Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Факультет жайлы ақпарат


Факультет деканы Нұрболат Жәйшібековпен сұхбат

Факультет 1962 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының құрамында математика факультеті ретінде қызмет атқарды. 1996 жылы Целиноград педагогикалық институты мен Целиноград инженерлік-құрылыс институтының базасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылғаннан кейін 2002 жылы 24 желтоқсанда математика және ақпараттық технологиялар факультеті (МАТФ) ашылды. 2010 жылдың мамыр айында Математика және ақпараттық технологиялар факультетінен Механика - Математика факультеті бөлініп шықты.

  Факультет деканы физика – математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Ж.Жәйшібеков.

Бүгінгі таңда факультетте 4 кафедра бар: 
- Іргелі және қолданбалы математика ка-федрасы; 
- Алгебра және геометрия кафедрасы
- Жоғары математика және математика әдістемесі кафедрасы; 
- Механика кафедрасы.

Факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы
      Факультетте 15  ғылым докторлары,  профессорлар, 30-дан астам  ғылым кандидаттары, доценттер, 10 Ph.D философия докторлары, бір  ҚР ҰҒА академигі (М.Өтелбаев), үш ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаттары (М.Өтелбаев,  У.У.Өмірбаев), екі ҚР ғылым саласындағы жетістіктері  үшін тағайындалған Мемлекеттік стипендияның Лауреаттары (Р.Ойнаров, Е.Д.Нұрсұлтанов).
  

Факультеттің 4 кафедрасында үш деңгейлі жүйеде дайындық жүзеге асады.  
  бакалавриат:
- 5B060100– Математика (жаратылыс-ғылыми бағыт);
- 5B010900 – Математика (білім беру бағыты);
- 5B060300 – Механика;
- 5B070500– Математикалық және компьютерлік моделдеу. 
  магистратура:
- 6M060100 – Математика (жаратылыс-ғылыми бағыт);
- 6M010900– Математика (білім беру бағыты);
- 6M060300 – Механика;
- 6M070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу.
Ph.D докторантура: 
- 6D060100 – «Математика».

Студенттер саны:
бакалавриат:
Факультетте 369 студент білім алады, олардың ішінде 24 "Алтын белгі" игерлері.

магистратура:
Факультетте 20 магистрант білім алады.

Ph.D докторантура:
Факультетте 20 докторант білім алады.


Факультет миссиясы
       Факультетте халық шаруашылықтың, бизнестің әр алуан сфераларында табысты жұмыс істей алатын математика, ақпараттық технологиялар және механика мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда; студенттердің, магистранттар мен Ph.D докторанттардың оқуына, шығармашылықтарына арналған мүмкіншіліктерді беру, ойдың және жекелік өздігінен жетілуіне жайлы шарттарды жасауда.
Көп деңгейлі білім бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми зерттеулерді белсенді дамытып келе жатқан алдыңғы қатарлы ресей және шетелдік университеттік мектептердің моделі факультеттің негізгі бағытын айқындайды. 
Мемлекеттік органдарды, түрлі мекемелер мен фирмаларды сапалы білімді мамандармен қажеттілігінше толық қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ студенттердің сапалы және қажетті білім алуын қанағаттандыру мақсатымен, қазіргі технологиялардың даму динамикасын қадағалайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерінің ашық және айқын жүйесін құру; ғылыми, педагогикалық және өндірістік сфераларында қарым-қатынасты нығайту мақсатымен мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, мекелермен және фирмалармен ынтымақтастықты дамыту.




Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar