Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Халықаралық қатынастар кафедрасы

Мекенжайы, байланыс телефоны:

№ 2 ғимарат, 2 қабат, 207, 216 бөлмелер, байланыс телефоны 37-47-79 

Кафедра меңгерушісі – Елмырзаева Раушан Сапарханқызы, т.ғ.к., доцент 

Кафедра туралы мәліметтер:

Халықаралық қатынастар кафедрасы 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әр жылдары кафедра қысқа мерзім ішінде «әлемдік экономика», «аймақтану» мамандықтарына қызмет көрсетті. Профессорлық-оқытушылар және оқып жатқан студенттер санына қарай бұл кафедра факультеттегі ең ірісі және университеттегі ауқымды кафедралардың бірі болып табылады. 

Профессорлық-оқытушылар құрамы:

Кафедрадағы білім беру үдерісін арнайы профессорлық-оқытушылық кадрлар жүзеге асырды. ПОҚ-тың базалық білімі мамандық лицензиясына қойылатын талаптарға сай келеді. Кафедра оқытушылары қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде сабақ береді.

2010-11 оқу жылында  халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы барлығы 36 адамнан тұрады, соның ішінде 5 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 1 доктор PhD және 3 магистр. 11 штаттан тыс оқытушы жұмыс істейді.

Оқыту жұмысы:

Кафедрадағы оқыту жұмысы оқу үдерісін жоспарлау мен нормалаудың барлық қажетті сыртқы және ішкі құжаттарына: 2006 жылғы ҚР МБМББС, типтік бағдарламаларға сай жүргізіледі.

Кафедра келесі мамандықтарды дайындау бойынша оқыту жұмысын жүргізеді:

·  5B020200 – халықаралық қатынастар – бакалавриат (4 жылдық оқу) қазақ және орыс бөлімдері;

·  6M020200 – халықаралық қатынастар – магистратура (1 и 2 жылдық оқу) қазақ және орыс бөлімдері.

·  6D020200 – халықаралық қатынастар – докторантура (3 жылдық оқу) қазақ және орыс бөлімдері.

2010-11 оқу жылында «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің саны (бакалавриат) 416, ал «халықаралық қатынастар» (магистратура) 36. Мемлекеттік тілде білім алып жатқандардың саны 258.

Оқытудың барлық түрінде оқу үдерісінің дәріс, машықтық сабақтар, СОӨЖ, МОӨЖ, оқу тәжірибесінен өткізу, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден тұрады.

Кафедра жүзеге асырып жатқан оқу үдерісінің материалды-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді Кафедра оқытушылары оқытудың жаңа технологияларын меңгеруде: электрондық оқулықтар жасалды, видеодәрістер дайындалып, жүргізілуде.

Халықаралық қатынастар кафедрасы жоғары білікті және ғылыми дәрежелері профессорлық-оқытушылар құрамы, ауқымды оқу-әдістемелік базасы бар халықаралық ғылыми орталықтармен және университтермен байланыстар (Ресей, Украина, Болгария, Польша, Германия, Венгрия, Чехия, АҚШ, Франция және Ұлыбритания) орнатқан.

Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары. Факультеттің басқа кафедраларымен, өзге факультеттермен және ЖОО-мен бірлескен жұмыс

Кафедраның ғылыми жұмысы бірнеше зерттеу бағыттарында жүзеге асырылады. Кафедраның жеті мүшесі ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Кафедрада доцент Д.Қ. Ерниязовтың жетекшілігімен әдістемелік семинар жұмыс істейді. Профессор Сайлау Батыршаұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы экономика саласы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады. Профессор Г.М. Кәкенова Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетiнде және ҚР ОҒМ мемлекеттiк тарих институтінде тарихи мамандықтар бойынша бiрiккен диссертациялық кеңесiнiң мүшесi болып қызмет атқарады. С.ғ.д., профессор Кожирова С.Б. Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетiнде саяси мамандығы бойынша  диссертациялық кеңесiнiң мүшесi болып табылады.

Кафедра оқытушылары ғылыми жобалардың сараптамасын жасауға қатысады, сонымен қатар, тарихи мамандықтар үшін МБМББС бойынша сараптамалық қорытынды жасайды. Кафедра оқытушыларының ғылыми мақалалары шетелдік және отандық басылым беттерінде жарық көреді. Профессорлар мен оқытушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі жұмысы қалыптасқан және тұрақты ізденісте болатын ғылыми топтардың барлығын дәлелдейді.

Кафедра шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты бірлескен монографияларды, оқу құралдарын шығару арқылы, оқытушылардың әр түрлі ғылыми конференцияларға қатысуы, шетелдік ғалымдарды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өткізетін конференцияларға шақыру арқылы жүзеге асырады. 

Кафедрадағы ғылыми-тәжірибелік жұмыс

Кафедрада студенттердің, магистранттардың және басқа да жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жан-жақты қолдауға ие болып отыр. Бұл жұмыс оқу үдерісі кезінде әр топта машықтық сабақтардың барысында микроконференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы жүзеге асырылады. Машықтық және СОӨЖ сабақтары кезінде студенттер баяндамалар және рефераттар қорғайды.

Халықаралық қатынастар кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми басылымдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі және т.б. оқу үдерісі кезінде – дәрістер, машықтық сабақтар, арнайы курстар мен арнайы машықтық сабақтар, сондай-ақ, МӨЖ, МОӨЖ, СӨЖ, СОӨЖ кезінде кеңінен қолданады.

Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамының шетелдік ғалымдармен ынтымақтастығы

Мамандық бойынша шет тілдерін меңгерген, дипломатиялық қызметте көп еңбек еткен (Сайлау Батыршаұлы), шетелде білімін жетілдірген (Есдәулетова А.М. (АҚШ), Елмырзаева Р.С. (Германия), Жолдасбекова А.Н. (Франция, Пәкістан, Үндістан), Кожирова С.Б. (Болгария, Венгрия), Сыдықназаров М. (Польша), Алиева С.К. (Ресей, М.В. Ломоносов атындағы МГУ), Ахметжанова Л.К. (Венгрия), Кусаинова А.М. (Венгрия), Кенжалина Г.Ж. (Ресей Федерациясы), Джумадилова Г.М. (Швейцария) оқытушылар сабақ береді.

Сонымен қатар, дәрістерді оқытуға шетелдік ғалымдар шақыртылды: Грегори Глиссон (АҚШ), Богатуров А.Д. (Ресей), Татьяна Дронзина (Болгария) және т.б.

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar