Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары. Жоғары оқу орындар, факультеттер, факультеттің басқа кафедраларымен өзара жұмыстары.
2009 жылы халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен келесідей ғылыми жобалар атқарылды:
1. ҚР БҒМ ғылыми зерттеулер бюджеттік бағдарламасы бойынша 2007 жылдың «17» сәуір айындағы № 198 келісімшарт негізінде 002 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы, 101 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы, «Ұлттық идея – Қазақстанның дамуының негізі ретінде» бағдарламасы, «Полиэтникалық қазақстандық қоғамның консолидациясы – жалпыұлттық идеяның негізі ретінде» ғылыми жобасы (проф. Нұртазина Р.А., Калиева М.Ш.);
2. Варшава университеті саяси ғылымдар Институтының шығыстық зерттеулер кафедрасының «Системная трансформация государств Центральной Азии» халықаралық зерттеу бағдарламасы (Дюсембекова М.К., Нечаева Е.Л.);
3. Луисвиль (АҚШ) университетінің азиаттық демократия орталығы//Диалог власти и гражданского общества: формирование демократической культуры 2007-2010 гг. (Онучко М.Ю., Нечаева Е.Л., Баимбетова Р.К., Дидигова М.М.);
4. Европартнерс қоры - 2007 «Цивилизация - альянс или сближение» ғылыми жобасы Болгарияның Сыртқы істер министрлігі, 28- 31 тамыз 2009 ж., София, Болгария (Нечаева Е.Л.);
5. ТIRI (Лондон) Халықаралық үкіметтік емес ұйымы – халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына арналған Ашықтық (Integrity) курсы бойынша 1 семестрлік курс немесе модулін жасау үшін грант, 24-27 тамыз 2009ж., Измир, Түркия (Нечаева Е.Л.).
Саясаттану кафедрасы Варшава университеті, Саяси ғылымдар Институты, шығыстық (посткеңестік) зерттеулер кафедрасымен ғылыми әріптестікте. Саясаттану кафедрасының ОПҚ Варшава университеті, Саяси ғылымдар Институтының «Системная трансформация государств Центральной Азии» атты Халықаралық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда. Саясаттану кафедрасының оқытушылары мен докторанттарының ғылыми мақалалары Пултуск қаласындағы (Польша) Гуманитарлық Академиясының «Общество и политика» атты кварталдық журналына жарияланды.
2009 жылы Саясаттану кафедрасы 2007-2010 жылдарға арналған «Диалог власти и гражданского общества: формирование демократической культуры» жобасын жүзеге асыруға қатыса отырып, Public Association «CIVIC PEACE» және Луисвиль (штат Кентукки штаты, АҚШ) университетінің Азиаттық демократия Орталығымен әріптестікті жалғастыруда саясаттану кафедрасы шетелдік зерттеушілерге қолдау көрсетуде. Әсіресе, магистратура бағдарламасы бойынша Корея Республикасының азаматы Хан Сун Рэ білім алып жатыр.
Қоғамдық-саяси мәндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда Ф.Эберт атындағы неміс қорымен әріптестік орнатылды.
Кафедра ОПҚ Болгариядағы К.Орхидский атындағы София университетімен (профессор Дронзина Т.) «Мировая политика и безопасность» бағытының екі дипломдық білім алу – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және К.Орхидский атындағы София университетінің магистратура бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жасауға қатысуда.
Шетелдік әріптестер факультеттің ОПҚ-на зор қолдау көрсетуде. Кафедрада қазіргі ғылымның өзекті мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу семинарлары өтіп тұрады. Әсіресе, 2009 жылы 17 маусымда К.Орхидский атындағы София университетінің професссоры Дронзина Т.А. «Учебные фильмы как интерактивная форма обучения» тақырыбында семинар өткізді.
Кафедра оқытушылары 2009 жылы 12 мамыр айында «Казахстанско-российские отношения: новая повестка дня» атты Қазақстан және Ресей эксперттерінің Форумы және 2009 жылдың 10 қарашасында «Феномен национального лидера: история и современность» тақырыбындағы Қазақстандық-ресейлік эксперттік форумының жұмыстарына қатысты.
2009 жылы 28 - 31 тамыз айында Болгарияның Сыртқы істер министрлігінің Европартнерс қоры – 2007, София қаласы «Цивилизация - альянс или сближение» ғылыми жобасын жүзеге асыру негізінде форумға қатысу үшін ХҚ кафедрасының доценті С.Б.Кожирова және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Е.Л.Нечаева шақырылды. С.Б.Кожирова, Е.Л.Нечаева 2009 жылы 24-27 тамыз айында Измир қаласында, (Түркия) ТIRI (Лондон) Халықаралық үкіметтік емес ұйымы – халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына арналған Ашықтық (Integrity) курсы бойынша 1 семестрлік курс немесе модулін жасау үшін грантына оқудан өтті.
«The Altay Culture Solidarity 2009 Forum» халықаралық форумының төрағасы Хванг Сок Йонгтың шақыруымен саясаттану кафедрасының профессоры Р.А. Нұртазина 2009жылдың 8-12 желтоқсан айында Сеул қаласында (Корея Республикасы) өткен «Алтайская культура 2009» Бірінші халықаралық Форумына қатысты. «Межкультурный диалог в контексте Центральной Азии, Монголии и Кореи» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық форумның Декларациясын жасауға қатысты.
Аға оқытушы Ж.М.Сабитов ҚР Әділет Министрлігі мен National Geographic бірлескен жобасы негізінде қазақтардың ДНК жинау экспедициясына қатысты. (2009 ж. Мамыр-қараша).
2009 жылы 18-23 желтоқсан айында саясаттану кафедрасының оқытушылары Орталық Азия университеті жүзеге асырған «Человековедение» Ага Хан жобасы негізінде кәсіби оқытушылықты дамыту курсынан өтті. Бағдарлама аяқталғаннан соң растайтын сертификаттар берілді.
Ғылыми-практикалық жұмыстарды жүзеге асыру формалары (семинар, дөңгелек үстел, мастер-класс, журнал басылымдары және т.б.).
Саясаттану кафедрасы «Ассамблея народа Казахстана как институт консолидации гражданского общества» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру мен жүргізуде белсенді қатысты. Кафедра ОПҚ конференцияның модераторлары және секциялардың хатшылары ретінде қатысты, секциялардың жұмыстарына толық құраммен атсалысты. Конференцияны дайындау және жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Қазақстанның халқы Ассамблеясы кафедра алғыс хат жолдады.
Қазіргі ғылымның өзекті мәселелері бойынша кафедрада ғылыми-әдістемелік семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, саясаттану кафедрасы ғылыми зерттеулер және білім беру саласы бойынша халықаралық әріптестік туралы келісімнің негізінде «Сибирский федеральный университет» (РФ, г. Абакан) федералды мемлекеттік мекемесімен 2009 жылы 24 сәуірде халықаралық қатынастар факультетінде «Проблемы совершенствования методики преподавания политических дисциплин» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Аталған семинарда бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу және өткізу, оқу процесінде қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асырудағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Саясаттану кафедрасы «Казахстан-Украина: история и пути сотрудничества» атты Халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастырды. Мұнда украиндық елшілік өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Болгарияның төтенше және өкілетті елшісі Стоян Ризовтың қатысуымен болған Казахстан-Болгария: перспективы научного и образовательного сотрудничества» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
«Нұр Отан» ХДП атынан әлеуметтік инициативалар және болжам жасау, сараптама Орталығының басшысы К.М. Казкенов «Казахстан-Украина: история и пути сотрудничества» атты дөңгелек үстел барысында халықаралық қатынастар факульеті, саясаттану кафедрасының оқытушылар мен студенттерін - Онучко М.Ю., Дидигова М.М., Бекеева Л.К., Мурзалина Б. Астана қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, ғылми қызметте жетістіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
27 маусым айында халықаралық қатынастар факультетінде Нью-Мехико (АҚШ) университетінің профессоры, саяси ғылымдардың докторы Грегори Глиссеннің қатысуымен «Мировая политика и вызовы безопасности» ғылыми семинар өтті. Г.Глиссен өзінің сөзінде қазіргі әлемдік жағдайға тоқталды, АҚШ президенті Б.Обама әкімшілігінің алдында тұрғпан бүгінгі таңдағы мәселелері, АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі тенденциялары мен приоритеттеріне, әлемдік жаһандық дағдарыстың алдын алудың перспективалары туралы айтты.
2009 жылы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасы мен «Сибирский федеральный университет» (РФ, Абакан қ.) федеральды мемлекеттік мекеме арасындағы білім беру және ғылыми зерттеулер салаларындағы халықаралық әріптестік туралы келісім негізінде халықаралық қатынастар факультетінде «Проблемы совершенствования методики преподавания политических дисциплин» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу және өткізу, оқу процесінде қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асырудағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ресей Федерациясы білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары, дағдарыс жағдайында студенттерді шаралары туралы Хакассия техникалық институты, қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі саяси ғылымдардың кандидаты, профессор В.Н. Бруштунов баяндама жасап, қатысушыларды Сібір федералдық университетінің құрамына кіретін Хакассия техникалық институтындағы оқудың негізгі ерекшеліктерімен таныстырды.
Шақырылған алыс шетелдік ғалым-оқытушылар.
Докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілері:
1. Грегори Глисон – саяси ғылымдардың докторы, Нью-Мексико (АҚШ)университеті, саяси ғылымдар факультетінің профессоры;
2. Татьяна Дронзина – саяси ғылымдардың докторы, Климент Охритский (Болгария) атындағы София университетінің профессоры;
3. Уяма Томохико – профессор, Хоккайдо (Жапония) университеті, славяндық зерттеулер орталығының директоры.
ТМД ЕЛДЕРІ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
МЕДИАЫНТЫМАҚТАСТЫҚ—2010
БЕЛАРУСИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ, МИНСК, 21-26 МАУСЫМ
2010 жылдың 21-26 маусымында «РИА Новости» ТМД елдері жас журналистеріне арналған халықаралық жазғы мектеп биыл өзінің 5 жылдығын атап өту үшін Беларусь елінде Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Молдава, Украина, Беларусия және Ресей елдерінен келген жас тілшілерді қабылдады.
Гуманитарлық ынтымақтастықтың Мемлекетаралық қоры, Ресейдің «РИА Новости» халықаралық ақпарат агенттігі, Беларусия Республикасының «ЕсооМ» сараптама орталығы ұйымдастырып отырған аталмыш шара жас журналстердің кәсіби білім-біліктілігін арттыру мақсатында танымал тележүргізушілер, саясаткерлер мен газет тілшілерінің тәжірибесімен бөлісіп, БАҚ-тың жаңа технологияларымен танысуына ықпал етті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым мен Журналистика және саясаттану факультетінің деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлы Омашевтің қолдауымен аға оқытушы Гүлжазира Ертасованың жетекшілігімен барған 13 студент қатысушылар қатарын толықтыра түсті.
Осылайша, әлемдік деңгейде өздерінің дара журналистік қолтаңбасы бар белгілі журналистер жас тілшілерге кәсіби тәжірибелерінен дәріс оқып, нағыз журналист деген атқа қалайша лайық бола алатындықтары жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Жас журналистер қолжазбаның газет бетіндегі мақалаға дейінгі және күнделікті құбылыстағы қоғамның көлеңкелі немесе қалыпты тұстарының бейнесюжетке айналғанға дейінгі барлық үдерісіне көз қанықтыра түскендей.
Жас тілшілер мен саясаткерлер кәсіби журналистердің тәжірибесімен бөлісіп, көкейлеріндегі түрлі сауалдарын жолдады.