Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2011 жылдың 20-25-маусым аралығында Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықарлық қатынастардың өзекті мәселелері» атты жазғы халықаралық мектеп болды. Осы халықаралық жазғы мектептің екінші секциясы «Жаңа геосаяси жағдайда түрк әлемінің интеграциясы» тақырыбында түркітану кафедрасының меңгерушісінің м.а. Шаймердинова Н.Ғ. басшылығында жүргізілді.
24 маусым күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ХҚФ-нің 2011 ж. түлектеріне дипломдарын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Осы жылы ХҚФ-нің бакалавриатын «халықаралық қатынастар» мен «аймақтану» мамандықтары бойынша 118 түлек бітірді.
Салтанатты шараны Бірінші проректор – академиялық сұрақтар бойынша проректоры, профессор Нұрманбетова Ж.Н. ашты.
24 сәуір күні Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Ариф оғлы Гашимов «Мен Әзербайжан туралы не білемін?» атты шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Олардың ішінде – Халықаралық қатынастар кафедрасының 2 студенті - Асхат Атаужәне Инна Кузьменко. Елші табыстаған сыйлық - Әзербайжанға 7 күндік жолдама.
Бүгін халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдер кафедрасының оқытушылары ACCELS семинарына қатысты. Филология факультетінде өткен аталмыш семинарды Астана қаласының ағылшын тілі оқытушылар ассоциациясының өкілі И. Шубина және АҚШ-тың аймақтық өкілі Гарольд Сэмюэлс өткізді.
Бүгін, 22 маусым күні, Халықаралық қатынастар факультетінің жазғы мектебінің «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің модернизациясы» атты секциясы бойынша Улудаг университетінің (Түркия) PhD докторы М. Алиева Эсен, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, доцент С.А. Тулеубаева, Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Р. Абазов және Хаджеттепе Университетінің (Түркия) PhD докторы А. Сомунджуоглу дәрістер оқыды.
2011 жылғы 21 маусымда «Халықаралық қатынастар өзекті мәселелері» атты халықаралық жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті. Стратегиялық даму және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру проректоры Д. Қамзабекұлының және Халықаралық қатынастар факультетінің деканы П.Қ. Өмірзақовтың қонақтар мен қатысушылар алдында құттықтау сөздерінен ашылуы басталды.
2011 жылдың маусымның 20-ы мен 26-ы жұлдызы аралығындаЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелер» атты Жазғы мектепті ұйымдастырады.
2011 жылдың 10-12 мауысымында Батуми қаласында мәдени мұра менеджментінің мәселелеріне арналған екінші халықаралық конференция өтті. Конференцияның жұмысына аймақтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Мармонтова Т.В. қатысып, «Менеджмент культурного наследия в Казахстане (Опыт работы программы «Культурное наследие»)» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Конференцияны ұйымдастырушы Грузия Университеті. Конференцияның жұмысына Болгария, Германия, Гонк-Конг, Азербайджан, Пакистан және Грузиядан ғалымдар қатысты.
3-6 маусым аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т. Құлахметова Түркияда өткен «Building Bridges in Higher Education: Seeking for a Eurasian Model and Developing ESRUC Consortium» (Жоғары білім беру саласындағы байланысты орнату: жаңа Еуразиялық білім беру моделін іздеу және ESRUC консорциумын дамыту) конференциясына қатысып қайтты.
2011 жылдың 26-27 мамырында Мармонтова Т.В. Өскемен қаласында өткен «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» атты XII халықаралық конференцияға қатысып, онда «Узбекская трудовая миграция в начале 21 в.: взгляд из Казахстана» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Барнауылдан, Иркутскіден, Омбыдан, Алмыты, Астана, Өскемен қалаларынан ғалымдар және сарапшылар қатысты.
Халықаралық қатынастар факультетінің ғылыми жұмысы жөніндегі деканының орынбасары Ногаева Айнұр Мұханбетиярқызы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ғылым және білім - 2011» жас ғалымдардың VIІ Халықаралық конференциясын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері: Диас Әсия, Жанабаева Мәдина, Дуйсенова Перізат, Қазтаева Раушан «Күлтегін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 15 жыл» онкүндік іс –шарасына сәйкес ұйымдастырылған «Сеніммен болашаққа» атты студентік ғылыми жобалар көрмесіне белсене қатысқаны үшін құрметті мадақталармен марапаталды.
Түркияның Караман қаласында Караманоглу Мехметбей университетінде 2011 жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында Бірінші халықаралық түрікше сөйлейтін студенттер конгрессі өтті. Аталмыш конгресске 26 мемлекеттен түрік тілін ең жақсы білетін 150 ден астам студент қатысты. Конгрессте студенттер тарапынан түрік тілі мен әдебиетіне байланысты тақырыптар тілге тиек етілді.
2011 ж. 20 мамыр күні Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері Украинаның Жоғарғы Радасының депутаты Олег Ляшкомен кездесті.
Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің Түркітану кафедрасының меңгерушісі Пидвойный Владимир Николаевич ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасында қонақта болды.
2011 жылдың 8-17 мамыр аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистранты Курмангожина Гульнара Олжабаевна Братиславада (Словакия) ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сайтында студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2011» атты VIІ Халықаралық ғылыми конференциясының жинақтары жарияланды.
Халықаралық қатынстар факультеті Аймақтану кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Сыздықов Сатай Мақсұтұлы тағайындалды.
10 мамыр күні халықаралық қатынастар және филология факультеті арасында өткен факультетаралық «Жігіт сұлтаны» сайысында араб бөлімі «шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Таутанов Ернұр бас жүлдені жеңіп алды.
30 сәуір күні Түрктану кафедрасының студенттері мен магистранттарына Түркиядан келген ғалымдар Орхан Кавунджу мен Хүсейн Өзбай арнайы дәрістер жүргізді.