- 29.09.2011 Жаңа қызметке тағайындалған лауазымды тұлғалар жайлы пікірлер
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде ұйымдық құрылымның өзгергені туралы бекітілген болатын. Басқару аппараты құрылымының өзгерісі және жаңа қызметке тағайындалған лауазымды тұлғалар жайында пікірлерді ұсынғалы отырмыз.
толығырақ
- 17.05.2011 ЕҰУ талапкерлерді қабылдауға дайындық мәселелері
Биылғы түлектер үшін жоғары оқу орындарын және мамандықтарды таңдау бүгінгі күннің басты маңызды мәселесі болып саналады. Барлық жоғары оқу орындарында талапкерлерді қабылдау жұмыстарына дайындық қызу жүргізілуде, дегенмен қай мамандықты таңдарын білмей жүрген түлектер де жоқ емес. Олардың осы мәселесіне алаңдаған ата-аналары да қабылдау комиссиясынан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де дайындайтын мамандықтардың қыр-сыры мен оқуға құжат тапсырудың ерекшеліктері туралы білгісі келеді. Сондықтан біз сайт оқырмандары назарына ЕҰУ-дің Академиялық мәселелер департаментінің директоры Шәмен Палымбетовтың сұхбатын ұсынып отырмыз
толығырақ
- 01.07.2010 Өз ісінің кәсіби шеберлерін дайындаймыз

Биылғы жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультеті ашылды. Жаңа фаультет деканы Намазалы Омашев – филология ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика бойынша дүниежүзілік ORBICOM ұйымының мүшесі. ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының, Қазақстан журналистикасы академиясының академигі. Ол журналистика бойынша 3 оқулықтың, 5 монографияның, 9 ғылыми-публицистикалық еңбектер мен очерктер жинағының, 7 оқу құралдарының және 300-ден астам ғылыми, публицистикалық мақалалардың авторы.
Елордамыз – Астанада тұңғыш ашылған журналистика және саясаттану факультетінің білікті маман даярлаудағы ерекшеліктері туралы факультет басшысымен сұхбаттасқан едік.
толығырақ
- 23.06.2010 ЕҰУ түлектерінің шеруі
Бүгінде көптеген талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан университеттің қабылдау комиссиясына көптеген сұрақтар қойылуда. Сондықтан да біз көпшілік қызықтырған сауалдар бойынша ЕҰУ-дің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, офис-регистратор қызметінің жетекшісі Шамен ПАЛЫМБЕТОВПЕН сұхбаттасқанды жөн көрдік.
толығырақ
- 30.03.2010 ЕҰУ түлектері бас қосуда
Әрбір түлек өзінің ұшқан ұясын аңсайтыны, сағынатыны даусыз. Сондықтан, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын Еуразия ұлттық университеті өз түлектерінің басын қосу үшін арнайы ассоциация құрды. Бұл ұйым осыдан 2 жыл бұрын ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайымның бастамасымен ашылған болатын. Қазір осы ассоциацияны заң ғылымдарының кандидаты Ержан Егембердиев басқарады. Ұйым жұмысымен жақынырақ таныту үшін ассоциация Төрағасын сөзге тартқан едік.
толығырақ
- 30.03.2010 Театр, театр, театр...
Осыдан тура екі жыл бұрын заң факультетінің студенттері театр құрған болатын. Оның жетекшісі оқытушы - Әли Шаукенов. Бастапқыда талантты жастар Алан Пинтердің пьесаларын сахналады. Олардың басым бөлігі аса күрделі болғанына қарамастан, актерлер жастардың жанына жақын қойылымдарды көрермендерге жеткізе білді. Бүгінгі өзекті сұхбат айдарының қонағы осы театрдың жетекшісі - Әли Шаукенов.
толығырақ
- 19.03.2010 Халықаралық бағдарламалар бөлімі жанам деген жастарға от береді
Шетелде білім алғысы келетін жастар үшін Халықаралық бағдарламалар бөлімінің бастығы, Индиана университетінің магистранты Ұлан Биғожиннан алған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
толығырақ
- 13.03.2010 Ресейдегі қазақ ғалымының ана тілі туралы толғанысы
Онымен кездескен сәттен бастап өмірге деген құштарлық пен қарапайымдылықтың озық үлгісін көргендей боласың. Ол - Ресей халықтар достығы университетінің лингвист ғалымы – Ұлданай Бақтыкереева. Еуразия ұлттық университетінде өткен «Ұлтаралық төзімділікті нығайтудағы БАҚ-тың рөлі» деп аталатын халықаралық семинарға қатысқан ол «Ұлт бірлігі» доктринасын талқылауға қатысқан болатын. Орайы келген тұста біз Ресейде қызмет етіп жүрген қазақ ғалымымен қазақ тілінің тағдыры туралы әңгімелескен едік.
толығырақ
- 12.03.2010 Жастық шақ жаңсақ қадам жасайтын уақыт емес
Студенттік шақ - өз алдына жеке әлеуметтік категория. Біздің бүгінгі сұхбат әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне арналады. Осы тақырып туралы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Ане Тынышбаевамен ой бөліскен едік.
толығырақ
- 12.03.2010 Электронды сынақ
Орыстың белгілі режиссері Леонид Гайдайдың «Операция "Ы" и другие приключения Шурика» деп аталатын фильмі көзі қарақты көрерменнің есінде болар. Осы шығарманы көрген адам емтиханға дайындалып сапырылысқан студенттерді, сынақ өтіп жатқан дәрісхана есігін аңдып, оқытушының көңіл ауанын бақылауға алған жастарды көріп еріксіз езу тартады. Бірақ бүгінгінің студенті үшін бұл кадрлар таңсық. Өйткені, қазір емтиханды компьютер арқылы тестпен өткізу дәстүрге айналған.
толығырақ