Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Байқаулар, бағдарламалар, гранттар

«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қамқорлығымен өткізіледі және мыналарға бағытталған:
- Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын дамытуды ынталандырады;
- Талантты жастардың жігерін қалыптастырады;
- «Жобалар мен идеялар қорын» жасақтайды.

Біз қандай идеяларды жинақтаймыз
Конкурс аясында «Самұрық-Қазына» қоры жастардың Қазақстандағы өмір сапасын мына бағыттар бойынша жақсарту жөніндегі бастамасын айқындау және қолдау:

«Технологиялық серпін» (ғылым, технологиялар, өндіріс):
• Инженерлік-техникалық инновациялар;
• Ақпараттық технологиялар;
• Өндірістік қызмет;
• Энергия үнемдеу технологиялары;
• Экология және табиғатты пайдалану;
• Басқарушылық инновациялары.

Мына салалардағы «әлеуметтік идеялар»:
• Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау;
• Мемлекеттік, жергілікті басқару;
• Қоғамдық-саяси өмір;
• Өңірлердегі, қалалардағы, ауылдардағы инфрақұрылым, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы.

Жобалар техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғысынан тиімді болуы, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс.

Жұмыстарды іріктеу өлшемдері
• идеялардың бірегейлігі;
• идеялардың жүзеге асырылуы, орындалуы;
• тиімділігі (оңтайлы қаржыны тарта отырып, шектеулі мерзімде идеяларды жүзеге асыру);
• тасымалданушылық (өмірдің әртүрлі саласында қолдану);
• ықпалдың ауқымдылығы (идеяларды жүзеге асырудан қанша адам пайда табады).

Кімдер қатыса алады
Конкурсқа 15-тен 30 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады

Өтінім қалай беріледі
Жобаны ресімдеу:
- негізгі мәтіннің көлемі – А4 пішіміндегі 20 беттен аспайды (мәтіндік құжат немесе тұсаукесер);
- жұмысқа жоба мәтініне қосымша түрінде ресімделген графиктер, кестелер мен басқа да графикалық материалдар қоса берілуі мүмкін, қосымша көлемі – А4 пішіміндегі 10 беттен аспайды;
- Times New Roman шрифтi,14 пт., жоларалық қашықтық – біржарым;
- беттер нөмірленуі тиіс, парақтар брошюраға жинақталмайды және тігілмейді;
- егер өтінім электрондық почтамен жіберілсе, файл көлемі 2 Мб-дан аспауы тиіс;
- егер жоба көлемі 2 Мб-дан асып кетсе, файлды дискіге жазып, ол почтамен немесе қолма қол жеткізілуі тиіс
Өтінім 2011 жылғы 7 қыркүйектен бастап (Астана уақыты бойынша 9.00-ден) 1 желтоқсан аралығында (Астана уақыты бойынша 18.00) www.i-kaz.kz, сайтында онлайн тіркелу жолымен, сондай-ақ мына: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32, 1-қабат, 102-бөлме («Инновациялық Қазақстан» конкурсына қатысу үшін» белгісімен).

Жеңімпаздар қашан және қалай анықталады
Барлық жіберілген жұмыстарды бағалау және Конкурстың әр номинациясы бойынша 10 финалға шығушыны іріктеу 2011 жылғы 2 – желтоқсан 9 қараша аралығында жүргізіледі. Финалға шығушылар ішінен Комиссия 2 жеңімпазды айқындайды.

Жеңімпазға не беріледі
10 финалға шығушы бағалы сыйлықтар алады. Ал 2 жеңімпаз (әр номинация бойынша бір-бірден) басты сыйлық – 5 млн. теңге сомасына шетелде оқу грантына ие болады, ол мынадай түрде пайдаланылуы мүмкін:
- ірі шетел оқу орындарының бірінде non-degree бағдарламасы бойынша оқу (дәреже берілмей);
- тілдік ортаға бара отырып, шет тілін оқу;
- шетел компанияларында ғылыми/өндірістік тағлымдамадан өту.

Конкурс өтініштері

Идеяның берілу формасы

Конкурс бағдарламасы




2011-2013 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру байқауы басталды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс департаментінің Инновациялық даму және ғылыми-техникалық жобаларды коммерцияландыру бөлімі Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2011 жылдың 29 шілдесінен бастап 2011-2013 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру байқауы басталғанын хабарлайды. Осы байқауға қатысам деушілер хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өтінімдерін тапсыруы керек.

Толық ақпаратты комитеттің сайтынан www.scedu.kz
алуға болады.

Cонымен қатар қосымша ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің телефондарына хабарласып алуға болады.
Тел: 8 7172 742455, 741918

Ілеспе хат пен өтінімді рәсімдеу үшін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс департаментінің Инновациялық даму және ғылыми-техникалық жобаларды коммерцияландыру бөлімінің бастығы Қаниев Болатбек Қазыұлына 353815, 8 702 430 38 44 телефон номерлеріне хабарласу қажет.

Байқау құжаттамасы


Инновациялық гранттан үміттілерге арналған байқау

«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы Инновациялық гранттан үміттілерге арналған байқау жариялады. Басты талап - инновациялық технологиялар жасауға арналған мемлекеттік немесе халықаралық патенттік ұйымдарда патенттелген, қолданбалы сипатқа ие технико-экономикалық, тәжірибелі-конструкторлық немесе тәуекел зерттеулер.

Осы байқауға қатысты барлық құжаттар тізімі, оны рәсімдеу, байқау талабы, грантты ұсыну шарасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 6 тамызында бекітілген № 1202 қаулыға сай жүзеге асырылады.

Осы байқауға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асады.

Құжаттар мына мекен-жайға жолдануы тиіс:

010000, Астана, Сығанақ, 29, «Евроцентр» бизнес орталығы, каб.914 9:00 дан 18:00-ға дейін күн сайын. Түскі үзіліс - 12:30 до 14:30.

Қосымша ақпаратты мына телефон нөмеріне хабарласып білуге болады:

8 (7172) 57-10-18 (ішкі: 437).

Байқау құжаттамасы

Толтыруға арналған қосымша

Ақпарат «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылдың 28 маусымында жарияланған. 


Жоғары импакт-факторы бар халықаралық рейтингті журналдарда мақалаларын жариялағаны үшін сыйақы берілген ЕҰУ-дың қызметкерлер тізімі


«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы бойынша байқау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобаны басқару тобы «технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде ғылыми зерттеу әзірлемелерін және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға арналған аға ғылыми қызметкерлер тобы мен кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін гранттар бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа ғылыми-зерттеу саласында тәжірибесі мен жетістіктері бар ғалымдар мен инженерлер тобы, сонымен қатар заңды тұлғалар қатыса алады. Оларға арналған гранттық бағдарламалар жөніндегі толық ақпаратты www.kaztcp.kz веб-сайтынан алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар 2011 жылғы 16 наурыздың 18.00 сағатына дейін www.kaztcp.kz веб-сайтына тіркелуі және электронды түрдегі өтінімдерін ұсынуы қажет. Өтінімдерді қабылдау үшін веб-сайттың жұмысы 2011 жылғы 28 ақпаннан басталады.

Іріктеу әдісі: Дүнижүзілік банктің ережесі бойынша екі сатылы іріктеу процесі.

Конкурс жөніндегі қосымша ақпараттарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын басқару тобынан мына мекен-жайлар бойынша алуға болады:
010000, Астана қ., Республика даңғ., 24, 606 кеңсе, тел. +7 (7172) 74-27-39.
050000, Алматы қ., Жамбыл к., 25, 55 кеңсе, e-mail: info@kaztcp.kz.
Тел.: 8 7017840851

Ақпараттық хат


Гранттар - размер: 27.0 kB

Байқаулар - размер: 42.5 kB

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar