Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Л.Н. Гумилевтің музей-кабинеті

Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті

«Өмірімнің мәні - жүрегіме жақын

болған Азияның көшпенді халықтарының

даңқын әлемге паш ету».

Л.Н. Гумилев

Лев Николаевич Гумилев – Кеңес Одағы мен Ресейдің ұлы ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінің аудармашысы.

Л.Н. Гумилев

Қазақстан Республикасының президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы қазақ жерінің астанасы – Астана қаласында мемлекеттегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының біріне Л.Н.Гумилев есімі берілді. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Ал 2002 жылы университетте Л.Н.Гумилев құрметіне арналған мұражай-кабинет ашылды. 


Бұл ғалымның 90 жасқа толу мерекесін атап өтілуіне байланысты ашылған болатын. Осы орайда, зайыбы – Наталья Викторовна Гумилева үлкен алғыс сезімін білдіріп, ғалымның өмірі мен шығармашылығын көрсететін мәліметтерді мұражайға сыйға тартты.





Мұражайда ғалымның көптеген еңбектері сақтаулы. Олардың негізгісі – «Этногенез және жер биосферасы» - трактаты (1979 ж) – Жер шарындағы халықтардың пайда болуы мен олардың Жер планетасы және табиғатпен қарым-қатынасын көрсететін мәселелерді қарастырады.

«Шөл дала трилогиясы» - екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Ғұндар». Бұл кітап 1960 жылы басылып шығып, көшпенділердің ұлы мемлекетінің пайда болуы мен құлдырауына арналған болатын. Ал, екіншісі – «Ғұндар Қытайда» кітабы 1974 жылы басылды және көшпенділер мен Қытайда б.з. II-VI ғ.ғ. өмір сүрген халықтардың арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді.

«Ежелгі түріктер» - «Шөл дала трилогиясының» екінші бөлімі және ол 1967 жылы басылып шықты. Тарихшы Ұлы түрік державасының пайда болу, даму және құлдырау заңдылықтарын зерттеп, Орталық Азия көшпенділерінің тарихи мәселелері мен географиялық орналасуына көңіл бөлді.


«Қиял патшалығын іздеу» - «Шөл дала трилогиясының» үшінші бөлімі 1970 жылы жарық көрді. Орталық Азияда Иоанн патшалығының билігі аңызын жоққа шығаруын көздейді.

Сонымен қатар, мұражайда басқа да академиялық кітаптар бар. Олардың бірі «Ежелгі Русь пен Ұлы шөл дала». Бұл еңбекте отандық тарихтың шиеленіскен мәселесі: Ежелгі Русь пен оның көршісі – Қазар қағанатының арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуге негізделеді.

«Қазардың ашылуы» (1966 ж). Еңбек VIII-X ғ.ғ. билік құрған шығыс еуропадағы ұлы мемлекет - Қазар қағанатында болған археологиялық және тарихи зерттеулерді көрсететуге арналған.


«Каспий бойындағы мыңжылдық» (1990 ж) – Еуразиядағы Ойкумендердің 1500 жыл бойы - б.з.д. III ғ. мен б.з. ХII ғ. аралығындағы кезеңді қамтитын оқиғалардың тарихи-этнологиялық зерттеуі.

«Тарих арабескалары» - 1995 жылы басылды. Бұл кітап - туған жерлерінен алыс кетіп, өзге біреудің өміріне енген көшпенді халықтардың асау тағдырлары жайында.


«Соншалықты көп жалған айтудың қажеті не еді?». Бұл еңбекте 1950-ші жылдарда ғалымның тұтқында болған кезде зайыбы – Наталья Варбанецке жазған хаттары болатын. Бұл хаттар сол кезде тоталитарлық мемлекетте өмір сүрген халықтардың өмір салтын көрсететін құнды іс-қағаз.




Ал ғылыми әйгілі еңбектерге - «Русьтен Ресейге дейін» (1992 ж). Бұнда Ресей халықтарының этникалық қарым-қатынас тарихы берілген.

«Соңы мен қайта бастамасы» - бұл оқу құралында Ежелгі әлемде және Антика заманы мен Орта ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – Қытай, Византия, Түркия, т.б. сияқты жерлердің пассионарлық іс-әрекет механизмі көрсетілген. Алғаш рет «Тарихи кезеңдегі жағрафия этносы» атпен жарық көреді.

Лев Гумилев этногенезді зерттейтін жаңаша комплексті әдістерді ұсынды. Ол зерттеу жұмыстарын ландшафт, археологиялық және мәдени көздерін біріктіретін климат, геология, жағрафия салаларының тарихи мәліметтерін параллельді зерттеуді жөн көрді. Ғалымның зерттеулері негізін этногенездің пассионарлық теориясы құрайды. Ол бұл теория арқылы тарихи процесстің заңдылықтарын түсіндіруге тырысты.


Мұражайдың қабырғаларында Л.Н.Гумилевтің түрлі археологиялық экспедицияларға қатысқан кездегі суреттерін кездестіруге болады. Олар: 1936 ж. – Сарыкөл археологиялық экспедициясы; 1948 ж. – Алтай таулары археологиялық экспедициясы; 1957 ж. Аңғар археологиялық экспедициясы; 1959 ж. – Астрахань археологиялық экспедициясы ; және т.б. 1946 жылы аспирантураны бітірісімен Л.Н.Гумилев Ленинград мемлекеттік университеті тұсындағы тарих және география факультеттері студенттеріне сабақ берді. Ол бір уақытта ғалым да, оқытушы да болды.



Наталья Викторовнаның мұражай қорына сыйға тартқан ғалымның жеке заттарынан көптеген тарихи қол жазбаларды кездестіруге болады. Олар: «Этногенез және жер биосферасы» мен «Қазақ халқының пайда болуы» еңбектерінің тарихи жазбалары; «Бежецк өмірі» атты Бежецк уезінің саяси-қоғамдық баспа сөз құралы; Этникалық жүйенің пассионарлы өзгеруі; 1991 жылы ұлы суретші Джанг Пюрвеев салған Л.Н.Гумилевтің жеке суреті; Түріктер мен Орталық Азияда өмір сүрген халықтардың тарихы жайындағы телецикл; 2002 жылғы IX съезде зайыбы – Наталья Викторовна Гумилеваның сөз сөйлеуі; Л.Н.Гумилевтің жерлеу рәсімі (20.06.1992 ж). Сонымен қатар, мұражайда ғалымның баспа мәшинесі (“Continental”); өзінің жеке кітапханасынан : анасы – Анна Ахматова мен әкесі – Николай Гумилевтің поэзиялары; Анна Ахматованың жеке көрпешесі; ғалымның тартқан темекілері «Герцеговина Флор» және «Спутник»; «Санкт-Петербург» жазуы бар күлсалғыш; және т.б. сақтаулы.

Л.Н.Гумилев мұражай-кабинеті университетіміздің жазу тарихы мұражайымен байланыста болады. Онда халқымыздың ежелгі өркениеттен бастап сақталған тарихи тастар мен экспонаттар бар.

Л.Н. Гумилевтің папиросы


   

 Л.Н. Гумилевтің күлсалғышы


Мұнда түркі және Орта Азия халықтарының тарихы туралы телецикл жазбалары және Лев Гумилевтің қазасы кезінде түсірлген бейнетаспа бар
(20 маусым, 1992 ж.).

Кабинет-мұражайда жазу машинасы да бар, онда ғалым өз еңбектерін басқан.
(“Continental” өнімі).





2012 жылдың 1 қазанында университет ғалымның 100 жылдығын атап өткелі тұр. Соған байланысты Еуразия ұлттық университеті тарапынан көптеген іс-шараларды өткізу көзделген. 





Л.Н. Гумилевтің Курчатовта оқыған дәрісі 

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar