Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Механика-математикалық факультетінің деканы, Нұрболат Жәйшібековпен сұхбат

Нұрболат Жәйшібеков: «Біз жастардың тұлға болып қалыптасыуына барлық жағдайды жасауға тырысамыз»

Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Білім ордасының мемлекеттік және халықаралық дәрежедегі жетістіктері жайында көптеп айтуға болады. Білім мен ғылым саласындағы жеткен көрсеткіштер осында еңбек етіп жатқан білікті мамандар мен оқытушы-профессорлардың арқасында жүзеге асуда. Жаңа 2010-шы оқу жылы қарсаңында біз оқырман қауымын Еуразия ұлттық университетінің бүгінгі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты хабардар ету мақсатында факультет декандарымен сұхбаттар топтамасын ұсынамыз.


- Нұрболат Жұмабекұлы, өзіңіз басқарып отырған факультетіңізде білім берудің басым бағыттары туралы айтып берсеңіз?

- Негізі, Механика-математика факультеттің тарихы С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институты (ЦПИ) құрылымында болған математика факультетінен, яғни, 1962 жылдан бастау алады. 2002 жылы жаңадан ашылған Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Математика және ақпараттық технологиялар факультеті құрылды. Ал, жақында ғана, университеттің ғылыми кеңесінің 2010 жылғы 7 маусымдағы шешімімен Механика-математика факультеті бөлек құрылым ретінде қайта құрылды. Қазіргі кезде мұнда төрт кафедра: іргелі және қолданбалы математика, алгебра және геометрия, жоғары математика және математика әдістемесі, сондай-ақ механика кафедралары бар. Біз «Математика», «Механика» және «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтары бойынша маман даярлаймыз. Осы мамандықтар бойынша магистратура бағдарламасы және «Математика» мамандығы бойынша Ph.D докторантурасы жұмыс істеуде.

Факультеттің кадрлық әлеуеті өте жоғары. Бізде 15 ғылым докторы, профессорлар, 30-дан астам ғылым кандидаттары, доценттер, 10 Ph.D философия докторлары еңбек етеді. Олар – Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де белгілі ғалымдар. Мысалы, қазіргі заманғы аса дарынды математик, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұхтарбай Өтелбаев 2004 жылы ҚР ғылымы мен техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның, ал 2007 жылы ҚР ғылымы мен техникасы саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Ал әлемге белгілі математик Уалбай Өмірбаев Нагата автоморфизмдеріне қатысты ірі ғылыми мәселенің шешімін тапқаны үшін 2007 жылы ТМД елдері ғалымдарының ішінде алғашқы болып Америка математика қоғамының халықаралық Мур сыйлығына ие болды. Сонымен қатар біздің факультетте Н.Темірғалиев, Р.Ойнаров, К.Н.Оспанов, Н.А.Боқаев, Л.К.Құсайынова, Н.Т.Тілеуханова сынды ғалымдар еңбек етеді. ҰҮлыбританияның Кардифф университетінен шақырылған В.И. Буренков  секілді профессор дәріс оқиды.

Факультет студенттеріне математикалық анализ, алгебра, геометрия, ықтималдық теориясы және математикалық статистика, нақты анализ, функционалдық анализ және мамандану ерекшеліктеріне қарай элективті курстар оқытылады.


- Биыл факультетке қанша талапкер құжат тапсырады деп есептейсіз? Өткен жылдармен салыстырғанда олардың саны қаншаға өсті? Бұл үрдісті Сіз немен байланыстырасыз?

- Биыл факультет ұжымы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде мамандыққа баулу жұмыстарын кеңінен жүргізді. Сондықтан ағымдағы оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда, студенттер саны көбірек болады деген болжам бар. Мысалы, 2010 жылдың 4-6 қаңтар аралығында мектеп оқушылары арасында математикадан олимпиада өткізілді. Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Оның бірінші кезеңі Астанада және елдің 7 аймағында өтті. Екінші және үшінші кезеңдері Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Олимпиада нәтижелері бойынша 42 оқушы «5B060100 – «Математика» мамандығы бойынша білім грантын растайтын куәліктерге ие болды.

- Студенттерге білім берудің практикалық жағы қалай жүргізіледі?

- Факультет студенттері мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және фирмаларда өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, оқудан кейін сол ұйымдарда жоғары қызмет атқарады. Мәселен, «Математика» мамандығының түлегі К.Санабаев ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет етсе, тағы бір түлегіміз - В.Пустовойтенко «Сана-Өмір» ЖШС директоры болып жұмыс істейді.


- Біз Механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жетістіктері туралы жиі естиміз...

- Иә, себебі біздің математик-ғалымдарымыз Қазақстанда ғана емес, шет елдерде кеңінен танымал. Факультеттің 10 ұстазы - М.Өтелбаев, Н.Темірғалиев; А.Б.Түнғатаров; К.Н.Оспанов; Н.А.Бокаев; Е.Д.Нурсултанов; У.У.Өмірбаев; Н.Ж.Джайчибеков, Р.Ойнаров және Е.С Темірбеков «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық грантының иегері болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде факультет ұстаздары рейтингі жоғары шетелдік ғылыми журналдарда 30-дан астам мақала жариялады. Ректор Бақытжан Әбдірайым мырза тағайындаған «Рейтингі жоғары халықаралық журналдарда математикадан жарық көрген ғылыми зерттеулері үшін» сыйлығына М.Өтелбаев, Н.Темірғалиев, Е.Д.Нурсултанов, Н.Ж.Джайчибеков, Р.Ойнаров және Н.Т.Тлеуханова бірнеше рет ие болды.

Факультет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесіп «Еуразиялық математикалық журналын» шығарып келеді. Бұл басылым 2010 жылдан бері ағылшын тілінде жарық көреді. Оның халықаралық редакциялық алқасына Ресейдің жетекші мамандары, оның ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ профессорлары, сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Түркия, АҚШ, Чехия, Франция, Швеция, Жапония және басқа да елдердің білікті ғалымдары кіреді. Алдағы уақытта журнал импакт-факторы жоғары халықаралық рейтингілік басылымдар қатарына енеді деп ойлаймыз.

Факультет Padova университететінің профессоры Massimo Lanza De Cristoforis-пен (Италия), РҒА В.А.Трапезников атындағы басқару мәселелері институтымен, РҒА В.А.Стеклов атындағы математика институтымен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ механикалық-математикалық факультетімен, Новосібір мемлекеттік университетімен, сондай-ақ Ресей, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Чехия, Польша мен Түркияның жекелеген ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Бүгінгі таңда біздің оқытушыларымыз жалпы құны 17,48 млн. теңгені құрайтын 6 ғылыми-зерттеу жобасымен айналысуда.


- Факультетте оқып жатқан студент - жастардың университеттің ғылыми және мәдени - қоғамдық өміріне араласуы жайында айтып берсеңіз.

- Факультетіміздің студенттері түрлі мәдени-бұқаралық шараларға белсене атсалысады. Бізде көңілділер мен тапқырлар командасы, түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді. Математика, механика, математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша студенттер командалары халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысып, жеңіске жетіп жүр. Біз студенттерді, магистранттар мен Ph.D докторанттарды сапалы оқытуға, олардың шығармашылық, интеллектуалдық және тұлғалық тұрғыдан жетілуіне барлық жағдай жасауға тырысамыз.


- Әңгімеңізге рахмет!


Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar