Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Кафедра туралы

1. Кафедра меңгерушісі: Бокаев Нұржан Әділханұлы – физика–математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының нақты мүшесі.
Ғылыми бағыты: Функциялар теориясы және функционалдық анализ, ортогоналды қатарлар теориясы және вейвлет – анализ және олардың сигналдар мен бейнелерді өңдеуге қолданысы.
 Басылымдық еңбектері: 100-ден астам ғылыми жұмыстар, 2 оқу құралы, 3 әдістемелік көрсеткіш.
Гранттары: ҚР БҒМ іргелі зерттеулер жобасы бойынша (1992-1998, 2003-2005жж, 2009ж. - тақырып жетекшісі, 2006-2008г. - жауапты орындаушы), тәуекелдік және ынталық зерттеулер жобасы бойынша (2008ж.), ҚР космостық зерттеулер жобасы бойынша (2009ж. – жетекші, 2004ж. – жауапты орындаушы), Халықаралық «INTAS» жобасы бойынша (1994-1996 жж.), ҚР БҒМ 2006 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы» республикалық грантының иегері.
Ерланген-Нюрнберг университетінде (Германия, 1996ж.), Кардифф университетінің семинарында (Ұлыбритания, 2006ж), Түрік әлемі математиктерінің екінші халықаралық симпозиумында (Сакария, Туркия, 2007ж.), Токия университетінде (2008ж.), Палермо университетінде (Италия, 2009ж.) ғылыми баяндамалар жасаған. 
Мадақталған: ҚР БҒМ құрмет мақтау қағазымен (1987 ж., 2002 ж.). 2002 жылы америкалық биографиялық институт «Жыл адамы» атағын, ал 2003 жылы Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ «Жыл адамы» атағын берген.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «01.01.01 - математикалық анализ», «01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» бағыттары бойынша Докторлық диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады. 
Жоғары математика және математика әдістемесі кафедрасы жайлы ақпарат 
Жоғарғы математика және математика әдістемесі кафедрасы 2009 жылдың ақпан айында математика және ақпараттық технологиялар факультетінің кафедраларын қайта жасақтау нәтижесінде ұйымдастырылды. 
2009-2010 оқу жылында кафедра штаты – 22,5 бірлік, кафедрада 21 адам қызмет етеді. Олардың 1-еуі физика–математика ғылымдарының докторы, 8-і физика –математика ғылымдарының кандидаттары, 2еуі педагогика ғылымдарының кандидаттары, 2-еуі PhD докторлар, 2-еуі математика магистрлері. Кафедра оқытушылары математика, жоғары математика, экономикадағы математика, деректерді талдау және экономиканы болжау, математикалық анализ, әлеуметтік зерттеулердің математикалық талдауы пәндері бойынша сабақ өтеді. Оқытылатын арнайы курстар: қолданбалы гармоникалық анализ, ортогоналдық қатарлар, екілік гармоникалық анализ, анализдегі теориялық – сандық әдістер, функцияны қайта тұрғызу есебі, тригонометриялық және ортогоналдық қатарлар, Соболев, Никольский, т.б. функционалдық кластары, криптографияға кіріспе, криптография негіздері, Linux операциялық жүйесі, айырымдық теориясы, ақырлы өлшемді анализ, жалпыланған аналитикалық функцияларға арналған шеттік есептер, аз жасақталған бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. 
Жоғары математика және математика әдістемесі кафедрасы қызмет көрсету кафедрасы болып табылады, және «050603-Механика», «050704-Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету», «050703-Ақпараттық жүйелер», «050111-Информатика», «050602-Информатика», «050109-Математика», «050601-Математика», «050110-Физика», «050604-Физика», «050605-Ядролық физика», «050723-Техникалық физика», «050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «050702-Автоматизация және басқару», «050507-Менеджмент», «050508-Есеп және аудит», «050510-Мемлекеттік және аймақтық басқару», «050509-Қаржы», «050506-Экономика», «050608-Экология», «050701-Биотехнология», «050607-Биология», «050606-Химия», «050609-География», «050711-Геодезия және картография», «050717-Жылуэнергетика», «050713-Көлік, көліктік техника және технология», «050732-Стандарттау, метрология және сертификаттау», «050901-Қозғалысты тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану», «050729-Құрылыс» мамандықтары бойынша негізгі және профильдік пәндер өтеді. 

Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы 
№ Оқытушы аты жөні Дәрежесі Қызметі E-mail
1 Бокаев Нуржан Адилханович ф.-м.ғ.д., профессор каф.меңг., профессор bokayev@mail.ru 
2 Каримов Сабит Каримович ф.-м.ғ.к., доцент Доцент aub.2210@mail.ru
3 Уатай Жанбек ф.-м.ғ.к., доцент Доцент aub.2210@mail.ru

4 Баймадиева Галия Адельбакимовна п.ғ.к., доцент Доцент baimadieva@mail.ru 
5 Аубакир Болат Уатайұлы ф.-м.ғ.к., доцент Доцент aub.2210@mail.ru
6 Базарбаева Гульнар Серикхановна п.ғ.к., доцент Доцент gulnbaz@mail.ru 
7 Исина Нафиса Кайрбековна ф.-м.ғ.к., доцент Доцент

8 Байсалов Ержан Рахметтоллаевич ф.-м.ғ.к., доцент Доцент yerzhan_baisal@hotmail.com
9 Сулейменова Зауреш Райганиевна ф.-м.ғ.к., доцент Доцент zr_s@mail.ru
10 Джумабаева Джамиля Гумаровна ф.-м.ғ.к., доцент Доцент jamilya_ast@mail.ru
11 Сугирбаева Жанар Тураровна ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Аға оқытушы 

12 Бургумбаева Сауле Кайрбековна PhD доктор Аға оқытушы saulenai@mail.ru 
13 Кенжебекова Гульмира Сагингановна PhD доктор Аға оқытушы gulmira0703@mail.ru
14 Ильясова Меруерт Темирбековна Аға оқытушы ilyasovamt@mail.ru 
15 Райхан Мади Аға оқытушы mady1029@mail.ru
16 Воказе Кульдрайхан Есетаевна Аға оқытушы vokaze61@mail.ru 
17 Буралхиева Назифа Сламхановна Оқытушы nazifa174@mail.ru 
18 Шоманова Анар Аманаевна Оқытушы anar93.71@mail.ru 
19 Ахметкалиева Рая Дуйсенбековна Математики магистрі Оқытушы raya_84@mail.ru 
20 Ахажанов Талгат Беркинович Математика магистрі Оқытушы talgat_a2008@mail.ru 
21 Тунгушбаева Дарига Иманжусуповна Математика магистрі Оқытушы -

