Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Ғылыми жұмыстардың бағыттары
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының ең басты бағыты - іргелі ғылымның негізгі мәселелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын шешуге ат салысу.
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес индустриалды-инновациялық саясат басымдықтары ретінде экономиканың шикізаттық емес бағыты саласында жұмыс істейтін әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағытталған өндірістерді құру мен дамыту болып табылады.
Технологиялық дамудың басым бағыттары университеттің ғылыми орталықтары мен институттарының қызметінде көрініс табатын жаратылыстану-ғылыми бағдарының бес негізгі ғылыми бағытына негізделеді:
· Ядролық технологиялар – салааралық ғылыми-зерттеу кешені (СҒЗК)
· Іргелі зерттеулер институты
· Космостық технологиялар – космостық мониторинг және кескіндеме орталығы
· Биотехнологиялар – эксперименталды биология және экологиялық жүйе ҒЗИ
· Биоорганикалық химия ҒЗИ
· Нанотехнология – физика және жоғары технологиялар ҒЗИ
· Физика-техникалық институты
· Ақпараттық технологиялар – математикалық модельдеу және инновациялық технологиялар ҒЗИ
· Гуманитарлық ғылымдар – жоғары мектеп мәселелері ҒЗИ
· «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы
· «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер орталығы ғылыми институты
· Еуразияшылдық ҒЗИ
· «Алаш» рухани және мәдени мұра институты
· Конфуций институты.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды басым бағыттар ретінде тәуелсіз Қазақстанның іргесін одан әрі бекітіп және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде қоғам дамуының тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси негіздерінің ғылыми-теориялық әдістерін қарастыру болып табылады.
Ғылыми қызметтің негізгі міндеттерінің бірі университеттің Қазақстан ғылымы үшін жоғары кәсіби кадрлар даярлауға бағытталғандығымен анықталады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім құрылымын халықаралық стандарттар мен заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында университетте «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделі бойынша (бакалавриат - магистратура-докторантура Ph.D), әсіресе Қазақстан Республикасындағы Ph.D докторантурасын енгізу бойынша мамандарды даярлау бағдарламасы енгізілген.
Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды аспирантура, докторантура (дәстүрлі), сонымен қатар ізденушілік институты арқылы даярлау бойынша жұмыстарды жүргізу жалғасуда.
Гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысы факультеттер мен кафедраларда және университеттің мамандандырылған ғылыми бөлімшелерінде жүргізіледі.
Студенттердің, магистранттар мен аспиранттардың білім алуының барлық кезеңіндегі ғылыми зерттеулерге қатысуына және өз мүмкіндіктерін анағұрлым толық пайдалануын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Университеттің ғылыми мектебі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында университеттің жетекші ғалымдарының гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық ғылым салалары бойынша мынадай ғылыми мектептері бар: