Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Факультеттің мәдени және қоғамдық өмірі

Қытай тілінен кәсіби тренинг

Шығыстану кафедрасынан ф.ғ.к., аға оқытушы Жылқыбекұлы Бекқожа және оқытушы Бижанова Диана Сагилтаевна 2010 жылдың қарашасының 18 мен 28 аралығындағы күндерінде қытай тілінің оқытушыларына арналған халықаралық кәсіби тренингке қатысты. Тренинг Конфуций институтының басшылығымен Хайнань аралындағы Хайкоу қаласында өтті. Тренингке Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Шри-Ланка, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Лаос, Жапония сияқты Азияның 16 мемлекетінен өкілдер қатысты. Тренинг жұмысы барысында оқытушыларға қытай тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері таныстырылып, жаңа оқу материалдары ұсынылды.

Тренинг жоғары деңгейде өтті, барлық, қонақтар тамаша табиғат аясында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйлерге орналастырылды. Тренинг тек қана оқытудың әдістерін жақсартып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында да пайдалы болды.

 




Жапон тілінен емтихан

2010 жылдың 5 желтоқсанда Алматы қаласында Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ университетінде жапон тілінің емтихан өтті. Бұл жапон тілінін білім денгейің ресми анықтайтын әлемдегі бірігей емтихан. Алғашқы рет бұл емтихан 2001 жылдың 2 желтоқсанында өткізілген болатын.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университет халықаралық қатынастар факультетінен жапон тілі бойынша білім денгейін анықтау үшін 23 адам, сонын ішінде шығыстану кафедрасының оқытушылары Утеулиева Г.К.және Судыева Н.Б. емтихан тапсырды.

В-24 : Ахметжанов А., Адилгалиева К., Асубаева А., Знайченко А., Испердинова Ж., Кайыржанова А., Карабаев Д., Курманова А., Омарова А., Таскужина А., Султанова А. ХҚ-43: Сманова Г.; Р-32,34: Айкенова М., Карабекова Ж., Сергазина И., Сыртланова Г., Ольхавикова Е., Шайкамалова А., Тлеуханов А., Турабаев И.




Үш биік: Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Бекзат Саттарханов

2010 ж. 22 қараша күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң корпусы Халықаралық қатынастар факультеті жанында «Еркін Дала» ҚҚ Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Үш биік: Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Бекзат Саттарханов» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелгі құрметті қонақ ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті проректоры Дихан Қамзабекұлы, Халықаралық қатынастар факультеті деканы Пернебек Құрашұлы, халықаралық қатынастар фаультеті ғылыми жұмыс бойынша орынбасары Айнұр Мұхаммедиярқызы, Республикалық «С АУАП» Қоғамдық қоры президенті Бақытбек Смағұл, «Қазақстандағы Әзірбайжан мәдени орталықтарының одағы» президенті Салахов Видади Кораевич, «Жас Қазақ үні» газеті редактор орынбасары Фазылбек Әбсаттарұлы, «Пікір-сайысшылардың республикалық ассоциациясы» РҚБ атқарушы директоры Егінжанов Тимур Ерсынұлы, ақын, жазушы Толынбек Әбдірайым және халықаралық қатынастар және заң факультеті студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанды ұйыстырушы ұлы тұлғалардың өшпес мұрасы мен өнегеле сөздері мен әрекеттері және елдің дамуындағы осынау тұлғалардың қажеттілігі хақында сөз болды.



Ұлттық мәдени орталығының «Біз біргеміз» атты концертке түркітану кафедрасының студенттерінің қатысуы

2010 жылдың 20 қарашасында түркітану кафедрасының студенттері ҚР Мәдениет министрлігі мен «Алтын күн» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Ұлттық мәдени орталықта «Біз біргеміз» атты концертке қатысты. Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының концертіне қатысқан студенттер – түрік халық биін орындады. «Қына түні» атты ұсынылған биде – Түркия елінде болашақ қалыңдықтың үйіндегі ұзату тойынан бір немесе екі күннен бұрынғы дәстүр көрсетілген. Бұл көрініс барша көрермендердің көңілінен шықты.


Абдул Хамид Ализаймен кездесу

2010 жылдың 19 казанында бүкіләлемдік рухани-мәдени форумы шеңберінде халықаралық қатынастар факультет студентерінің Абдул Хамид Ализаймен кездесуі өтті («Ауғаныстан үшін Бүкіләлемдік әріптестік» ұйымының байланыс пен кадрлар менеджері). Бұл кездесу бүкіләлемдік рухани-мәдени форумының «Білім III мыңжылдықта» атты 4 секция аясында Еуразия Ұлттық университетіңде өтті .Бұл кездесуге 4 курс студенттері қатысты. Ресми кездесуден кейін қонақтар халықаралық қатынастар факультеті ұйымдастырған фуршетке шақырылды.

2010 жылғы 23 қазанда Халықаралық қатынастар факультетінің Деканы Өмірзақов П.Қ. және Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі Есенгалиева А.М. ауғаныстан профессоры Абдул Хамид Ализайдан хат алды. Профессор хатында Халықаралық қатынастар факультетінің ПОҚ және студенттерімен кездеуі мүмкіндігін алғаны үшін алғысын айтады. Сонымен қатар болашақта да қарым-қатынасын жалғастыра беретін ниетін білдірді.




Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Бруно Антонио Паскуиномен кездесу

2010ж. қазанның 22-сінде ЕҰУ-ның Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Бруно Антонио Паскуиномен кездесу өтті. Бұл кездесуді ұйымдастырған Италия Елшілігі және шетел тілдер кафедрасы. Кездесуге елшілік өкілдерімен ХҚФ-тың деканы Өмірзаков П.Қ. қатысты. Сәлемдеме сөзінде Паскуино мырза өзіннің тілінде сөйлей отырып оны тындаушыларының түсіне алатындығына ризашылығын білдірді. Және де, Елші мырза университетіміздің басшыларына Италиямен ескі де қомағайлы қарым-қатынастар үшін алғысын білдірді, жақын арада тағы да бір лектордың жұмысқа қосылатынын жария етті.

Түрікменстанда екі жыл жұмыс істеген, орыс тілін жақсы меңгерген дирижер Джерардо Колелла сөзін былай деп жалғастырды: Италияның мадениетімен әдеп-ғұрыпын, музыкасымен опера өнерін білмей, Италия рухын және итальян тілін түсінбек түгелі үйрену мүмкін емес деді.

Бұл шара кезінде Сардиния аралының көркемдігін және де Өркендеу дәуірінде өмір сүрген әйгілі суретші Джотто өнерінің шеберлігі туралы деректі фильмін паш етті. Қатысушылар Елшіге тікелей сұрақ қоюға мүмкіндігін жіберіп алмады. Кездесу соңында футбол барлық қатысушыларды қызықты да тартымды ойынға айналдырып ұмытылмас мәнерінде аяқталды.




Бүкіләлемдік Рухани Мәдениеттік форумның шектерінде II-ші секция отырысы

2010 жылдың 19 қазанында Тәуелсіздік сарайында Бүкіләлемдік Рухани Мәдениеттік форумның шектерінде II-ші секция отырысы өтті, секция атауы Биліктің әлеуметтік-руханияттық жауапкершілігі.

Факультетінің Аймақтану кафедрасынан докторант Серикбаева А.Т. және студенттер Камешева Арайлым мен Сергазина Инара секция отырысуының ұйымдастыру және өткізу шараларына тікелей қойлысты.




Рухани мәдениеттің бүкіләлемдік форумы

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен оқытушылары Рухани мәдениеттің бүкіләлемдік форумы «III мыңжылдықтағы Білім беру: жанұя, мектеп, қоғам» IV секциясының қатысушыларын тыңдады. Студенттер мен оқытушылар үшін Рухани мәдениет бүкіләлемдік форумының қадірлі қонағы, Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның сөз сөйлеуі аса қызықты болды. Өз сөзінде Сара Алпысқызы адамның өнегелікке өзін-өзі жетілдіруіне көп көңіл бөлді. Ол осындай форумның өткізілуі өте өзекті және оның негізгі идеялары – рухтық және жалпы адами құндылықтар-«Өзін-өзі тану» қазақстандық бағдарламамен байланысты екенін айтты. «Әлемдегі барлық адамдардың, балалардың парызы - өздеріне және басқаларға рухани білім беруді дамытып, оны өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу». Ояныңдар адамдар, өздеріңнің кім екендеріңді сезініңдер! «Адам болу – ол үлкен абырой »,- деді С.Назарбаева. Назарбаева ханым сонымен қатар осы жылдан бастап «Өзін-өзі тану» бағдарламасы еліміздің барлық оқу орындарының міндетті бағдарламасына кіретінін хабарлады.


2010 жылдың 2 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰН-і УЛК ғимаратының 209 аудиториясында мұғалімдер күні және тілдер мерекесі аясынд іс-шара өтті. Бұл мерекелік іс-шара халықаралық қатынастар факультеті, түркітану кафедрасының «Шетел филологиясы: түрік тілі» мамандығының студенттері тарапынан ұйымдастырылды.

Мерекенің қонақтары Астана қаласндағы ТИКА түрік ұйымының бас координаторы доктор Өмер Коджаман, кординатор орынбасары Хакан Сэчилмиш, Юнус Эмре Қорының директоры Мустафа Алтук, сонымен қатар ХҚФ деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ноғаева Айнұр Мұқанбетиярқызы және Түркітану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Шаймердинова Нурила Ғаббасқызы болды. Студенттер КВН ұйымдастырды, ән салып, би биледі, қазақ және түрік тілдерінде өлеңдер оқыды. ХҚФ түркітану кафедрасының ұстаздары мен студенттері уақыттарын өте қызықты өткізді.

Іс шара соңында деканның ғылыми істер жөніндегі орынбасары, түркітану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары және ТИКА координаторы студенттерді іс-шараның табысты ұйымдастырылуымен құттықтады және табыс тіледі. Сондай ақ 7 қазанда факультет студенттерімен ұйымдастырылған ПОҚ құттықтады.Оқытушылар үлкен қызығушылықпен өлеңдер мен әндерді тыңдады. Іс-шарада ХҚФ деканы П.Қ.Өмірзақов құттықтау сөз сөйледі. 


2010 жылдың 22 қыркү

X p st="" yle="text-align: justify; " st yle="display: inline !important; ">йeк күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ II oқy ғимаратының 228 аудиториясында мұғалімдер күні және тілдер мерекесі аясындa іс-шара өтті. Бұл мерекелік іс-шара халықаралық қатынастар факультеті cтуденттері тарапынан ұйымдастырылды.

X b>


2010 жылдың 15 қыркүйeк күні сағат 16.00 Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ ЖОО-дан кейінгі білім басқармасының бастығы, профессор, з.ғ.д. Ербол Абайділдинов «Заманауи мемлекеттегі негізгі заңның рөлі» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріске халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.


2010 жылдың 11қыркүйeк күні сағат 15.00 ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, профессор, ф.ғ.д. Ғарифолла Есім «Қазақ елі: Қазақстан – 2030 стратегиясы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріске халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.


2010 жылдың 10 қыркүйeк күні сағат 15.00 Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер институты директорының орынбасары, з.ғ.д. Еңілік Нұргалиева «Құқықтық мемлекет және заң мәртебесі» тақырыбы бойынша лекция оқыды. Тыңдаушылардың арасында халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттері болды.


20 наурыз 2010 жылы факультеттің студенттері арасында наурыз мейрамы аталып өткізілді.Мейрамға әр кафедра өз алдына дайындық жасады. Студенттер тарапынан концерттік программа дайындалды.

Мерекеде кафедралар арасында әр түрлі байқаулар болды:

1. «Ең әдемі  ұлттық киім»

2. «Ең жақсы дайындалған ұлттық тағам»

3. «Ең керемет орындалған ұлттық ән»

4. «Ең керемет орындалған ұлттық би»

5. «Ең керемет дайындалған ұлттық әдеп-ғұрып»


16 наурыз 2010 жылы халықаралық қатынастар факультетінің студенттерінің арасында «Салауатты өмір салты» қарсаңында Флеш моб болды. Бұл іс шараға факультеттің әр курстан 50 студенті қатысты. Студенттердің өткізетін бұл шарасы «Денсаулық нұры» деп аталды.


2010 жылы 20 ақпан - 5 наурыз
аралығында университет бойынша «Ардақты ана» байқауы өткізілді. Байқауға 35 жастан жоғары барлық ОҚП құрамы қатыса алды. 


5 наурыз күні 2010 жылы УЛК үлкен залында факультеттің студенттері Байкулова Динара және Көпжасарова  Айгеримнің  қатысуымен «Қыз жібек» сайысы өткізілді.
2010 жылы 6 наурыз күні факультеттің «Ару ана» мерекелік кеші.
17 ақпан күні 2010 жылғы Президентінің жолдауы бойынша университеттің ректорымен кездесу болды. Кездесуде факультеттің старосталар, жастар ісі комитеті,активистер қатысты.

16 ақпан 2010 жылы сириялық жазушы және журналист   Исмаил Исмаил Марвамен студенттермен кездесу өткізілді. 
13 ақпан күні 2010 жылғы
ҚР Президентінің жолдауы бойынша факультеттің деканы студенттермен кездесу өткізді. Кездесуде с.ғ.д М.Ш.Калиева және т.ғ.к Д.Қ.Ерниязов, с.ғ.д Н.Қ.Калиев жолдау бойынша баяндамаларын оқыды. Кездесу өте қызықты өтті. Студенттер бұл кездесуден үлкен әсер алды.
 
2010 жылы 12-22 ақпан аралығында әр куратор өз топтарымен 2010 жылғы Президентінің жолдауы бойынша талқылау жасап топтарындағы әр студентке жеткізеді.
2010 жылы 8 ақпан күні  факультеттен 250 студент «Нұр отан» партиясы ұйымдастырған «Біз жолдауды қолдаймыз форумына қатысты.

16 наурыз 2010 жылы халықаралық қатынастар факультетінің студенттерінің арасында «Салауатты өмір салты» қарсаңында Флеш моб болады. Бұл іс шараға факультеттің әр курстан 50 студенті қатысады.Студенттердің өткізетін бұл шарасы «Денсаулық нұры» деп аталады.
Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar