07.06.2011 Механика-математика факультетінің жастар Үкіметі құрамы алғыс хаттармен марапатталды
Механика-математика факультетінің жастар Үкіметі құрамы факультетте және университет пен қала деңгейіндегі атқарылған іс-шараларға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
14 мамыр 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің спорт кешенінде қала деңгейінде ЕҰУ-нің 15 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігіне 20-жылдық мерейтойна орай мини – футболдан «Тәні саудың – жаны сау» атты жарысы өтті. Бұл жарыста Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті және КазУТБ университеті және колледж командалары қатысты. Бұл жарыс «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарлама аясында жүргізілді. Іс – шараның ұйымдастырушылары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті, «Есірткісіз болашақ» Корпоративтік қоры, Астана қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасы және Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
27.04.2011 Мех-мат кұрама командасы 3 орнығы ие болды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттері арасында жалпы командалар есебі бойынша волейболдан механика – математика факультетінің комендасы 3 орынды иеленді.
27.04.2011 Студенттер емханасының дарігері Жайгараева А. «Түберкүлез. Оның алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды
26 сәуір күні студенттер емханасының дарігері Жайгараева А. «Түберкүлез. Оның алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды. Механика-математика факультетінің студентттері дәріске аса қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Дәрістің мазмұндылығын факультет студенттерінің 100%-ның флюротексеруден өткендігі көрсетеді.
26.04.2011 Ph.D докторанттар математиктердің шетелдік университеттерде кезекті қорғаулары
Биылға жылдың сәуір айының 19 жұлдызында Падуя университетінде (Италия) біздің 3 курс Ph.D докторанттар Кұдабаева Салтанат Ерсінқызы және Жапсарбаева Лейла Кұрмантайқызы докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, Ph.D доктор ғылыми атақтарына ие болды.
24 апреля прошел городской кросс. Студенты механико-математического факультета приняли активное участие в общегородском забеге организованным экономическим факультетом в честь 20-летия независимости Республики Казахстан.
Механика-математика факультетінің студентттері №41, 42 және Қошқарбаев көшелерін жинастыруға үлес қосты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Көңіл-күй көтеру мен дене шынықтыру үшін гитармен ән салып, ойындар ойнатылды. Жұмыс соңынан қалалық әкімдіктің автобусымен тарасты.
23.04.2011 Университеттің бөлімшелік полиция қызметкері «Студенттің қауіпсіздігі» тақырыбына дәріс оқыды
22 сәуір күні университеттің бөлімшелік полиция қызметкері Кутемгенов Г.К. «Студенттің қауіпсіздігі» тақырыбына дәріс оқыды. Механика-математика факультетінің студенттері дәріске аса қызығушылықпен қатысты. Іс-шара барысында студенттер мынада сұрақтарды көтерді:
- қандай қару түрлерін өзі-өзі қорау барысында пайдалануға болады;
- қатер төнген жағжайда не істеу керек;
- өз құқығымызды қалай қорғай аламыз;
- жеке затым жоғалса не істеуім керек;
- сенім телефоны деген не және т.б.
Дәріс соңынан Галым Құрманұлы қараңғы уақыт мезгілінде аса сақтық таныту мен өзін-өзі қорғау шаралары жайлы толық мағлұмат берді.
04.04.2011 Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің I Съезі
Мектепте математикалық білім берудің сапасын арттыру мәселелерін өзектендіру мақсатында 2011 жылғы 10-11 мамырда Астана қаласында «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жайы және даму болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің I Съезі өтеді.
Еуразия Ұлттық Университетінің механика – математика факультетінің студенттері 28 наурыз 2011 жылы Астанадағы қарттар үйінде (Коктал 1 ауылындағы) 22 наурыз мейрамына арналған қайырымдылық кешін ұйымдастырды.
16.03.2011 Факультетте мемлекеттік тілде кезекті оқулық жарық көрді
Іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценттері Зара Сыздыкова және Андрей Ибатов қазақ тілінде "Математикалық физика теңдеулері" атты оқулық шығарды.
толығырақ
28.02.2011 Қалалар турнирі - Халықаралық математикалық олимпиадасы
Механика-математика факультеті М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің ҚФ бірігіп 2011 жылдың 27 ақпанда мектеп Астана қаласы оқушылары арасында «Қалалар турнирі» Халықаралық математикалық олимпиадасын өткізді.
26.01.2011 III Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы
2011 жылдың сәуірдің 7-8 күндері Механика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар факультетімен бірлесіп III Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясын откізеді.
06.01.2011 «Космос на благо человечества – взгляд в будущее» Халықаралық конференциясы
Механика-математика факультетінің ПОҚ, студенттері және магистранттары «Космос на благо человечества – взгляд в будущее» Халықаралық конференциясына қатысты
толығырақ
05.01.2011 Мемлекеттік стипендия иегерлері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 23 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес ЕҰУ-дің Теориялық математика институтының директоры, Математика-механика факультетінің Қолданбалы математика кафедрасының профессоры Н. Темірғалиев, және Математика-механика факультетінің Қолданбалы математика кафедрасының Ph.D докторы Л. Сарыбекова ғылым мен техниканы дамытуға қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің ғылыми стипендиясына ие болды.
27.12.2010 Ph.D докторант Көпежанова Әйгерімнің ғылыми тәжірибесі туралы
Үстіміздегі жылдың қазан айының 18-ші жұлдызынан желтоқсан айының 22- жұлдызы аралығында “Математика” мамандығы бойынша 3-курстың Ph.D докторанты Әйгерім Көпежанова Швеция елініңи Лулео қаласындағы Лулео технологиялық унивеситетінің математика факультетінде ғылыми тәжірибеден өтті.
Механика – математика факультеті іргелі және қолданбалы математика кафедрасының 3-ші жылғы докторанты Әйгерім Нұржанқызы Көпежанова үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Лулео технологиялық университетінде (Швеция) “Relations between Functions from some Lorentz Type Spaces and Summability of their Fourier Coefficients” тақырыбына лицензиаттық академиялық дәреже алу үшін диссертацияны сәтті қорғап шықты. Ғылыми жетекшілері - профессор Е.Д.Нұрсұлтанов және Лулео технологиялық университетінің профессоры Л.-Е. Перссон.
18.12.2010 «Мех-мат мұз айдынында» салауатты өмір салтын ұстану іс-шарасы
«Мех-мат мұз айдынында» салауатты өмір салтын ұстану іс-шарасы өтті. Факультеттің барлық 1-курс студенттері белсенділік көрсетті. Акция «Ақбұлақ» мұз айдынында өтті. Акцияның мақсаты факультет студенттерінің біртұтастығын қалыптастыру мен СӨС ұстануға шақыру. Ерекеш белсенділік тенытып, ұйымдастыруға ат салысқан келесі студенттерді атап айтуға болады: Нукештаева Зарина, Орынбасарова Гульсум.
Желтоқсан оқиғасының 19 жылдығына арналған «Желтоқсан желі» тақырыбында іргелі және қолданбалы математика кафедрасының кураторлары ұйымдастырған ашық кураторлық сағат өтті.