Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Факультеттің ғылыми шығармашылық қызметі

Нагаты автоморфизмдері туралы күрделі ғылыми мәселені шешу барысында У.Умирбаев ТМД елдерінің ішінде 2007 жылы Америкалық математикалық Қоғамның халықаралық Мур премиясын бірінші болып иеленді.

2009 жылы У.Умирбаев Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік премиясына ие болды.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі ғылыми және педогогикалық қызметінде өте жоғары жетістіктерге ие болған жоғары оқу орындарының оқытушыларына қолдау көрсету мен мадақтау мақсатында мемлекеттік Грантын бөлу үшін «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсын ұйымдастырды.

Осы уақыт аралығында Факультеттің 16 профессорлары мен доценттары «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық грантына ие болды:

- 2005 жыл - Отелбаев М, Темиргалиев Н.; Тунгатаров А.Б; Оспанов К.Н.; Бокаев Н.А.; Нурсултанов Е.Д.; Боранбаев С.Н.; Шарипбаев А.А.;

- 2006 жыл - Бейсенби М.А.; Умирбаев У.У.;

- 2007 жыл – Джайчибеков Н.Ж., Ойнаров Р., Темирбеков Е.С., Сагындыков К.М.;

- 2008 жыл – Адамов А.А., Малибекова М.С.

Факультетте екі диссертациялық кеңес қызмет жасайды:

- 01.01.01 – математикалық талдау және 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика теңдеулері (Төрағасы ҚР ҰҒА академигі Отелбаев) мамандықтары бойынша физико- математика ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежесі ізденушілерінің Д.14.61.50 Диссертациялық кеңесі;

- 05.13.11 – компьютерлік жүйелердің және есептеу машиналарын бағдарламалық және математикалық қамтамасыздандыру және 05.02.23 – өнім сапасын басқару және стандартизациялау (Төрағасы профессор А.А.Шарипбаев) мамандықтары бойынша техника ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежесі ізденушілерінің Д.14.61.01 Диссертациялық кеңесі.

2008-2009 оқу жылында 3 кандидаттық диссертация, 7 Ph.D диссертация, оның ішінде 2 Ph.D докторанттары (З.Абдыкаликова, С.Бургумбаева) шетелде және 2 Ph.D докторанттары (А.Темирханова, Л.Сарыбекова) лицензиат дәрежесін қорғап шықты.

2008 - 2009 оқу жылдарында жоғары рейтингтті шетелдік ғылыми журналдарда факультет оқытушыларының 30- дан астам мақалалары жарияланды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Б.Ж. Әбдірайым мырза ұсынысымен «Халықаралық жоғары рейтингілі журналдарда математикадағы ғылыми зерттеулері жарияланғаны» үшін премиясына келесі жоғары лауазымды оқытушылар лайықты:

- «Дифференциалды теңдеулер» атты танымал математика журналында жарияланған мақаласы үшін профессор Н.Темиргалиев;

- «Сібір математикалық журналында» жарияланған мақаласы үшін ҚР ҰҒА акедемигі М.Отелбаев;

- «Математикалық белгілеулер» журналында жарияланған зерттеулері үшін профессор Е.Д.Нурсултанов.

2003 жылдан бастап факультетте М.В. Ломоносов атындағы ММУ бірлесе отырып, «Еуразиялық математикалық журнал» жарыққа шықты. Ол журнал 2010 жылдан бастап ағылшын тілінде шығарылатын болады.

Соңғы 3 жылда факультетте шетел ғалымдарының қатысуымен келесі Халықаралық конференциялары өткізілді:

- 2007 жылдың маусым айында профессор Н.Темиргалиев мырзаның 60-жылдығына арналған «Функция теориясы және есептеу әдістері» Халықаралық конференциясы;

- 2007 жылдың қыркүйек айында профессор Р.Ойнаров мырзаның 60-жылдығына арналған «интегралды және дифференциалды операторлардың салмақты бағалары» Халықаралық конференциясы;

- 2007 жылдың қазан айында «мұнай-газ өндірісі өнеркәсібіндегі экологиялық және ғылыми- технологиялық мәселелерін математикалық модельдеу» атты VI Қазақстандық-Ресейлік халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;

- 2008 жылдың қыркүйек айында профессор А.Б.Тунгатаров мырзаның 60-жылдығына арналған «Актуальные проблемы теории дифференциальных уравнений в частных производных и их применения» Халықаралық конференциясы өтті.

2008 жылдың қараша айында математика, механика және информатика пәндері бойынша Бірінші Республикалық студенттік ғылыми- практикалық конференциясы өткізілді.

Осы жылдың 25-26 наурызында математика, механика және информатика пәндері бойынша Екінші Республикалық студенттік ғылыми- практикалық конференциясы өтті.

Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar