Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Халықаралық қатынастар факультетінде студенттік ғылыми конференциялар, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс ше мемлекеттердің ғылыми көшбасшыларының қатысуымен халықаралық форумдар, олимпиадалар мен көрмелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Баларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Түркия Республикасының Президенті А.Сезер, Польша Республикасының Президенті А.Квасьневский, НАТО-ң Бас Хатшысы Дж.Робертсон және т.б сынды белгілі мемлекет қайраткерлерінің дәрістер мен баяндамаларын тыңдау мүмкіндіктеріне ие болды.
Шет мемлекеттер елшіліктері өкілдерімен өткізілетін кездесулер тұрақты сипатқа ие.
Факультет студенттері өз іс-тәжірибелерін СІМ, Прламент, әкімдік және т.б мемлекеттік органдар мен мекемелерде өтіп, аталмыш орындарда жұмыс жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізеді. Көптеген студенттер шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп, әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында президенттік «Болашақ» және т.б алмасу бағдарламалары аясында білімін толықтыруда.
Халықаралық қатынастар факультетінде шетелдік мамандар тобы жұмыс жасайды. Солардың ішінен италиялық Эдоардо Канетта, Биянка Роза Фадда мен испаниялық Лиллио Эдуардо сынды мамандарды ерекше атауға болады.
Халықаралық қатынастар кафедрасы
Халықаралық қатынастар кафедрасы Қазақстандағы, Ресей, Қытай, Польша, Франция, Венгрия, Турция, Германиядағы ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста. Халықаралық серіктестік шеңберінде халықаралық қатынастар кафедрасы Есдаулетова А.М нің өкілдік етуімен Флорида американдық университетімен байланыс орнатты. Кафедра ПОҚ уақыт аралап халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда қатысады, және оның мақалалары халықаралық жинақтарда басылып шығарылуда.
Аймақтану кафедрасы
Халықаралық серіктестіктің басым бөлігі т.ғ.д. Тулибаева Ж.М. басқаратын PHD докторанттары кафедрасы оқытылатындарымен тығыз байланыста. Бұл жағдайда В.Фурньо, К.Пужоль, Т. Дронзинамен ғылыми серіктестік жүргізілуде.
Шығыстану кафедрасы Кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы біліктілігін жоғарлату үшін Жапон, Кытай және араб елдерінде ұйымдастырылатын курстар мен семинарларға белсенді қатысып отырады. Кафедра шығыс елдерінің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен (Иордан университеті, Кувейт университеті, Каир университеті, Цукуба университеті) байланыс жүргізеді. Оқытушылар мен студенттер шетел көлемінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысады. Сонымен қатар Конфуций институтымен тығыз қарым-қатынас жүргізілуде, осы ынтымақтастықтың негізінде шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Әбиденқызы Айнұр Синьзян университетінде ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуда, аға оқытушы Шаріпханұлы Мерей Сиань әлемдік тілдер университетінде магистратура бағдарламасымен білімін жалғастырып жатыр. Шығыстану кафедрасының ф.ғ.к., аға оқытушы Жылқыбекұлы Бекққожа және оқытушы Бижанова Диана Сагилтаевна 2010 жылдың қарашасының 18-і мен 28-і аралығында Хайнань аралындағы Хайкоу қаласында өткен қытай тілінің оқытушыларына арналған халықаралық кәсіби тренингке қатысып, сертификат алды. Кафедра студенттері Қытай, Жапон және араб елдеріне оқу-тілдік практикасына тілді машықтауға шығып тұрады. 2010-2011 оқу жылында 2 студент Иорданияға, 1студент Кувейтке тілдік машықтанудан өтуде. Сонымен қатар кафедра Астана қаласында орналасқан араб елдері елшіліктерімен байланыс орнатып жатыр.
Шет тілдер кафедрасы
Британ Кеңесімен, АҚШ,Франция,Италия,Испания,Германия елшіліктерімен, Macmillan,Global Education баспаларымен, Француз Альянсымен және «Жұмыс бойынша серіктестер Консорциуымымен» халықаралық ғылыми және мәдени серіктестік жүргізілуде.
Түркітану кафедрасы
Түркітану кафедрасы қызметінің негізгі мақсаты - ТМД елдері мен Ресей Федерациясы құрамындағы түркітілді (Татарстан, Башқұртыстан, Хакас, Тыва және Алтай Республикасындағы түркітану кафедраларымен, «Түркі тілі қауымдастығы», «Орал-Алтай қауымдастығы», «Үнемілік алтайлық конференция» (ҮАК) «ТИКА» сияқты түркітану орталықтарымен және Астана қаласындағы түрік мәдени орталығымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту болып саналады.
· Ереван мемлекеттік университетінің түркітану кафедрасымен ортақ байланыстар.
Ереван мемлекеттік университетінің түркітану кафедрасымен ғылыми саласындағы байланыстарды нығайту жүзеге асырылуда. Түркітанушы А.Сафарян түркітану кафедрасының магистранттарына көне қыпшақ жазба ескерткіштері жайлы лекция оқып, армян қыпшақ жазба ескерткіштері туралы мәлімет берді. 1 курс магистранттарын магистрлік диссертацияларына байланысты Арменияда армян қыпшақ жазба ескерткіштері бойынша тікелей зерттеулер жүргізу мақсатымен 2011 жылдың бірінші жартысында Ереван мемлекеттік университетіне ғылыми тағылымдамадан өту мақсатымен жолдануы жоспарлануда. 2011 жылы Ереван мемлекеттік университетінің түркітану кафедрасына тәжірибеден өту үшін төрт магистрантты жіберу жоспарлануда.
· Туркияның қоғамдық ұйымдарымен ортақ байланыс.
Түркітану кафедрасы Туркия елінің әлеуметтік және біліми институттарымен жан-жақты байланыстар жүргізуді жүзеге асыруда. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастар магистранттардың екі диплом дайындауына, профессорлық-оқытушылық құрам біліктілігін арттыруға, тәжірибені Туркияда өтуде және студенттердің оқу, тіл үйрену тәжірибесінің артуына ықпал етеді.
ТИКА және Ю.Эмре атындағы түрік мәдени орталығында студенттерге түрік тілін үйретіп, түрік мәдениетін таныстыру үшін қолайлы жағдайлар құрылған. ТИКА үндеуімен Туркияның белгілі тұлғасы екінші жыл дәріс беруде. Бұл жылы Жаһангир Карине осы қызметті атқаруда. Көрсетілген қоғамдық ұйымдар арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алуға мүмкіндік туады. 2011 жылы Туркияға тәжірибе алуға бір оқытушыны және тілдік тәжирибе алу үшін үш студентті жіберу жоспарлануда.
Хакас республикасының тіл, әдебиет және тарих ғылыми-зерттеу институтымен ортақ байланыстар (Абакан, Хакасия Республикасы, Ресей).
Бұл институттың кітапханасы 18-19 ғ.ғ. баспалары сақталған бай кітапхана болып саналады. Аталған институт түркітану саласында тарихи-филологиялық мәселелерді өңдейді, сол себепті осы мәселе бойынша бағытталған түркітану кафедрасымен серіктестік құру ниетін білдірді. Сонымен қатар, ортақ ғылыми жобалар құру және ортақ семинарлар, коференциялар өткізу келісілуде.