Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Шығыстану кафедрасы


1999 жылы профессор С.А.Қасқабасовтың басшылығымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде шығыстану факультеті ашылды. Факультеттің құрамында үш кафедра жұмыс істеді. Олар:

1.арабтану және парсытану кафедрасы;

2.қытайтану және жапонтану кафедрасы;

3.шет тілдер кафедрасы.

2000 жылы шығыстану факультеті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар институтының шығыстану кафедрасы болып өзгертілді. Кафедрада араб, қытай, жапон, түрік, парсы, урду және хинди тілдеін оқытатын мамандар жұмыс істеді.

2009 жылы шығыстану кафедрасы аймақтану кафедрасымен бірігіп, 2010 жылы халықаралық қатынастар факультетінің шығыстану кафедрасы болып жеке бөлінді.

Кафедра мынадай мамандар дайындайды:

-білім саласында шығыстанушы мұғалімдерді,

-халықаралық ақпарат және аналитикалық ғылым саласында,

-мемлекеттік және жергіләктә басқару саласында,

-Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында,

- мәдиниет және идиология саласында

Профессорлық-оқытушылар құрамы:

Кафедрада филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.М. Сыздықов, филология ғылымдарының кандидаты С.А. Төлеубаева, филология ғылымдарының кандидаты Ж.А. Ағабекова, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Ж. Абжаппарова, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б. Жылқыбекұлы т.б.

Кафедрадағы оқу процесін сәйкестендірілген профессорлық-оқытушылық кадрлар жүргізеді. Профессорлық-оқытушылар құрамының базалық білімі мамандық лицензиясына сәйкес келеді. Кафедраның оқытушылары сабақты орыс, қазақ, қытай, араб және жапон тілінде жүргізеді.

2009-2010 оқу жылында профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы саны 17 адамды құрайды, соның ішінде 2 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, соның ішінде 3 доцент және 3 магистр. 1 қосымша .

Оқыту жұмысы:

Кафедрада оқу процесі ҚР 2006 жылғы МЖМБС сәйкес оқу үрдісін жоспарлаудың барлық ішкі және сыртқы құжаттарына сай жүргізіледі.

Кафедра келесі мамандық түрлері бойынша мамандар даярлайды:

· 5В020900 –шығыстану – бакалавриат (оқу мерзімі 4жыл) қазақ және орыс тілдері бөлімдері

· 5М020900– шығыстану – магистратура (оқу мерзімі 1 және 2 жыл) қазақ және орыс бөлімдері

2009-2010 оқу жылында «шығыстану» мамандығы (бакалавриат) бойынша студент саны 95, ал «шығыстану» (магистратура) мамандығы бойынша 2 адам құрады. Мемлекеттік тілде оқитындар саны – 39.

Оқу процесі барлық формаларға және оқу түрлеріне дәріс, семинар сабақтары, СРСП және СӨЖ, оқу іс-тәжірибесін ұйымдастыру, студенттер мен магистранттардың ғылыми ізденіс жұмыстары.

Болашақта кафедра шығыстану мамандығы бойынша PhD докторантура ашуды жоспарлап отыр. Аталған мамандықты ашу мақсатында Шығыстану кафедрасы білікті және ғылыми атағы бар профессор оқытушы құрамы жеткілікті, оқу-әдістемелік базасы мен Жапония, Қытай, Иордния және т.б. елдердің жоғарғы оқу орындарымен халықаралық ғылыми карым-қатынас орнатылған.

Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары

Кафедраның ғылыми жұмысы әр-түрлі зерттеу бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Кафедрада ғылыми-методологиялық семинар т.ғ.к., доцент Б.Ж. Абжаппарованың басшылығымен жүзеге асырылуда.

Кафедра оқытушыларының ғылыми мақалалары отандық және шет елдің басылымдарда жарық көруде. Профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми ізденістерінің нәтижелері жетекші оқытушылардың басшылығымен тұрақты атқарылып жатқандығын дәлелдейді.

Кафедра шет елдік әріптестерімен бірге ынтымақтастық байланыста монографиялар, оқу құралдары мен оқулықтар даярлау үстінде және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастыратын халықаралық конференцияға шетелден әріптестерің кафедра оқытушылары шақырады.

Кафедрадағы ғылыми-тәжірибелік жұмыс

Кафедрада студенттердің, магистранттардың және басқа да жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жан-жақты қолдауға ие болып отыр. Бұл жұмыс оқу үдерісі кезінде әр топта машықтық сабақтардың барысында микроконференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы жүзеге асырылады. Машықтық және СОӨЖ сабақтары кезінде студенттер баяндамалар және рефераттар қорғайды.

Халықаралық қатынастар кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми басылымдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі және т.б. оқу үдерісі кезінде – дәрістер, машықтық сабақтар, арнайы курстар мен арнайы машықтық сабақтар, сондай-ақ, МӨЖ, МОӨЖ, СӨЖ, СОӨЖ кезінде кеңінен қолданады. 

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar