Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Title

Кафедра туралы
«Механика» кафедрасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Ғылыми кеңесі (15.09.2006 жылдың №2 хаттама) мәжілісінің шешімі негізінде 2006 жылдың 13 қазанында университет ректорының №315 бұйрығымен «Математика және ақпараттық технологиялар» факультетінің құрамында ашылды. 050603- Механика мамандығы бойынша бітірушілерге механика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бұл мамандық бойынша бітіруші бакалавриат түлектері механик, математик, инженер- программист және тағы басқа қызметтерді атқара алады.
«Механика» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың құрылымы мен көлемі механика бакалавры мамандарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес. Оқу мерзімі 4 жыл. Оқу күндізгі формада жүргізіледі. Сонымен қатар, оқыту мемлекеттік және ресми тілдерде өткізіледі.
   Алғаш рет 2010-2011 жаңа оқу жылында 6N0603 – Механика мамандығына магистратураға қабылдау жүргізілмекші.
      Кафедра меңгерушісінің қызметін техника ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ профессоры, ҚР Білім саласының құрметті іскері Исмағамбетов Мұхтар Ұсаұлы басқарады. Исмағамбетов М.Ұ. 1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және математика факультетін бітірген соң, Целиноград инженерлік-құрылыс институтының теориялық механика кафедрасына оқытушы ретінде жұмысқа жіберілді. 1972 - 1975 жылдар арасында Москва текстиль институтының теориялық механика кафедрасына қарасты аспирантурада оқыды. 1976 жылдан бастап Целиноград инженерлік-құрылыс институтының теориялық механика кафедрасына аға оқытушы болып келді. 1979 жылы Москва текстиль институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1980 жылы – кафедра доценті, Целиноград инженерлік-құрылыс институтының сырттай оқу бөлімінің деканы болды.1991-1996 жылдары Целиноград инженерлік-құрылыс институтының оқу-ісі жөніндегі проректоры, 1994 жылы теориялық механика кафедрасының профессоры болды.1996-2000 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, 2001-2002 жылдары Еуразия ұлттық университеті жанындағы білім жетілдіру Институтының директоры, 2003-2006 жылдары – Құрылыс-сәулет факультетінің деканы. 2006 жылдан «Механика» кафедрасының профессоры, 2008 жылдың тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісі. Исмағамбетов Мұхтар Ұсаұлының 75-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары қазақ , орыс тілдерінде жарық көрді. Оның ішінде бес авторлық куәлігі, 16 жұмысы Москвада және Санкт-Петербургте шығарылды.
  Мұхтар Ұсаұлының басшылығымен теориялық механиканың барлық бөлімдері бойынша оқу-әдістемелік кешені: дәрістер; жалпы механика және конкурстық есептер жинағы; зертханалық практикум 
жасалынып, шығарылды.
     Негізгі ғылыми жұмыстары роторлық жүйелер динамикасының саласы бойынша жасалынды. Соңғы жылдары «О курсе линейной теории колебаний», Сб. научн. тр. БГУТ, г. Гомель, 2006, «Гашение периодических колебаний элементами конструкций», Сб. научн. Тр. БГУТ, г.Гомель, 2007 соавторстве с Рощанским В.И., 2008 жылы «Технологиялар машинасының динамикасы» (қазақ тілінде) Т.Е.Ермеков және М.И.Арпабековтің жетекшілігімен Астана қаласында шығарылды.

Оқытушы – профессорлар құрамы
    

№ Аты-жөні,тегі Ғылыми атағы,
Мамандық шифры қызметі Ғылыми жұмыс бағыттары Е-mail, телефон

  1. Саткалиева М.О., т.ғ.д., 05.02.18. проф. Машина және механизмдер теориясы
  2. Жәйшібеков Н.Ж. ф.-м.ғ.д., 01.02.05. проф. Сұйық және газ механикасы
  3. Исмағамбетов М.Ұ. т.ғ.к., 05.02.13. проф. Жеңіл өнеркәсіп аппараты және машиналар 
  4. Тұяқбаев Ш.Т. т.ғ.к., 05.05.04. доцент Көтергіш транспорт және жол-құрылыс машиналары
  5. Гривезирский Ю.В. т.ғ.к., 05.05.04. доцент Көтергіш транспорт және жол-құрылыс машиналары
  6. Дүзелбаев С.Т. т.ғ.к., 05.23.02 доцент Автомобиль жолдары мен азродром құрылысы 32-70-53
  7. Қалиев Ә.Б. т.ғ.к., 05.05.04. доцент Көтергіш транспорт және жол-құрылыс машиналары
  8. Алимжанов М.Д. т.ғ.к., 05.05.04. доцент Көтергіш транспорт және жол-құрылыс машиналары
  9.  Исенова Ж.Ж. аға оқытушы Сұйық және газ механикасы
  10. Шалабаева Б.С. ф-м.ғ.к. доцент Сұйық және газ механикасы
  11. Темірханқызы Ж. аға оқытушы Көтергіш транспорт және жол-құрылыс машиналары
  12. Бостанов Б.О. аға оқытушы Механика
  13. Исимбаев Н.М. т.ғ.к., доцент, Механика.

         Кафедрада жұмыс жасайтын профессор-оқытушылар құрамы төмендегідей: 1 техника ғылымдарының докторы және 1 физика-математика ғылымдарының докторы, 7 техника ғылымдарының кандидаттары және 1 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 3 аға оқытушы. Ғылыми атақтары бар профессор-оқытушылар штаттық кестенің 85,7 % құрайды.  
    Кафедра профессорлары Н.Ж.Жәйшібеков пен Е.С.Темірбеков ҚР Білім саласының құрметті қызметкерлері болып табылады. Ол екеуі де 2007 жылдың «Жылдың үздік оқытушылары» аталды, ал Е.С.Темірбеков ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялау комитетінің сараптамалық кеңесінің машинатану және механика бойынша мүшесі.
     Профессор М.Ұ.Исмағамбетов ҚР МЖМБС жобасын сараптау комиссиясының 6N0603 – Механика мамандығы бойынша мүшесі.
Кафедра жыл сайын барлық факультеттердің қатысуымен теориялық механикадан олимпиада өткізеді. 2007-2008 оқу жылы студенттер Яфасов Э.(гр. Мех-42 р), Шагиров А.(гр. АУ-13 р), Бердибек (гр. СиС-21к), Хамзин А.(гр. ТПГС-31к), Кулбаев Е.(гр. РК-31), Калас Е.(гр. Мех-31к) олимпиада жеңімпаздары аталды.
     2007-2008 оқу жылы 2-3 курс студенттері арасында олимпиада өткізіліп, Тлегенов Е.(Мех-21 к) – 2 орынды, ал Оспанов Д.(Мех-22р) – 3 орынды иеленді. 2007 жылы өткізілген Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына («Болашақ» университеті, Қарағанды) «Механика» мамандығы бойынша оқитын 3 студент Кудряшов В.М., Арыстанбеков С.О. және Аронов А.В. қатысып, 5 баяндама жасады. Аталған студенттер ЕҰУ өткізген студенттер конференциясынада қатысты. 
2008 жылғы 27-28 қарашада Астана қаласында математика, механика және информатика бойынша Бірінші республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. «Механика» секциясында 23 баяндама жасалынды. Ахметов Б.- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-орын, жетекшісі Қалтаев А.Ж., 2-орын, Айткенов И.А., Кайдашов В.Н., Омаров А.С.- Еуразия ұлттық университеті, жетекшілері Гривезирский Ю.В., Дузелбаев С.Т., Атанов Б.- 3 орын, Еуразия ұлттық университеті, жетекшісі Б.С.Шалабаева.
    2010 жылдың 25-26 наурыз аралығында Математика, механика және информатика пәндерінен II республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция болып өтті. «Механика» секциясында 18 баяндама болды.1 орынды – ЕҰУ студенті, Ю.Роот Мех-42р, Численно-экспериментальный анализ несущей способности конструкционных модулей типа «АРМАС», жетекшісі доцент,т.ғ.к, Ю.В.Гривезирский, 3 - орынды Қурманова Динара, Тлегенов Едыге, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент С.Т.Дүзелбаев иеленді. 
Білімдерін арттыру немесе жетілдіру
  2007 жылы кафедра ізденушісі А.Б.Қалиев кандидаттық диссертациясын қорғады. 4 оқытушы М.У.Исмагамбетов, Е.С.Темирбеков, Б.О.Бостанов, М.Д. Алимжанов білімдерін жетілдірді. Профессор Е.С. Темірбеков пен аға оқытушы Б.О. Бостанов РФ Астрахан қаласында халықаралық ғылыми конференцияға қатысып және Астрахан техникалық университетінде «Динамика және қатаңдық мәселелері» курсын 24 сағаттық дәріс алып, білімдерін көтеріп қайтты. (тіркеу нөмерлері №747, №748, АГТУ, Астрахан қ., РФ).
  2008 жылдың 01 және 08 желтоқсан аралығында доцент М.Д. Алимжанов әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасында тәжірибе алмасу және ғылыми және оқу процестерін ұйымдастыру жөнінде қысқа мерзімде іссапарда болып қайтты. Тағылымдама кезінде доцент М.Д. Алимжанов ондағы жаңа басылған оқу-әдістемелік әдебиеттермен танысып, біразын кафедраға алып келді. Ол жұмыс жоспары бойынша деформацияланатын қатты денелер механикасы, құрылғы элементтері механикасы пәндері бойынша студенттер мен магистранттарға арналған оқу сабақтарына қатысты. Онда кафедраның оқу-әдістемелік материалдары: ОӘК және силлабустер түбегейлі оқып, қаралынды. Кафедра меңгерушісі және жетекші оқытушылармен оқу жайында әңгіме жүргізіліп, «Деформацияланатын қатты дене» пәні бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дәріс оқу үшін профессор А. Искакбаевтың іссапарға келуі жөнінде келісім жасалынды.
    2009 жылғы қаңтар айында профессор М.У. Исмагамбетов ғылыми және оқу процестерін ұйымдастыру жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу үшін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне механика кафедрасына іссапарға барып қайтты. Ол тәжірибе алмасу барысында кафедрада дайындалған және басып шығарылған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен 050603 - Механик – бакалавриат мамандығы және 6N0603 – Механика – магистратура мамандығы бойынша жасалынған оқу жұмыс жоспарларымен, ОӘК, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қойылуымен танысты. Іссапар нәтижесі кафедра мәжілісінде талқыланды.
   2008-2009 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ғ.Б.Шерьяздановтың қатысуымен 2 ғылыми - методикалық семинар, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры К.А.Тұрсыновтың қатысуымен бір семинар өткізілді. 
2009-2010 оқу жылының қазан айында доцент М.Д. Алимжанов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің механика кафедрасында тәжірибе алмасу және ғылыми және оқу процестерін ұйымдастыру жөнінде қысқа мерзімде іссапарда болып қайтты. 
Халықаралық ынтымақтастық 
    2007 жылы кафедра профессоры Е.С. Темірбеков пен аға оқытушы Б.О. Бостанов РФ Астрахан қаласына халықаралық ғылыми конференцияға қатысып және Астрахан техникалық университетінде білімдерін көтеріп қайтты. Соңғы екі жылда кафедра профессорлары Н.Ж.Жәйшібеков РФ Москва, Астрахан, Ramsar, Iran , М.Ұ.Исмағамбетов Беларусь республикасының Гомель қаласында, Е.С. Темірбеков РФ Омск, Астрахан, Новосибирск, Өзбекстанның Ташкент қалаларында өткен халықаралық ғылыми конференцияларына барып келді.
    Профессор Е.С.Темірбеков 2008 жылы қазан айында «Жылдың үздік оқытушысы» грантын жүзеге асыру мақсатында 10 күнге және 2009 жылы қараша айында АҚШ-та Колорадо штатындағы университетте 2 апталық іссапарда болып қайтты. Осы университеттің басшыларымен және профессорларымен «Механика» саласы бойынша PhD докторларын бірге дайындау жөнінде алдын-ала келісімге қол жеткізілді.
Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar