Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Халықаралық қатынастар факультетінің жазғы мектебі
2011 жылдың маусымның 20-ы мен 26-ы жұлдызы аралығындаЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелер» атты Жазғы мектепті ұйымдастырады.
Жазғы мектепке шетелдік ғалымдар қатысады: Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Р. Абазов, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры В.А. Мельянцев, Хаджеттепе Университетінің (Түркия) PhD докторы А. Сомунджуоглу, Эгей университетінің (Түркия) профессоры Г. Гюлсевин, Улудаг университетінің (Түркия) PhD докторы М. Алиева Эсен, М. Синан атындағы Бейнелеу өнері университетінің (Түркия) профессоры А. Ташагыл, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры В.Я. Бутанаев, «Манас» Қырғыз-түрік университетінің (Кырғызстан) профессоры Қ. Қонқобаев және Д. Ашраф Аттыййя (Айн-Шамс университеті, Мысыр).
Жазғы мектеп жұмысы 2 секция бойынша жүргізіледі:
1-ші секция: Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар жүйесінің жетілдірілуі;
2-ші секция: Жаңа геосаяси жағдайда түрік әлемінің интеграциясы
Жазғы мектеп барысында шетелдік және қазақстандық ғалымдардың дәрістері, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар мен семинарлардың өткізілуі жоспарлануда.
Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Құрметті Халықаралық қатынастар кафедрасының магистрант-түлектер!
Құжаттарыңызды келесі мерзімде тапсыруыңыз керек:
- Есептер, бекітілген ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі мен мақалалардың көшірмесі - 18 маусым – 11.00-ден 14.00-ге дейін.
- Эксперттік қорытынды, ішкі пікірлеме мен кафедра отырысының хаттамасы - 25 маусым – 11.00-ден 14.00-ге дейін.
- Пікір, оппоненттің пікірлемесі, тапсырма, түптелген жұмыс (екі дана), реферат, жұмыстың электрондық нұсқасы (диск) - 30 маусым – 12.00-ден 16.00-ға дейін.
- Пікірлеме берушінің құжаттары, толтырылған кету парағы мен магистерлік билет – диссертацияны қорғау күнінен кеш емес.
"Халықаралық қатынастар" мамандығының бітіруші курс студенттерінің назарына!
Дайын дипломдық жұмысты, жетекшінің пікірі мен дипломдық жұмыстың пікірлемесін тапсырудың күніне назар аударыңыздар! Қазақ бөлімі дипломдық жұмыстарын 30 мамыр 2011 ж., орыс бөлімі 3 маусым 2011 ж. тапсыруы қажет. Дипломдық жұмыстарды қабылдау халықаралық қатынастар кафедрасында сағат 15.00 бастап өтеді.
Құрметті студенттер, магистранттар және жас ғалымдар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сайтында студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2011» атты VIІ Халықаралық ғылыми конференциясының жинақтары жарияланды.
Секция 6. Халықаралық қатынастар
http://www.enu.kz/nauka/publication/konf.php
"Халықаралық қатынастар" мамандығының бітіруші курс студенттер назарына!
Құрметті студенттер! Мемлекеттік емтихандарды тапсыру бойынша топтарға бөлініп қойғандарыңыз есте болсын! Әр топ үшін мемлекеттік емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмысты қорғау күндері жеке белгіленгеніне назар аударыңыз!
Құрметті "Халықаралық қатынастар" мамандығының бітіруші курс студенттері!
3-14 мамыр аралығында шолу дәрістері өтетінін естеріңізге саламыз. Шолу дәрістер кестесі төменде берілген.
Халықаралық қатынастар мамандығының бітіруші курс студенттерінің назарына!
Құрметті студенттер!
Мемлекеттік емтихан тапсыру процесі топтар бойынша өтеді, өзіңізді топ тізімінде тауып, сол топқа арналған күні емтиханға келуді ұмытпаңыз! Сонымен қатар осы бетте мамандық бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары мен ағылшын тілі бойынша мемлекеттік емтиханға арналған ауызша жауап үшін тақырыптар тізімі келтірілген.
Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтиханның әр билетінде 3 сұрақ болады. Ағылшын тілінен мемлекеттік емтиханның әр билетінде 4 сұрақ болады: ағылшын тіліндегі мақаланың мазмұнын ағылшынша жеткізу, орыс (қазақ) тіліндегі мақаланың мазмұнын ағылшын тілінде жеткізу, белгілі тақырыпта (берілген 14 тақырып негізінде) ауызша әңгімені жеткізу және дипломдық жұмыстың мақсаты мен мазмұны туралы ауызша әңгімелеу.
Сұрақтарыңыз болса МАК техникалық хатшысына электрондық пошта арқылы хабарласуыңызға болады. Оспанова Бақыт Аманжолқызы Ospanova_BA@enu.kz
Халықаралық қатынастар мамандығының бітіруші курс студенттерінің назарына! 18 - 22 сәуір аралығында халықаралық қатынастар кафедрасында дипломдық жұмыстардың алдын-ала қорғауы өтеді. Бұл қорғау нәтижелері бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыруға жіберілу туралы бұйрық шығарылады. Қорғау 14.00-18.00 уақыт аралығында белгіленген кесте бойынша өтеді. Қорғауға келген кезде басып шығарылған дипломдық жұмыстарыңызды алып келуді ұмытпаңыз!
Шет Тілдер Апталығы
Сәуірдің 18-і мен 23-і аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің Шет тілдер кафедрасы «Шет Тілдер Апталығының» өткізуін хабарлаймыз.
Шетел тілдері апталығының бағдарламасы
18 сәуір
(дүйсенбі)
10.00 Шетел тілдерінде газеттер конкурсы
Орны: атриум, 2-қабат (№ 2 оқу ғимараты)
15.00 Шетел тілдерінде әннен конкурс
Орны: 228 ауд. (№ 2 оқу ғимараты)
19 сәуір
(сейсенбі)
15.00 Шетел тілдерінде театорлық қойылымдар конкурсы.
Орны: 225 ауд. (№ 2 оқу ғимараты)
20 сәуір
(сәрсенбі)
11.00 Ағылшын тілінде дебаттар.
Орны: 240 ауд. (УӘК, бас ғимарат)
22 сәуір
(жұма)
15.00 Шетел тілдерінде өлең оқушылар конкурсы
Орны: 240 ауд. (УӘК, бас ғимарат)
23 сәуір
(сенбі)
12.00 Гала-концерт
Орны: 228 ауд. (№ 2 оқу ғимараты)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ БАСПА ІСІ КАФЕДРАСЫ
__________________________________________________________
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Айқап» журналының және «Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Мерзімді баспасөз эволюциясы: адамзаттық құндылықтар мен елдік мүдде мәселелері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2011 жылдың 15 сәуірінде өтеді.
Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар еліміздің, алыс және жақын шетелдердің ғалымдары мен ізденушілері шақырылады. Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Конференция келесі ғылыми бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
«07.00.00 – Тарих ғылымдары»;
«08.00.00 – Экономика ғылымдары»;
«09.00.00 – Философия ғылымдары»;
«10.00.00 – Филология ғылымдары»;
«12.00.00 – Заң ғылымдары»;
«13.00.00 – Педагогика ғылымдары»;
«17.00.00 – Өнертану»;
«19.00.00 – Психология ғылымдары»;
«22.00.00 – Социология ғылымдары»;
«23.00.00 – Саяси ғылымдар»;
«24.00.00 – Мәдениеттану».
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен қабылданады немесе төмендегі мекен-жайға 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін әкеліп тапсырылуы тиіс:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Янушкевич көшесі, 6, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің «Баспасөз және баспа ісі» кафедрасы, 304, 305 каб.
Конференция материалдарының жинағында мақала жариялау жарнасы – 3500 теңге.
Конференцияға қатысушылардың жолақысы, қонақ үйге орналасу және тамақтану шығындары жіберуші жақтың немесе олардың өздерінің есептерінен өтеледі.
Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 48-43-30. E-mail: mzhakyp@mail.ru
«Айқап» журналының және «Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Мерзімді баспасөз: адамзаттық құндылықтар мен елдік мүдде мәселелері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағында мақала жариялау жарнасын мына есепшотқа аудару керек:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, ағымдағы есепшот счет KZ47 9261 5011 5395 6000, СТН 582100292957, БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, АО «Казкоммерцбанк», «Халықаралық конференция жинағында мақала жариялау үшін жарна».
Конференцияны ұйымдастыру комитеті
Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 30 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады.
Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мекеме, қала және ел атауы беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі. Жаңа жолдан баяндаманың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.
Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған екі дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискетте немесе мына электрондық поштамен mzhakyp@mail.ru ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың тегімен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды. Сондықтан Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу қажеттігіне назар аудару сұралады.
Құрметті әріптестер!!!
Сіздерді халықаралық қатынастар факультетінде 15-наурызда сағат 1500-де (№2 ОҒ, 218 ауд.) өтетін «кредиттік технологиямен оқытудың әдістемесі, дәстүрі және инновациясы» атты әдістемелік семинраға шақырамыз.
Еуропалық Ақпарат Орталығы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты туралы ғылыми мақалаларға шығармашылық конкурс жариялайды. Ең жақсы Қазақстан туралы мақалалар Исламабад қаласындағы «Policy Perspectives» журналының арнайы басылымында, Ирфан Шахзадтың редакторлығымен шығады. Мақалалар 2011ж. 12 наурызға дейін ағылшын тілінде қабылданады.
Сонымен қатар Орталық Азия сыртқы және ішкі саясатының әр түрлі аспектері туралы ғылыми мақалалар қабылданады. Ең жақсы мақалалар Еуропалық ақпараттық орталық Саяси зерттеулер институтымен (Исламабад, Пәкістан) бірге жарияланатын ұжымдық монографияға кіреді.
eic.astana@gmail.com электрондық мекен жайы арқылы толығырақ ақпарат алуға және дайын мақалаларды жіберуге болады.
Қазақстан Республикасының Ислам конференциясы Ұйымына төрағалық ету тақырыбына дөңгелек үстел
Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар кафедрасы 2001 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасының Ислам конференциясы Ұйымына төрағалық ету тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі, Қазақстанның халықаралық саясатта жеткен үлкен жетістіктерінің бірі. Бұл шешімнің қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа деген үлкен сенімнің көрінісі екенін атап өткен жөн. Қазақстан келешекте Ислам әлемі және Батыс, соның ішінде ИКҰ және ЕҚЫҰ арасындағы диалогтың дамуына бар үлесін қосады.
Дөңгелек үстел барысында келесідей сұрақтар талқыланады:
1) Қазақстанның ИКҰ–на төрағалық етудің бағдарламасы.
2) Халықаралық қауіпсіздік мәселелерді шешудегі ИКҰ–ның рөлі.
3) Қазақстан Республикасы мен ИКҰ мүшелері арасындағы қарым–қатынастардың даму перспективалары.
4) ИКҰ және ЕҚЫҰ арасындағы байланысындағы Қазақстанның рөлі
5) ИКҰ–ның даму тарихы.
6) ИКҰ–на мүше мемлекеттердің экономикалық дамуындағы Ислам банкінің рөлі.
Шақырылған қонақ: Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық басқармасының бастығы, Қазақстанның Израильдегі бұрынғы 1 хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сәулекүл Сайлауқызы.
Қатысушылар: халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері.
Халықаралық қатынастар факультеті «Ашық есiк күндерiн» өткiзедi
2011 жылдың 25 ақпанынан бастап 25 наурызына дейiн, аптаның әрбiр сейсембi және бейсенбiсінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң халықаралық қатынастар факультеті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн «Ашық есiк күндерiн» өткiзедi. Осыған орай Астана қаласының орта мектептерiнiң 10-11 сынып оқушылары, колледждердің және кәсiби оқу орындарының оқушылары мен олардың ата-аналары және тағы басқалар шақырылады.
Байланыс ақпаратты:
Астана қ., Пушкин көшесі,13, №2 оқу ғимараты, 2-ші қабат
ХҚ факультетінің деканаты: 8 (7172) 374793 (201 каб.)
Халықаралық қатынастар кафедрасы: 8 (7172) 374779 (205,207,208 каб.)
Аймақтану кафедрасы: 8 (7172) 373543, 373204, 373123 (221, 222, 224 каб.)
Шығыстану кафедрасы: 8 (7172) 374191 (107 каб.)
Шет тілдер кафедрасы (сервистық): 8 (7172) 373885 (210, 211 каб.)
Түркітану кафедрасы: 8 (7172) 374793 іш. 3611 (601, 602, 604 каб.)
Консультанттар:
1. Факультет Деканы - з.ғ.к. Өмірзақов Пернебек Құрашұлы(e-mail: umirzakov_pk@enu.kz)
2. Деканның ғылыми ісі жөнендегі орынбасары - PhD докторы Ноғаева Айнұр Мұқанбетияқызы (nogayeva_am@enu.kz)
3. Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі - с.ғ.д., профессор Елмырзаева Раушан Сапарханқызы (elmurza@enu.kz)
4. Аймақтану кафедрасының меңгерушісі - т.ғ.д., профессор Төлебаева Жұлдыз Мұсақызы ( tulibayeva_zhm@enu.kz)
5. Шығыстану кафедрасының меңгерушісі - ф.ғ.к., доцент Төлеубаева Самал Абайқызы ( samal-tuleubaeva@rambler.ru)
6. Ф.ғ.д., түркітану кафедрасының профессоры Шаймердинова Нуриля Ғаббасқызы ( ya.nurila@yandex.kz )
7. Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Ахмедьянова Дана Қабидоллақызы (a-dana@yandex.ru)
8. Аймақтану кафедрасының аға оқытушысы Қаринбаев Жандос Әулбекұлы (karinbaev_zh@enu.kz )
9. Шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Мустафаев Бауыржан Жұмашұлы (mustafaev_BZH@enu.kz)
10. Түркітану кафедрасының аға оқытушысы Жиенбаева Гүлбахрам Томарбекызы (ya.nurila@yandex.kz)
11. 3-ші курстың студенті Абилмажитова Маржан (marj90@bk.ru)
12. 3-ші курстың студенті Кайыргали Асия (kai_g@mail.ru)
"Технологияларды коммерцияландыру" жобасы бойынша байқау өткізіледі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобаны басқару тобы «технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде ғылыми зерттеу әзірлемелерін және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға арналған аға ғылыми қызметкерлер тобы мен кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін гранттар бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа ғылыми-зерттеу саласында тәжірибесі мен жетістіктері бар ғалымдар мен инженерлер тобы, сонымен қатар заңды тұлғалар қатыса алады. Оларға арналған гранттық бағдарламалар жөніндегі толық ақпаратты www.kaztcp.kz веб-сайтынан алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар 2011 жылғы 16 наурыздың 18.00 сағатына дейін www.kaztcp.kz веб-сайтына тіркелуі және электронды түрдегі өтінімдерін ұсынуы қажет. Өтінімдерді қабылдау үшін веб-сайттың жұмысы 2011 жылғы 28 ақпаннан басталады.
Конкурс жөніндегі қосымша ақпараттарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын басқару тобынан мына мекен-жайлар бойынша алуға болады:
Студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2011» атты VIІ Халықаралық ғылыми конференциясы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2011 жылдың 25-26 сәуірінде өтетін студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2011» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған VIІ Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
Секция 1. Жаратылыстану-ғылыми бағыт. Секция топтары: Математика. Механика. Ақпараттық технологиялар. Физика. Химия. Биология және биотехнология. География. Қоршаған ортаны қорғау.
Секция 2. Инженерлік-техникалық бағыт. Секция топтары: Архитектура және дизайн. Құрылыс. Транспорт.
Секция 3. Заң ғылымдары. Секция топтары: Бұқаралық құқық. Жеке құқық.
Секция 4. Әлеуметтік ғылымдар. Секция топтары: Педагогика, дене тәрбиесі және спорт, бейнелеу өнері. Психология, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс. Философия, евразиялық зерттеулер және тарих.
Секция 5. Экономика. Секция топтары: Экономика. Қаржы, есеп және аудит. Менеджмент және мемлекеттік басқару. Туризм және маркетинг.
Секция 6. Халықаралық қатынастар. Секция топтары: Халықаралық қатынастар және аймақтану. Шығыстану және түрікология. Лингвоәлемтану.
Секция 7. Филология. Секция топтары: Қазақ тілі білімі. Орыс және салыстырмалы тіл білімі. Әдебиеттану. Шетел филологиясы.
Секция 8. Журналистика және саясаттану.Секция топтары: Журналистика. Саясаттану.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысушылар:
· берілген форма бойынша толтырылған өтінішті;
· баяндама мәтінін (материал ұқыпты тексерілген және ресімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек);
· ғылыми жетекшінің немесе факультет басшысының пікір-ұсынысын nauka-fmo@enu.kz электрондық поштасына жіберулері қажет.
Жаратылыстану, техника және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына быйқау жарияланды
Жаратылыстану, техника және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына жарияланған байқауға студенттер және ЖОО-ның бірнеше студенті /3 студенттен кем болмауы керек/ қатыса алады.
20 наурызға дейін «ХІ Сәтбаев оқуларына» қатысам деушілердің материалдары қабылданады
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2011 жылдың 11 - 13 сәуір күндері ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттер және мектеп оқушыларының қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өтеді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қызметкерлері үшін конференцияға қатысу құны - 2500 теңге.
Конференцияға қатысушылар қонақ үйден алдын-ала орын алғылары келетін болса, 2011 жылдың 20 наурызына дейін хабарласуы керек. Жол шығыны, тамақтану және басқа да шығындарды конференцияға қатысушы тарап өзі көтереді.
28 ақпан мен 4 наурыз аралығында ЕҰУ-де шығыс апталығы өтеді
2011 жылдың 28 ақпаны мен 4 наурызы аралығында ЕҰУ-дің Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс көктемі» атты шығыс апталығы өтеді.
28 ақпан, 2011 жыл. (дүйсенбі), 15.00 - 17.00
Қытай, жапон және араб елдерінің тілдері бойынша мамандандырылған көрме.
1 наурыз, 2011 жыл. (сейсенбі), 15.00-17.00
Араб мәдениеті күні: «Араб әлеміне қош келдіңіздер!»
2 наурыз, 2011жыл. (сәрсенбі), сағат 12.10
Т.ғ.к., доцент Б. Ж. Абжаппарованың
«Египеттегі 1850-1870 жж. реформалар» атты Ш-23 тобына оқитын дәрісі (№ 243 дәрісхана, ЕҰУ-дің бас ғимараты)
2 наурыз, 2011 жыл. (сәрсенбі), 15.00-17.00
Қытай мәдениетінің күндері: «Қытайға қош келдіңіздер!»
3 наурыз, 2011 жыл. (бейсенбі), 15.00-17.00
Жапон мәдениетінің күндері «Жапонияға қош келдіңіздер!»
4 наурыз, 2011 жыл. (жұма), 15.00-17.00
Шараның жабылу салтанаты, мерекелік концерт
Өтетін орны: 2-қабаттағы атриум ( №2 оқу ғимараты, Заң факультеті)
Қатысам деушілерге есік ашық!
Еуропа Ақпараттық Орталығы Пакистан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахтар Туфайл мырзаның лекциясына жазылу басталғандығы туралы жариялайды. Лекция курсы ақпанның 15 күні басталады. Толық ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыздар: 372429 Қатысушылар курсты тәмамдағаннан кейін, Сертификатпен марапатталады.
Астанадағы ЖОО-дары студенттері арасында шет тілдері бойынша өтетін олимпиада
2011 жылдың 24-26 ақпаны арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің №2 ғимаратында Астанадағы ЖОО-дары студенттері арасында шет тілдері бойынша қалалық олимпиада өтетін болады. Онда ағылшын, неміс, француз тілдерін білетін студенттер өз білімдерін сынайтын болады. Аталмыш шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Қалалық олимпиаданы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің Шет тілдері кафедрасы ұйымдастырып отыр. Қалалық олимпиадаға қатысам деушілер 2011 жылдың 20 ақпанына дейін аты-жөнін, ЖОО-ның атауын, оқитын мамандығы жазылған өтінімді ұйымдастыру комитетіне жолдауы керек.
«Қыз Жібек - 2011» байқауына іріктеу
2011ж. 3 ақпанында сағ. 15.00-де 228 ауд. Халықаралық қатынастар факультетінің 1-4 курс студенттеріның арасында наурыз айында өтетін «Қыз Жібек - 2011» байқауына қатысушыларды іріктеу өтеді. Бұл байқау қазақ қыздары арасында салт-дәстүрді дәріптеп, олардың бойына ұлттық рухты сіңдіру мақсатында ұйымдастырылады.
Халықаралық түркологиялық симпозиум
2011 ж. 28-29 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде «Түрік әлемі: түп бастауы, тарих, тіл, мәдениет тұтастығы» атты халықаралық түркологиялық симпозиумы өтеді.
Симпозиумның мақсаты мен міндеттері:
· отандық және шетелдік түріктанушыларды түрік тілді елдердің саяси, мәдени ықпалдастығына негізделген интеграция жағдайында ұйыстыру;
· түріктанудың өзекті мәселелері мен алдағы даму бағытын талқылау;
· Еуразия кеңістігіндегі түркологтардың еңбектерін қоғамдық, ғылыми, кәсіби тұрғыдан үйлестіруші құрылым ретінде Түркологтар ассоциациясын құру.
Симпозиум жұмысының бағыттары:
1. Түрік әлемі: тарих және қазіргі заман;
2. Түрік әлемінің тілі мен әдебиеті;
3. Тарихи-этнографиялық өзекті мәселелер;
4. Түрік жазба ескерткіштері (Орхон-Енисей, Талас, армян-қыпшақ т.б.)
«Халықаралық қатынастар» мамандығындағы 3 курс студенттерінің назарына!
Сіздерге 2011 жылдың 06.06. - 18.06.2011 г. аралығында оқу-танысу тәжірибеден өтетіндіктеріңізді естеріңізге саламыз.
Сіздерге тәжірибе өтетін ұйымдармен үшжақты келісімдерге отыру керек.
Егер аталған ұйым үшжақты келісімге қол қоймаса, ұйымның сізді сол мекемеге тәжірибеге алатындығын растайтын келісім құжатын алуыңыз міндеттеледі. Үшжақты келісімдер мен растау құжаттарының электрондық көшірмелерін тәжірибе ісі жөніндегі жауапты ұстаз Ибрагимова Гүлнар Ералықызынан және топ старостараларынан ала аласыздар.
Үшжақты келісімдер мен растайтын құжаттардың кафедраға тапсырылуының соңғы мерзімі – 2011 жылдың 15 сәуірі.
Тәжірибе өтетін жерлерді өздігінен таба алмаған студенттер университет базасындағы жерлерге бөлінетін болады.
Тәжірибе жетекшісі Ибрагимова Г.Е.