Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Шетел тілдер кафедрасы

Мекен жайы, байланыс телефоны:

№ 2 ғимарат, 2 қабат, 210 бөлме, байланыс телефоны 37-38-85

Кафедра меңгерушісі – Есенгалиева Анна Михайловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.  

Шетел тілдері кафедрасы туралы ақпарат

Шетел тілдері кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне шетел тілдерін оқытушы кафедра болып табылады және келесі мамандықтар бойынша базалық және профильдік пәндер бойынша сабақ жүргізеді: «050202 – Халықаралық қатынастар» (бакалавриат, магистратура), «050502 – Саясаттану» (бакалавриат, магистратура, РhD докторантура), «050505 - Аймақтану» (бакалавриат, магистратура), «022140-Шығыстану» (бакалавриат).

Шетел тілдері кафедрасы 2001 жылдың қыркүйек айында құрылды.

Оқу үдерісінің ұйымдастырылуы

Кафедрада 5 шетел тілінен сабақ жүргізіледі: ағылшын,  француз, итальян, неміс, испан.

Кафедрада Испаниядан, Италиядан, Кореядан, АҚШ-тан келген оқытушылар кафедраның ғылыми бағыттарының негізінде жұмыс істейді (Э. Канетта, Фадда Роза Бьянка, Давид Начо Архон Перес, У. Конвей, Ли Юнь).

Кафедрада тілтану, лингвоәлемтанудың көкейкесті қиындықтары, шетел тілін оқытудың практикалық әдістемелік сұрақтары және теориясы талқыланатын, оқытушылардың санатын жоғарылатудың ең басты формасы болып табылатын ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді.

Кафедра өз жұмысын атқаруда МЖББС-қа, факультеттің негізгі кафедраларының мамандарымен дайындалған бағдарламаларға, осы кафедралармен жетілдірілген оқу жоспарларына сүйенеді. Оқытушылардың жалпы санынан: 1 доцент – кафедра меңгерушісі Есенгалиева А.М. (п.ғ.к.), 12  аға оқытушы, 4 оқытушы, соның ішінде 5 шетелдік оқытушылар  Италиядан (Канетта Эдоардо, Роза Бьянка Фадда), Испаниядан (Давид Начо Архона Перес), АҚШ-тан (У.Конвей) және  Корея Республикасынан (Ли Юнь).

Барлық басқару мен басшылықтың назары студенттерге білім берудің сапасына бағытталған.     

Кафедра жетістіктері

Мемлекеттік тілде келесі оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді:

1)   Аға оқытушы Э. Канетта итальян тілі бойынша қазақ тілінде «Итальян тілі мен мәдениетінің оқулығы» (итальянский, казахский), Алматы, 2008,144 бет.,оқулық шығарды.

2)   Лектор Роза Бьянка Фадда өлеңдер жинағын шығарды «Poesie e Testi in Prosa», Астана, 2007, 84 бет.

3)   Хасенова Р.Т., Ниязбекова А.А., Купаева А. К. «Дипломатиялық жолсерік»  атты ағылшын тіліде аудиожазбаларымен оқу құралын шығарды (қазақ топтарына арналған).

Кафедра оқытушылары «LECTURNITY» білімдік бағдарламасы бойынша видео дәрістер жетілдіріп (Темирбаева Д.Т., Кусаинова Р.Е., Ергалиева К.О., Салиева Д.О.) оны интерактивті тақтаны пайдаланып оқу үдерісінде қолданады.

Есенгалиева А.М. «LECTURNITY» білімдік бағдарламасын қолданып ағылшын тілі бойынша тестік тапсырмаларды дайындады, Алекешева А.Е. - «Australia» тақырыбы бойынша электронды жүйесін жетілдірді, оқытушы Салиева Д.О. келесі тақырыптарға видео-жобаларды дайындады: “Kazakhstan in the World Arena” және “The Russian-American Relations”. Кафедра оқытушылары «CLIX» бағдарламасы бойынша мазмұнын дайындауда.

Кафедра оқытушылары жыл сайын АҚШ, Италия, Франция және т.б. ғалымдары ұйымдастырған халықаралық конференцияларға, әдістемелік семинарларға, санатын жоғарылату курстарына қатысады.

Шетел тілдері кафедрасы (жауапты Савенкова Н.А.) Шығыстану кафедрасымен бірлесіп (жауапты Тулибаева С.А.) «Халықтың қызметіне – шетел тілдері» атты 2009 жылдың 2 сәуірінде Италия, Турция, Франция, АҚШ Елшіліктерінің қатысуымен Халықаралық семинар өткізді;

Студенттер  Атау А., Тлеужанова А., Ауелбекова М. және т.б. «Ғылым және білім – 2008» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі болды.

24.12.09 ж. кафедра меңгерушісі, доцент Есенгалиева А.М. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталды.

«Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында ЕҰУ–дің Ректоры профессор Б.Ж Әбдірайымның бұйрығымен шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Ш.Д.Смаилбекова және Р.Е.Кусаинова марапатталды.

Осы мерекеге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ.Тілеухан, ЕҰУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.Қ.Сағынтаеваның қатысуымен өткен факультеттегі мерекелік ісшарада аға оқытушы Г.С. Тамкович және А.Қадысқызы факультет өміріне белсенді қатысқаны үшін және жақсы еңбектенгені үшін факультет деканаты атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Оқытушылар «Болашақ» бағдарламасына қатысып, гранттарға ие болды: ағылшын тілі оқытушылары Ж.Б. Жумагазина (АҚШ), Д.О. Салиева (Ұлы Британия), А.А.Тулеметова (Ұлы Британия).

Аға оқытушы Смолина Л.И. Германияда тілдік стажировкадан өтіп, білім сертификатына ие болды.

Аға оқытушы Ергалиева К.О., республикаолық конкурстың жүлдегері, Францияда мамандандырылған және тілдік стажировкадан өтуге грант ұтып алды (Бордо қаласы.).

Доцент Есенгалиева А.М. Үндістанда өтетін «Eurasian Perspective, In search of alternatives» семинарда грант ұтып алды  (ақпан 4-6, 2009ж.) Кальката қ., Үндістан.

Аға оқытушы Кадыскызы А. 2009 жылдың 29 сәуірінде халықаралық конгреске қатысты   Анкара қ., Түркия,  «Газі» университеті.

ХҚФ студентері шетел тілдері бойынша халықаралық білім гранттарын ұтып, сонымен қатар Италияда, Испанияда, Германияда  және Францияда және т.б. елдерде стажировкадан өтуде.

Какимова А., Оспанова Б., Шокатова Г. «Эрасмус Мундус» бағдарламасы бойынша грант ұтып Европа университеттерінде оқуларын жалғастыруда.

Кусаинова А., Раимбекова С., Кусаинов Г., Жунусова А. «Болашақ» бағдарламасы бойынша грантқа ие болып, Англияда оқуларын жалғастыруда.

Бекжанова Д., Коновалова О. және Изимова Р. шетелдік іс-сапарымен Перуджа қ. болды Италия. Тян Н., Горнякова О. бір ай Испанияда оқыды.

Уалиева М., Арипова И., Сулейменова Ж. Италия Елшілігі ұсынған 2009-2010 академиялық оқу жылының оқу грантының иегерлері атанды. 

Халықаралық ынтымақтастық

Ынтымақтастықты жетілдеру мақсатында Халықаралық ынтымақтастықтың Испания агенттігімен, Италия Елшілігімен, Францияның Альянсымен және т.б. де тығыз байланыстар орнатылған.

Шетел тілдер кафедрасында АҚШ-тан, Италиядан, Испаниядан келген оқытушылар жұмыс істейді. Олар оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетіп, кафедра жұмысына белсенді қатысады. Студенттердің шетел тілдерін жетік меңгеруі үшін кафедрада ағылшын, итальян және корей тілдері бойынша факультатив курстары ашылды.

Кафедраның ОПҚ-мен АҚШ, Испания, Италия, Франция Елшіліктері факультетінің студенттеріне озара мәдени кештер, кино және поэзия оқуларын откізеді. Студенттер семинарларда, олимпиадаларға, брейн-рингтерге, студенттік конференцияларға белсенді қатысады. Көптеген студенттер шет елдерде тәжірибе алмасуда, мысалы: Испания, Италия, Германия және т.б., мемлекеттерде.

Шетелдік студенттерге арналған Сиена қ. (Италия) өзара бағдарлама жұмыс істейді, бұл студенттер мен оқытушыларды итальян тілінен дайындыққа бағытталған.

Әдістемелік сұрақтар бойынша Комплютен Университетімен (Мадрид) келіссөздер жүргізілуде.

Мюнхен Университетімен, Бавар Ұлттық  кітапханасымен Андорра Әмірлігінің  ұлттық кітапханасымен, Люксембург Білім және мәдениет Министрлігімен байланыстар орпатылуда.

Сонымен қатар Macmillan, Global Education, Oxford University Press баспаларымен ғылыми және мәдени байланыстар бар.

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar