясаттану факультетінің жазғы мектебі аясында шақырылған Түркиядағы Стамбұл университеті коммуникация факультетінің деканы, профессор Айдемир Окайдың факультеттегі 22-25-і маусым күндеріне жоспарланған дәрістері аяқталды.
24.06.2011 Стамбул университетінің профессоры Айдемир Окай дәріс оқыды
Маусымның 22-23-күндері журналистика және саясаттану факультетінің конференц-залында Стамбул университеті коммуникация факультетінің деканы Айдемир Окаймен кездесу өтті. Түркиядан келген профессорды 22-маусымда факультеттің профессор-оқытушылары құрамына ЖСФ-ның деканы Қайрат Өмірбайұлы таныстырды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының 1-курс студенті Рымбаева Айжан Бейсенғазиевна шығармашылық байқауда жеңімпаз атанды. Бұл байқауды Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілігі жариялаған болатын.
2011 жылдың 25-маусымында баспасөз күніне орай Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өтеді.
толығырақ
14.06.2011 Факультет деканы Синьцзян университетінде
2011 жылдың 7-11 маусым аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ өкілі құрамында журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.,ғ.к., ЕҰУ профессоры Қ.Сақ Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районының орталығы Үрімші қаласындағы Синьцзян университетіне іссапармен барды.
13.06.2011 Қайрат Өмірбайұлы ЖСФ-ның деканы қызметіне тағайындалды
Журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келген, ф.ғ.к., ЕҰУ профессоры Сақ Қайрат Өмірбайұлы университет ректоры шешімімен журналистика және саясаттану факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.
Журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Ибраева Эльмира Ерікқызының «Шапағат» атты кітабы жарық көрді.