Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Құттықтаймыз






Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

филология ғылымдарының докторы,

профессор Намазалы ОМАШЕВҚА


Құрметті Намазалы аға!


Сізді алпыс жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін журналистердің ұстазына айналған Сізге деген құрметіміз бөлек. Өзіңізден өнеге алған көптеген шәкірттерің ұлттық ақпарат кеңістігінің сан алуан саласында жемісті еңбек етуде. Бәрімізді жас күнімізден қаламгерлікке баулып, журналистиканың қыр-сырына қанықтырдыңыз. Қазір осы саланың корифейі атанып отырсыз. Ұзақ жыл бойы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін басқарып, оны биік деңгейге көтердіңіз. Кәсіби шеберлігі жоғары, халықаралық талаптарға жауап беретін мамандар даярлау ісіне үлкен үлес қосып келесіз. Осы еңбегіңіз үшін Сізді әріптестеріңіз ерекше құрметтейді. Университет проректоры қызметінде де іскер басшы, тәжірибелі менеджер екеніңізді көрсеттіңіз. Қазақ радиосы мен телевизиясы, ұлттық баспасөздің тарихы мен теориясына терең бойлаған зерделі зерттеуші, айтулы ғалым ретінде де ғылым әлеміндегі өз орныңызды айқындай алдыңыз. Ғылым мен әдебиетті әрі журналистиканы ұтымды ұштастырып, әдеби-публицистикалық туындыларды да дүниеге әкелдіңіз. Сізді шебер ұйымдастырушы, білікті басшы, ұлағатты ұстаз, ардақты аға ретінде әрдайым сыйлаймын, ерекше құрметтеймін. Алдағы уақытта да өмірдегі, ғылымдағы және ақпараттық саясаттағы қадамдарыңыздың сәтті болуына тілектеспін.

Сіздің ұстаздық және ғылым саласындағы еңбегіңіз Елбасымыз тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болдыңыз.

Қадірлі Намазалы Омашұлы! Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болсын! Сізге шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін.


Құрметпен,

М. Құл-Мұхаммед




Евразийский национальный университет поздравляет директора Института по изучению проблем журналистики, доктора филологических наук, профессора Намазалы Омашева с награждением знаком «Қазақ тілінің жанашыры - 2009».




Коллектив Евразийского национального университета поздравляет директора Института по изучению проблем журналистики, доктора филологических наук, профессора Намазалы Омашева с награждением нагрудным знаком «Почетный работник образования Республики Казахстан»




Құрметті Намазалы Омашұлы!


Сізді еліміз журналистикасының әлемдік деңгейлерге беталысына күш-қуат беретін ілімдік, білімдік әлеуеттерге сыбағалы үлесін қосып келе жатқан қабырғалы ғалым, ұлағатты ұстаз деп танимыз. Ердің, елдің қамын шындап ойлайтын, алты Алаштың арман-мұраттарын алғадай аңсар еткен алпысыншы өмір белесіне абырой арқалап, сау-саламатта шығуыңызбен шын пейілмен, інілік жүрекпен құттықтаймын. Ғұмыр осылайша мәнді де сәнді, халыққа қызметпен өріле, өркендей берсін.


Құрметпен, журналист ініңіз,

Президент телерадиокешенінің бас директоры

Ерлан Халижанұлы Бекхожин

 





Общественное объединение
«Народно-Демократическая партия
«Нур Отан»
Астанинский городской филиал


Уважаемая Джамиля Нусупжановна!

От лица соратников по партийной работе сердечно поздравляю Вас с награждением орденом «Құрмет»!

Данная награда еще раз подчеркивает Ваши заслуги перед Отчизной!

Выражаем Вам искреннюю признательность и благодарность за огромный вклад в дело воспитания молодежи и взращивания интеллектуального потенциала государства.

Являясь лидером, Вы всегда отличаетесь высоким уровнем культуры, большой эрудицией, чувством ответственности за порученное дело и огромным трудолюбием.

Желаем Вам крепкого здоровья, оптимизма, творческой активности, новых профессиональных свершений и женского счастья.


С наилучшими пожеланиями,
Советник первого заместителя
председателя по молодежной политике
А.Добровольский

Test

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar