Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Мекен жайы, байланыс телефоны:
№ 2 оқу ғимараты, 2 қабат, 216 бөлме, байланыс телефоны 37-35-43
Кафедра меңгерушісі – Сыздыков Сатай Мақсұтұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Кафедра 2006 жылы 5 қыркүйекте құрылды, кафедраның ашылуы аймақтанушы мамандарды даярлауды жетілдіру қажеттілігімен байланысты. 2009 жылы наурызда мамандарды даярлау үрдісін жақсарту мақсатымен аймақтану кафедрасының шығыстану кафедрасымен біріктірілді.
Аймақтану кафедрасында қазір тәжірибелі, аға және орта буын мен жас мамандар сабақтастығы қалыптасқан. Кафедра құрамында бүгін 27 оқытушы бар: 3 ғылым докторы профессорлар, 8 ғылым кандидаттары доценттер, 5 магистр, 2 PhD докторы. Аймақтану кафедрасында жұмыс атқаруға көптеген жас оқытушылар ынталануда. Қазір кафедра құрамында 30 жасқа толмаған 7 жас оқытушы бар.
Өзінің жұмысында аймақтану кафедрасы МЖБС негізге алады, сонымен қатар университеттің ішкі стандарттарын, және сапа менеджмент стандарттарын «050505 - Аймақтану» мамандығы бойынша даярлық 2004 жылдан бастап жүргізіледі(№ 0000002 лицензия 26.04.2004ж № 361бұйрық). Оқу орыс және қазақ тілдерінде күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Нәтижесінде «Аймақтану бакалавры» біліктілігі беріледі. Оқу мерзімі – 4 жыл. 2009-2010 жылынан бастап «050209 - Шығыстану» мамандығы бойынша даярлық жүргізіледі. Дәрістер орыс және қазақ тілдерінде күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Нәтижесінде «Шығыстану бакалавры» біліктілігі беріледі. Оқу мерзімі – 4 жыл. Сонымен қатар кафедрада «6N0505- Аймақтану» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Оқу мерзімі 1 және 2 жыл.
Болашақта кафедрада «Аймақтану» мамандығы бойынша докторантура және «Шығыстану» мамандығы бойынша магистратура ашылуы көзделіп отыр.
Кафедра аймақтанушы және шығыстанушы мамандықтарды мамандану аймақтарына сәйкес дайындайды.
Шығыстану:
Шығыс Азия (қытай, жапон, корей) Орта Шығыс және Солтүстік Африка (араб, парсы, түрік).
Аймақтану:
Батыс Европа (ағылшын, итальян, испан, француз), Солтүстік Америка (ағылшын, испан, француз).
Кафедрада оқу барысында бакалавриат және магистратура шеңберінде 50-ден астам базалық және таңдау бойынша пәндер оқытылады (қазақ, орыс тілдерінде).
Базалық курстар:
Мамандану аймағының саяси жүйесі
Кафедрада шығыс тілдері курсы оқытылады, араб, түрік, қытай, жапон тілдері. Курсты оқу аясында студенттердің мынадай пәндерді таңдау мүмкіндіктері бар:
Әлемнің өркениетті аймақтары және халықаралық еңбек бөлінісі;
Мамандану аймағының этнография негізі;
Мамандану аймағы мәдениетінің тарихы;
Әлемнің негізгі аймақтары;
Мамандану аймағының мәдени-өркениеттік ерекшелігі;
Мамандану аймағының діни жағдайы;
Халықаралық қауіпсіздік;
Аймақтық және ұлттық қауіпсіздік;
Орталық Азиядағы аймақтыұ қауіпсіздік мәселелері;
Сыртқы саясат және дипломатияның қалыптасу үрдістері;
Дипломаиялық хаттама және этикет;
Келіссөздер үрдістерінің техникасы;
Америка континентіндегі интеграциялық үрдістер;
Европалық интеграция мәселелері;
Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық және интеграция;
Мамандану аймағының мемлекеттік құрылымы және құқықтық жүйесі;
Мамандану аймағы елдеріндегі демографиялық үрдістер;
Мамандану аймағындағы қоғамдық ойлар тарихы.
Дәрістік курстарды ғылым докторы және ғылым кандидаты дәрежесін иеленген, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Түркия, Қытай, Марокко жетекші оқу орындарында білім алған тәжірибелі оқытушылар жүргізеді (Ж.М.Тулибаева, Д.Мәсімханұлы, С.М.Сыздықов, С.А. Төлеубаева, В.Н. Алексеенко, Р.К. Баимбетова, Т.В. Мармонтова, Т.В. Топорина, Ж.А. Ағабекова және басқалар).
Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: түрлі баспаларда ғылыми басылымдарды жариялау, конференцияларға қатысу, түрлі гранттар мен жобалар бағдарламаларына қатынасу.
Халықаралық ынтымақтастықтың үлесі негізінен т.ғ.д., Ж.М. Тулибаева жетекшілік ететін кафедрада оқитын PhD докторанттарға байланысты.
Осыған байланысты ғылыми ынтымақтастыВ.Фурньо, К.Пужоль, Т. Дронзиналармен жүргізуде. Докторанттар шетелге тәжірибе алмасу сапарларына шығады, тәжірибеден өту кеңістігінің аясы кең (Түркия, Болгария, Франция) кафедра меңгерушісі Ж.М.Тулибаева төмендегідей бағдарламаларға қатынасты:
Кафедраның көптеген оқытушылары шетелдік тәжірибеден өтті және гранттық бағдарламаларға қатынасты.
Кафедраның аға оқытушысы Жиенбаева Г.Т. және аға оқытушы Уракова Л.С. 2009 ж 7 және 8 наурыз аралығында Анкара университеті аясында «Томер» түрік тілін оқытушыларына арналған сегізінші халықаралық симпозиумына қатынасты. Жиенбаева Г.Т. «Астана қаласындағы түрік тілінің үйретуі», Уракова Л.С. «Қазақстанда түрік тілін үйрету методологиясы» тақырыбында баяндама жасады. Симпозиум қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылады. Сипозиумға қатынасушыларға сертификат берілді.
2009 жылдың 12 және 23 сәуір аралығында кафедра меңгерушісі Ж.М.Тулибаева, доцент С.А. Тулибаева және кафедраның аға оқытушысы Б.Ж. Мұстафаев Каир қаласында өткен ЕАР – ұлттық зерттеу орталығының ЕАР ІІМ-мен ынтымақтаса отырып , Египеттің ТМД елдерімен техникалық ынтымақтастық қоры аясында ұйымдастырған «Білімді дамыту» тренингтік бағдарламасына қатысты. Бағдарламаларға қатысушыларға арнайы сертификат берілді.
Кафедра доценті Т.В.Мармонтова ҚР БҒМ-ң «Ұлттық идея Қазақстанның дамуының негізі ретінде» бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында ғылыми зерттеу жұмысын орындау үшін ҒЗБ-ң 2008 ж ҚР БҒМ –нің философия және саясаттану институтымен бірге өткізген «Қазақстан қоғамы және басқарудың тиімділігі жағдайына болжау жасау этноконфессиональдық саладағы мониторинг әдісі ретінде» ғылыми зерттеу бағдарламасына қатысты.
2009 жылғы ақпанда Т.В.Мармонтова «Қазақстан Республикасында қыздар мен әйелдерге кәсіптік білім беру және білім саласын реформалау үрдістеріне қолдау көрсету» жобасына қатынасу үшін GTZ (Техникалық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы) тартылды – эксперт ретінде, жоба Ж.М.Тулибаева және В.Н.Алексеенко мен бірлесе отырып сәтті аяқталды.
Кафедра доценті Т.В.Мармонтова төмендегідей гранттарды жеңіп алды:
- ОААО «Білім» орталығының 2008 жылы желтоқсанда Алматыда өткен «Орталық Азия ауызша тарихы» семинарына қатысуы – сертификат берілді.
- Стамбұлда өткен «Еуразия: бүгіні, өткені, болашағы» атты конференцияға қатынасу үшін жол грантын жеңіп алды. TIKA агенттігінің Мальтепе Университеті.
- 2009 жылы 24 мамыр – 4 маусым аралығында Орынбор қаласының мұрағатында зерттеу жұмысын жүргізу бойынша семинарға қатысты – сертификат берілді. «Орталық Азияның этникалық үрдістері және ұлттық саясаты» тақырыбына байланысты құжаттар іздестіруді жүзеге асырды.
Кафедра доценті Т.В.Мармонтова үш жыл қатарынан «Тұран»Университеті және HESP Re Set «Пост – кеңестік Орталық Азиянның ұлттық тарихнамасы» жобасына қатысуда.
2009 жылы С.М.Сыздықов «Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» жаңашыл жобасы жаһандану дәуіріндегі тәуелсіз Қазақстанның тұрақты даму ресурсі» тақырыбы бойынша іргелі ғылыми зерттеу бағдарламасы грантын жеңіп алды.