Кафедраның ғылыми және әдістемелік қызметі
Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға, ғылыми және әдістемелік семинарларға, біліктілікті көтеру курстарына қатысып, шетелдік шақырылған профессорлар дәрістерін тыңдайды. Ғылыми әдістемелік жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Нақты айнымалы функциялар теориясы, ортогоналдық қатарлар, гармоникалық анализ және олардың сигналдарды өңдеуге қолданысы ( Бокаев Н.А., Кенжебекова Г.С., Сулейменова З.Р., Муканов Ж.Б., Ахажанов Т.Б. Каримов С.К..)
2 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге арналған шеттік есептер (Бургумбаева С.К., Аубакир Б., Уатай Ж., Райхан М., Исина Н.К.)
3. Үзіліссіз білім беру концепциялары (Баймадиева Г.А., Базарбаева Г.С., Воказе К.Е.)
4. Топтар теориясы және минимал құрылымдарды құрастыру (Байсалов Е.Р.)
5. Пайдалы қазбалардың орны мен кенін іздеу әдістері ( Буралхиева Н.С.) Кафедрада зерттеу тақырыптары бекітілген, және кафедраның келесі оқытушылары диссертациялық зерттеулермен айналысады: Воказе К.Е., Ильясова М.Т., Шоманова А.А. 
2010 жылдың 22 қаңтарында кафедраның аға оқытушысы Райхан Мәдидің физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне арналған диссертациясының ашық қорғауы өтті, нәтижесінде осы дәрежеге ие болды.
Профессор Бокаев Н.А. Ph.D бағдарламасы бойынша докторанттарды және магистранттарды дайындаумен белсенді түрде айналысады, және Ф.0487 «Жақын және алыс космостың объектілерін және жүйелерін зерттеу, Жерді космостан зерттеу, космостық технологиялардың ғылыми негіздерін дамыту» (2009-2011жж.) іргелі зерттеулер программасы бойынша «Алыстан зондпен тексеру деректері бойынша сәулелендіру процестерінің спектралдық талдау алгоритмдері мен математикалық моделдері» ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады. Осы жоба жұмысына ЖМжМӘ кафедрасының ПОҚ-нан аға ғылыми қызметкер ретінде ф.-м.ғ.к., доцент Сулейменова З.Р., кіші ғылыми қызметкер ретінде PhD доктор, аға оқытушы Кенжебекова Г.С., және инженер ретінде 2-курс докторанттары Муканов Ж.Б., Ахажанов Т.Б. қатысады.
Доцент Баймадиева Г.А. «Қазақстан Республикасының үзіліссіз білім беру жүйелерінің стратегиялық капиталы ретінде пән оқытушысының инновациялық қызметінің концепцияларын дайындау» ғылыми жобасының қатысушы болып табылады (жоба жетекшісі п.ғ.к., доц. Р.Б. Морзабаева). 
Доцент Байсалов Е.Р. Ф.0508 «Физика, математика, механика және информатиканың актуалдық мәселелері», (2009-2011 жж.) іргелі зерттеулердің республикалық программасы бойынша «Теориялар универстерінің спектрі және минимал құрылымдарды құру» ғылыми жобасының жұмысына қатысады (жетекші Ж.А. Тусупов).
PhD доктор, аға оқытушы Бургумбаева С.К. кіші ғылыми қызметкер ретінде Ф.0508 «Физика, математика, механика және информатиканың актуалдық мәселелері», (2009-2011 жж.) іргелі зерттеулердің республикалық программасы бойынша «Сингуляр коэффициентті жазықтықта n (n ) ретті дербес туынды дифференциалдық теңдеулер жүйелеріне арналған бастапқы шеттік есептер» ғылыми жоба жұмысына қатысады (жетекші ф.-м.ғ.д., профессор А.Б.Тунгатаров) (2009-2011жж.). 
  Кафедраның ПОҚ қызмет көрсетілетін факультеттердің студенттеріне арнап оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-құралдарын дайындап, оқу процесіне қосты. Доцент Базарбаева Г.С.: 
1. Индивидуальные задания самостоятельной работы для студентов по математике I /учебное пособие. Линейная и векторная алгебра. Аналитическая геометрия/ Астана: ЕНУ, 2009. 43 печ.
2. Индивидуальные задания самостоятельной работы для студентов по математике II /учебное пособие. Дифференциальное исчисление функций. Астана: ЕНУ, 2009. 61 печ.
оқу құралдарын дайындады.
Кафедра оқытушысы Буралхиева Н.С. ҚР ӘМ интелектуалдық меншік құқығы бойынша екі патентке ие: 
1) «Зілзаланы болжау әдісін» ойлап тапқаны үшін алдын ала патент №17286 
2) «Пайдалы қазбалар орны мен кенін іздестіру әдісін» ойлап тапқаны үшін алдын ала патент №17287. 
Авторлар және патент иелері: Буралхиев С., Буралхиева Н.С., Буралхиева С.С. Тіркеу күні 15.02.2006.

5. Халықаралық байланыс
Кафедраның көптеген шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен ғылыми байланысы бар. Кафедра оқытушылары жақын және алыс шетелдердің ғалымдарымен тығыз байланыста. 
Кафедра оұытушылары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (проф. Лукашенко Т.П., проф. Дьяченко М.И. және т.б.), Мәскеу физика-техникалық институтының (проф. Голубов Б.И.) және Ұлы Казимир атындағы Быдгощ университетінің (Польша) (проф. Скворцов В.А., проф. Марик Войтович), Палермо университетінің (Италия) (проф. F.Tulone), Берлин Еркін университетінің (Германия, проф. Бегер Г.), Лулео технологиялық университетінің (Швеция, доктор Грипп Н.) профессорларымен қызметтестік жайлы меморандум және келісім орнатып, тығыз жұмыс жасауда.  
Профессор В.А. Скворцов PhD бағдарламасы бойынша келіп, гармоникалық анализ жіне жалпыланған интегралдар бойынша дәрістер курсын оқыды (мамыр 2008ж., мамыр 2009ж.). Келесі келуі 2010 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Шетелдік тәжірибе жинақтау іссапарында кафедраның келесі докторанттары болып қайтты:
Кенжебекова Г.С., Сыздыкова А.Т., Муканов Ж.Б., Ахажанов Т.Б. (Палермо университеті, Италия), Бургумбаева С.К. (Берлин Еркін университеті, Германия). 

 Кафедра басшылығымен байланыстар: 35-37-41 (40-28) 


Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar