Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Title

Кафедра туралы
   
Алгебра және геометрия кафедрасы өзінің қызметін С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының физика-математика факультетінің құрамында 1970 жылы бастады. Кафедраны құру үшін оның алғашқы меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты Т.Г.Мустафин көп еңбек сіңірді. Соңынан Т.Г.Мустафин физика-математика ғылымдарының докторы болып, Қарағанды қаласында моделдер теориясы бойынша ғылыми мектеп құрды. Кафедра 2005 жылдың қаңтар айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің құрамына кіреді. 1996 жылдан бастап 2001 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып доцент Т.Д. Туканаев жұмыс істеді, ол өзінің ғылыми орталықтармен байланысының арқасында Ленинград қаласында аспирантураны бітіріп кандидаттық диссертация қорғады. К.О. Ахметжанова өзінің ғылыми байланыстарының арқасында Гомель қаласында аспирантураны бітіріп кандидаттық диссертация қорғады. Унверситетке ұлттық университет статусы берілгеннен кейін кафедра құрамы физика-математика ғылымдарының кандидаттары Е.Р. Байсалов, Ш.У. Абуталипова сынды мамандармен толықтырылды. Целиноград педагогика институтының түлектері О.И. Журавлева және А.С. Сарсекеев математиканы оқыту әдістемесі бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғады. Д.Х. Қозыбаев және У.К. Тұрысбекова алгебрадан философия докторы (Ph.D) академиялық дәрежесін алу үшін диссертацияларын сәтті қорғады.
    Кафедраның меңгерушісі қызметін Қазақстан Республикасының ғылым мен техника салалары бойынша мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор У.У. Өмірбаев атқарады. 
Кафедра мамандықтары: 
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жеке тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады. Педагогикалық практикаларды жүзеге асыру үшін мамандарды даярлау мақсатында әдістемелік кітаптар мен программалар жасалды. Студенттер Астана қаласының мектептерінде практикадан өтеді. Жақсы дайындалған студенттер педагогикалық практикадан кафедра оқытушы қызметінде өтеді. 
Арнайы курстарды жоғары білікті оқытушылар оқиды, арнайы курстардың тақырыптары қазіргі заманғы математика мен әдістеменің жетістіктерінің негізінде таңдалады. 
Жоғары курс студенттері үшін профессор У.У. Өмірбаев топтар, сақиналар теориясы мен Ли алгебрасы, криптография теориясы бойынша ғылымның ең соңғы жетістіктері негізінде арнай курс әзірледі. Х.Басс, Ж.-П. Сезар, Л. Макар-Лиманов, А.А. Михалев, И.П.Шестаков, В. Шрильрайн, Ж.-Т. Ию және т.б. атақты заманауи математиктердің нәтижелеріне, автоморфизмдер теориясына, көпмүшеліктер сақинасының локальды-нильпотентті дифференциалдауларына көп көңіл бөлінеді.
Ғылыми қызмет
Кафедрада ф.-м.ғ. д., профессор У.У. Өмірбаевтың жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмыстарының екі бағыты анықталған:  
а) Топтар және сақиналар теориясының комбинаториялық және алгоритмдік мәселелері, топологиялық кеңістіктердің геометрилық сипаттары;
б) Мектепте және ЖОО қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланып математиканы оқыту әдістемесі. 
У.У. Өмірбаевтың “Енгізу мәселесі және еркін алгебралардың ішкі алгебралары” докторлық диссертациясының негізгі нәтижесі – КСРО ҒА корреспондент мүшесі М.И. Каргаполовтың шешілу дәрежесі > 2 болатын еркін шешілетін топ үшін енгізу мәселесінің шешілмейтіндігі мәселесін шешуі болып табылады. У.У. Өмірбаевтың ең ірі ғылыми жетістігі – 2001 жылы профессор И.П. Шестаковпен бірге үш айнымалы көпмүшеліктер сақинасының жабайы автоморфизмдері туралы М.Нагатаның гипотезасын дәлелдеуі. Ол –шетелдік және Ресейдің басылымдарында жарық көрген сақиналардың, топтардың комбинаториялық теориясы және Ли алгебрасы бойынша көптеген маңызды теоремалардың авторы. 
Профессор У.У. Өмірбаев – алгебра бойынша жалпықалалық ғылыми семинардың жетекшісі, сонымен қатар магистранттарға, PhD докторанттарға жетекшілік етеді. 2002 жылы оның жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды. Ал 2008 жылы 2 докторлық (Ph.D) диссертацияның қорғалуына жетекшілік етті. Қазіргі таңда 3 PhD докторанттарына жетекшілік етеді.
К.О. Ахметжанованың ғылыми зерттеуінің негізгі бағыты – шекті топтардың формациялық қасиеттерін зерттеу. 
Доцент Т.Д. Туканаев геометриялық қасиеттер бойынша гипербеттерді қалпына келтіру мәселелерін зерттеуде.
О.И. Журавлеваның зерттеуінің негізгі бағыты – көпбағытты сыныптарда және мектептегі жоғары сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесі.
Халықаралық қатынас
Кафедра келесі университеттер және ғылыми орталықтармен тығыз ғылыми байланыста: РҒА математика институттары, РҒА СБ, ММУ, НМУ, С-ПМУ (Санкт-Петербург), РМПУ (Санкт-Петербург қ.), РПМУ (Москва қ.), Омск университеті, Гомель университеті, Манитоба университеті (Виннипег, Канада), Лион-1 университеті (Лион, Франция), Гонконг университеті (Гонконг), Сан-Пауло университеті (Бразилия), Овиедо университеті (Испания), М.Планк атындағы математика институты (Германия), Уейн мемлекеттік университеті (Детройт, АҚШ), Аль-Фараби атындағы КазҰУ, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 
Кафедра өзінің ғылыми байланыстарының арқасында 2005 жылдың 18-22 шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де моделдер теориясы және алгебра бойынша Француз-Қазақстан конференциясын өткізді.


Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar