Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттары қатысқан дөңгелек үстелде «шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары Светлана Есіркегенова мен Олжас Бейсембаевтың баяндамалары ерекше ықыласқа ие болды.
Ғылым күні аясында Қазақстан ғылымының дамуына зор үлесін қосқаны үшін Халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының профессоры Қайыркен Тұрсынхан Закенұлы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры атынан құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар ең үздік ғылыми жобалардың авторы ретінде «шығыстану» мамандығы араб бөлімінің 3 курс студенті Мирас Кәрімсақов пен «шығыстану» мамандығы араб бөлімінің 1 курс студенті Әмина Жүнісова да ректор атынан дипломмен марапатталды.
Мұнымен қоса, шығыстанушылар үш факультет - халықаралық қатынастар, заң мен журналистика және саясаттану факультеттерінің студенттері мен магистранттары, докторанттары және оқытушыларының қатысуымен 9 сәуірде өткен «Ғылымның көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференцияға белсене атсалысты.
Қазақстан ғылым қызметкерлерінің төл мерекесі осымен екінші рет тойланып отыр. Салтанатты жиында сөз алған ҚР БҒМ Бақытжан Жұмағұлов ғылым саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтай келе, ғылымның деңгейін көтере отырып, отандық ғалымдарға, олардың инновациялық идеяларына қолдау көрсету қажеттігін қадап айтты. - «Отандық ғылымды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының басты факторына айналдыруға тиіспіз»,-деді Бақытжан Жұмағұлов.
Еліміз ғылымды басқарудың жаңа жүйесіне көшті. Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді – базалық, гранттық және бағдарламалық –мақсаттық. Сондай-ақ, оларды реттейтін мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы, Жоғары ғылым Кеңесі құрылды. Жалпы ғылымды қаржыландыру ұдайы өсіп келеді – 2012 жылға 49,7 миллиард теңге қарастырылса (2011 жылмен салыстырғанда 61% ға) ал 2014 жылда шығындарды Жалпы ішкі өнім деңгейімен салыстырғанда 1% ға үлкейту көзделген. Қазақстан ғалымдары аса жоғары жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйақы тағайындау, атаулы сыйақылар, талантты жас ғалымдар мен көрнекті ғалымдарға сыйақы беру мүмкіндігі қарастырылған.
«Ғылым туралы» жаңа заңның жобасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу құрылымдарының ведомствоаралық үйлестіру қызметін біріктіріп, күшейтуге бағытталған. «Ғалымдардың мәртебесін көтеру мен ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жаңа жүйесі ғылыми үрдісті ынталандырып, әрі сапалы, мобильді болуын қамтамасыз ете алады» деп түйіндеді өз сөзін министр Б.Жұмағұлов.
Іс-шарада ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Нұрлан Ыбырайым «Ғылымның жай-күйі мен жетістіктері» атты тақырыпта баяндама жасады. Оның айтуынша, отандық ғылым үшін мемлекет тарапынан қолдау аса қажет. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық ғылым айтарлықтай халықаралық деңгейге дейін жетті деуге негіз бар.
Сонымен қатар Нұрлан Ыбырайым еліміздің ғылым саласының әлсіз және күшті тұстарын ашып айтты. Мысалы, өкінішке орай, қазақстандық ғалымдардың шетелдік рейтингті журналдарда өздерінің ғылыми еңбектерін жария етуде белсенділігі төмен. Оның айтуынша, бүгінде отандық ғалымдардың барлық жарияланатын материалдар көлемі 500 мақаладан небәрі 0,018 пайызын ғана құрайды.
Қазақстан ғалымдары ТМД елдерінің арасынан бірінші әлемдік ғылыми-ақпараттық қорларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатымен 2011 жылдың қараша айында «Thomson Reuters» (АҚШ) компаниясының Ұлттық лицензиясына, сондай-ақ «Springer» (Германия) компаниясымен келісімге қол қойылған болатын. Ғылыми мәліметтер базасына қол жеткізу арқылы еліміздегі барлық ғылыми мекемелердің ақпараттық сілтемелері мен ресурстарын кең ауқымда пайдалануға мүмкіндік алу мақсатында әлемдегі ірі баспалардың бірі – «Elsevier» баспасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Мен баяндамаларда айтылған салиқалы ой мен салмақты сөздерге дән риза болып отырмын. Біз қазақстандық білім мен ғылымның дамуына барынша қолдау көрсетуге дайынбыз»,-деді «Elsevier» баспасы басқармасының төрағасы Мобед Рохинтон.
Бүгінгі таңда білім, ғылым, инновация қоғамның барлық салаларына кеңінен енген. Қазіргі кездегі еліміздегі басты мәселе ғылымның дамуын қамтамасыз ететін мамандарды даярлау. Оның бірден бір жолы - жастарды ғылымға тарту. Білім мен ғылымды интеграциялау болып табылады. Барлық ЖОО-да оқу үдерісін индустриялық-инновацияға сай өткізуді қажет етіп отыр. Бұл тұрғыда университетке жүктелетін міндет айрықша болмақ. Осыған байланысты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, Ядролық физика институтының ҰЯО Астана филиалының бастығы, ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Максим Здоровец былай дейді: «Біз Қазақстанның жас ғалымдары, болашаққа нық қадам басып келеміз. Біз ынтымағы жарасқан ырысты елде өмір сүрудеміз. Кез келген ғылыми бастаманың іргетасы тек ғылыми мектебімізден бастау алмақ».
Конференцияға қатысушыларды тіркеу кезеңінде факультеттің ғылыми жетістіктері, сонымен қатар оқытушы-профессорлар құрамының оқу-әдістемелік еңбектері, монографиялары, оқулықтары, ғылыми мақалалары , «e-Академиялық зал», «e-Content» жобаларының электрондық нұсқалары көрме ретінде ұйымдастырылды.

ЕҰУ «e-Академиялық залының» Алтын қорындағы дәрістер - бұл әлемдегі әйгілі мемлекеттердің, политикалық, ғылыми-практикалық дәрістері.
Ашық кездесуге білім және ғылым мәселесін бірлесе талдау негізінде шешу мәселесі бойынша қатысушылары ретінде студенттер мен оқытушылар қатысты.

«e-Content» жобасы – «Ақпараттық технология» факультетінің ғалымдары өңдеген 150-ден астам электрондық оқулық.
Конференция қатысушыларына «Ақпараттық технология» факультетінің профессорлары шеберлік сабақтарын өткізді. «Жасанды зейін» ҒЗИ директоры, профессор А.А. Шарипбаев «Интеллектуальды оқыту жүйесі», профессор А.А. Адамов «Статистикалық моделдеу (Монте-Карло әдісі)», профессор С.К. Атанов - «Есептеу облысындағы мәселелер мен перспективалар», профессор А.К. Құдайқұлов «Компьютерлік-математикалық модельдеу термо-механикалық жағдайдағы стратегиялық конструкция элементтері», профессор М. Серік - «Виртуалды машиналарды оқу процесінде ұйымдастыруды қолдану», профессор Н.Н. Керімбаев «Электрондық оқыту технологиялары» атты тақырыпта баяндама жасады.

Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-тен астам қатысушылар келді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Ш. Есенов атындағы технология және индиниринга мемлекеттік университетінің, М.О. Әуезова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, И. Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университетінің, Қарағанды техникалық мемлекеттік университетінің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің, Алматы энергетика және байланыс университетінің, Бизнес технология қазақ университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, «Болашақ» Қарағанды университетінің қатысушылары баяндама жасады.
«Информатика» және «Ақпараттық технология» секциясы бойынша 175 баяндама болды.

Студенттер өздерінің ғылыми жобаларын жариялап, зерттеудің нәтижелері теориялық және эксперименталды сипатаммада болды, сонымен қатар үздік баяндамашылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Информатика» секциясы бойынша:
· I дәрежелі дипломды ЕҰУ студенті Калиев А.К.,
· II дәрежелі дипломды ЕҰУ магистранты Альжанова М.Т.,
· II дәрежелі дипломды ЕҰУ магистранты Амангельды А,
· III дәрежелі дипломды Қ. Жұбанов атындағы АМУ студенті Саймагамбетова А.Ж.,
· III дәрежелі дипломды ЕҰУ студенті Назарбек И.,
· III дәрежелі дипломды ҚМПИ студенті Мусин В.Р.
«Ақпараттық технология» секциясы бойынша:
· I дәрежелі дипломды ЕҰУ студенті Мукашев Б.С.,
· II дәрежелі дипломды –АУЭС студенттері Сарсембаев Б.Б., Рахимов К.Е., Ложкина Е.Е., Ибрагимова М.В., Токтасынова Н.Р., Абдуллина З.В.
· II дәрежелі дипломды – «Болашак» университетінің студенті Туганбаева Д.Е.,
· III дәрежелі дипломды ЕҰУ студенті Каракулов Е.М., Талғатқызы А.,
· III дәрежелі дипломды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті – Советкин С.В.,
· III дәрежелі дипломды ЕҰУ студенті Кененбаева К.С.

Басқа аймақтағы қатысушылар және жетекшілермен ЖОО арасындағы бірлесе жұмыс істеуге және академиялық мобильдік кеңістігінде әңгіме жүргізілді. Жылсайын өтетін аталмыш студенттік конференция Қазақстанның әр аймақтарындағы математик, механик және информатик студенттердің едәуір байланысын дамытып, Қазақстанның ғылыми мектебінің деңгейін көтеруде септігін тигізері сөзсіз.
4 сәуірде әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Ғылым шеруі» салтанатты түрде ашылды. Аталмыш шарада ӘҒФ деканы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов, ЕҰУ Ғылым және жобалар коммерциялизациясы Департаментінің директоры Д.Б. Каргин, Коми тарих, тіл және әдебиет институтының директоры (Сыктывкар, РФ) т.ғ.д., профессор И.Л. Жеребцов, Белорус мемлекеттік университетінің профессоры (Минск, БР) т.ғ.д. В.И. Меньковский, Ұлытағ университетінің профессоры (Түркия) РһD Бюлент Шенай және «Еуразия» геосаяси орталығының төрағасы (София, Болгария), саясатт. ғ.д., филос.ғ.д. Петко Ганчевтер сөз сөледі.

Сонымен қатар ӘҒФ ғалымдарының оқу-әдістемелік және монографияларының көрмесі ұйымдастырылды.
Ғылым декадасының салтанатты ашылуынан кейін Белорус мемлекеттік университетінің профессоры (Минск, БР) т.ғ.д. Меньковский В.И. «Классическая западная историография советской истории 1930-х гг.» тақырыбында және Коми тарих, тіл және әдебиет институтының директоры (Сыктывкар, РФ) т.ғ.д., профессор И.Л. Жеребцовтың «Историческая демография как наука» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

5 сәуірде Ұлытағ университетінің профессоры (Түркия) РһD Бюлент Шенай ««Радикализм» и «экстремизм» в современном мире» тақырыбында және пс.ғ.д., профессор Б.Г. Ганчевски «Актуальные проблемы современного развития психология криминального поведения» ашық дәріс сабақтарын жүргізді.

Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану кафедрасының 2 курс докторанты Ж.Е. Абдыхалыкова «Кредиттік оқыту жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда АҚШ тың тәжірибесін қолданудың педагогикалық шарттары» тақырыбында ғылыми - әдіснамалық семинар өткізді. Семинарға кафедраның оқытушы- профессорлар құрамы, факультет әкімшілігінің өкілдері, студенттер мен магистранттар қатысты.
Семинарда АҚШ - тың жоғары білім беру жүйесінде студенттің өздік жұмысты орындауда қиындыққа кездескен студенттерге академиялық көмек, жетілдіру жұмыстарын жүргізетін Кентукки университетінің (Student academic support center) орталықтарының жұмыстары қарастырылды. «The Study academic Enhancement Center» орталығының басты мақсаты - білім алуда, студенттің өздік жұмысын орындауда академиялық қиындықтарға кезіккен (пәнді түсінбеуі, тапсырмалардың қиындығы, оқу және уақыт менеджменті және т.б.) қажет ететін студенттерге академиялық кеңес, көмек беру, студенттің жеке оқу процесін ұйымдастыруға, университеттік білім алу кезеңін жоғары кәсіби тәжірибемен аяқтауға бағытталғаны баяндалып, қатысушылар пікір алмасты.
6 сәуірде ӘҒФ-тің 1-4 курс студенттерінің ғылыми жобаларының таныстырылымы өтті. ӘҒФ деканының 5.04.12 ж. № 226 «Байқау комиссиясын құру туралы» өкімі бойынша студенттердің үздік ғылыми жобасын анықтау үшін төмендегі байқау комиссиясы құрылды:
1. Бекмағанбетов Ө.Ж. – төраға, ӘҒФ деканының ғылым жұмысы жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент;
2. Қаленова Т.Ш. – мүшесі, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
3. Марчибаева Ұ.С. – мүшесі, Дене тәрбиесі кафедрасының доценті, п.ғ.к.
Байқау комиссиясы байқауға қатысуға өтініш берген студенттердің 16 жобасын ғылыми сараптамадан өткізе келе, университетте өтетін студенттердің ғылыми жобалар байқауына ӘҒФ атынан төмендегі жобаны ұсынды:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Жоба тақырыбы |
Ғылыми жетекшісі |
Тобы |
|
1 |
Ильясова Фариза |
Әлеуметтік желі – күнделікті өмірде |
Әлеуметтану кафедрасының доценті, ә.ғ.к. Смағамбет Б.Ж. |
Әлқ-41 |
Сондай-ақ, дәл осы күні Гарвард университетінің профессоры, РһD Дж. Шоберлайнның (АҚШ) «Культурное разнообразия постсоветском пространстве» және «Еуразия» Геосаяси орталығының төрағасы (София, Болгария), саясатт. ғ.д., филос.ғ.д. Петко Ганчевтің «Принцпы современный методологии и методики научного исследования» атты ашық дәрістері тыңдалып, қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

7 сәуірде факультет студенттері, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен Л.Н.Гумилевтің 100 жылдығына арналған «Л.Н.Гумилевтің ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар ұйымдастырылды. Аталмыш семинарда «Л.Н.Гумилевтің өмірбаяны», «Л.Н.Гумилевтің ғылыми мұрасы» және «Ғалым замандастарының көзімен» тақырыптарында қатысушылар қауымы өз пікірлерін білдірді. Семинар барысында 24 баяндама тыңдалды және нәтижесінде «Л.Н.Гумилевтың ғылыми мұрасы» атты студенттердің мақалалар жинағын шығару ұсынылды.
Мұнымен қоса, ӘҒФ-тің атынан ЖжСФ, ХҚФ және ЗФ студенттері арасында өткен «Ғылым және жастар» тақырыбындағы пікірсайысқа С.Қуандықов (Т-11тобы) және Абиев Е. (АЭ-11тобы) қатысып, өздерінің осы бағыттағы ойларымен бөлісті.
9 сәуірде факультетте басталған «Көктемгі тарих оқуларына» шетелдік ғалымдарға және ғылым шеруіне қатысушыларға арналған «Бозоқ» ашық аспанасты макетімен таныстыру, видео-ролик көрсету және К.Ақышев мұражайына саяхат жасалды. Таныстыруды Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. М.К.Хабдуллина жүргізді.
ӘҒФ ғалымдары мен шетелдік ғалымдардың бірлесуімен «ТМД елдеріндегі тарих ғылымының дамуы» атты ғылыми семинар өтті.
Семинарға ӘҒФ-нің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С.Садықов, Коми тарих, тіл және әдебиет институтының директоры (Сыктывкар, РФ) т.ғ.д., профессор И.Л. Жеребцов, Белорусь мемлекеттік университетінің профессоры (Минск, БР) т.ғ.д. Меньковский В.И., Ұлытағ университетінің профессоры (Түркия) РһD Бюлент Шенай және Қазақстан тарихы, Археология және этнология, Еуразиялық зерттеулер кафедраларының ОПҚ-ы қатысып, посткеңестік елдердегі тарих ғылымының кешегісі мен бүгінгі жай-күйін талқыға салды.
11 сәуірде Әлеуметтану кафедрасының бесінші ғылыми семинары ұйымдастырылды. Семинарда ӘҒФ, Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, ә.ғ.д., профессор А.Т. Забирова «Эвристические возможности постколониальных теорий в изучении постсоветского пространства» атты баяндама жасады. Онда посткеңестік кеңістіктегі отаршылдықтың теориялық мәселелері талқыланды. Сол сияқты Таяу Шығыс кафедрасының тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Бозтемур Р. (Ближневосточный техуниверситет, Анкара, Турция) : «Что такое история, дебаты и определение истории» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
5 сәуір күні сәулет-құрылыс факультеті Ғылым күнін атап өтті. Аталмыш шара барысында көрме ұйымдастырылды. Көрменің тұсаукесерін салтанатты түрде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылым және коммерциялық жобалау департаментінің директоры Д.Б. Каргин және факультет деканы, профессор Т.М. Байтасов ашты.

Көрмеде сәулет-құрылыс факультеті кафедраларының зерттемелері және ғылыми жетістіктері таныстырылды.

Салтанатты ашылудан кейін № 110 аудиторияда оқытушылар және студенттер мен магистранттарға Елордамыз Астананың құрылыс тарихы жайлы профессор Р.У. Чекаеваның «Астана сәулеті» тақырыбына арналған дәрісі өтті.


Сонымен қатар сәулет-құрылыс факультеті студенттердің ғылыми жобалары бойынша «Жарыс-тұсаукесер» ұйымдастырылды. Сәу-31 тобының студенті Нурмуканов Ернар және Сәу-41 тобының студенті Чарыев Аман «Инновациялық автобус аялдамалары» тақырыбында (ғылыми жетекшісі болған кафедра меңгерушісі, доцент С.Ш. Садықова және аға оқытушы А.З. Исина), РПЗС-32 тобының студенті Уртамбаев Талгат «Жаппай тұрғын үй құрылымындағы инновациялық шешімдер» тақырыбында (ғылыми жетекшісі, доцент Д.В. Цыгулев) тұсаукесер жүргізді.

Және факультет ғалымдары, оның ішінде профессор Ж.А. Игильманов «Геодезия аумағындағы қазіргі мәселелер» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында факультет оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жетістіктері, жаңашыл ғылыми-зерттеу жобалары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шарада сөз алған экономика факультетінің деканы Алибекова Балшекер Ашықпайқызы факультеттің барлық оқытушы- профессорлар құрамын, студенттер мен магистранттарды айтулы мерекемен құттықтай келе, факультеттің ғылыми жұмыстарының даму болашағына тоқталып өтті. Сонымен қатар университеттің ғылым бөлімінің басшысы Оразбек Мақпал Социалқызы еліміздегі ғылым саласының даму болашағы жайлы сөз етті.
Ғылым күні белгілі экономист ғалымдардың дәрістерімен жалғасын тапты. Эконометрикалық зерттеулер зертханасының директоры, «Болашақ» шәкіртақысының иегері, э.ғ.д., профессор Керімқұлов Сеит Есілбайұлы «Экспериментальная экономика: состояние и перспективы развития в Казахстане» тақырыбында дәріс оқыды. Профессордың дәрісі тыңдармандар арасында қызығушылық тудырды. Дәрісте профессор С.Е. Керімқұлов өндіріс орындарында тауарды шығару үшін алдын-ала виртуалды экономика - математикалық модел жасау арқылы, шешім қабылдау жолдарын ұсынды. Бұл зерттеулер факультеттегі ғылыми-зерттеу зертханаларында дәлелденгендігін атап айтты.
Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Нүриля Кенжебекқызы Кучукованың «Модернизация фискальной политики Казахстана на современном этапе» тақырыбындағы баяндамасын тыңдаушылар жоғары ынтамен тыңдап, бюджет саласы бойынша пікір алмасты.
Факултьтеттің беделді профессорларының дәрістерінен кейін факультеттің жас ғалымдары, яғни студенттердің ғылыми жобалары бойынша 8 жұмыстың тұсаукесері жасалды.
Тұсаукесер соңында ғылыми жобалар қызу талқыға түсіп, оқытушы-профессорлар құрамы тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Нәтижесінде Туризм-23 тобының студенттері А.Бақытқызы, Д.Болатқызының - «BAL-BALA LAND» - туристік қызмет нарығының даму болашағындағы инновациялық бағыт» тақырыбындағы ғылыми жобасы І орынды иеленді. Ал Қ-21 тобының студенті Т.Байбозованың «Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту және оларды пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбындағы ғылыми жобасымен ІІ орынды иеленді. Тур-32 тобының студенті А.Оразтаеваның «Ресторан национальной кухни» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІІ орынды иеленді.
Сондай-ақ, «Қазақстанның ғылымы және инновациялары: мәселелері және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Модераторы «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Б.Н. Исабеков болды. Дөңгелек үстелге 30-дан астам оқытушылар және студенттер мен магистранттар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Олар Қазақстандағы ғылым мәселесін, экономикалық мәселелерді және оны жеделдетудің инновациялық бағыттарын ұсынды.
Іс-шара соңы экономика факультетіндегі Ғылым күніне орайластырылған түрлі шаралардың жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.
Салтанатты шарада сөз алған факультет деканы ф.-м.ғ.д., профессор Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы айтулы мерекемен барша қауымды құттықтады. Онкүндік іс-шара аясында өткен шарада факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттердің ғылыми жетістіктеріне арнлаған көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде түрлі саладағы монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, сертификаттар мен мақтау қағаздарын тамашалауға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар факультетімізде студенттер арасында ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенті Қуандық Гауһар «Перколяция маркировка перколяционных кластеров и задача сфер» атты тақырыпта ғылыми жобасын қорғап, гран-приді жеңіп алды. «Исследование углового распределения излучаемой мощности магнитного диполя в магнитных кристаллах» атты тақырыптағы ғылыми жоба қорғаған РЭТ-33 тобының студенттері - У.М. Оразбаева мен А.С. Темирбаева І орынды иеленсе, «Техникалық физика» мамандығының 4 курс студенттері - Айыпжан «Күрделі электрлік тізбектерді зерттеу», Шадет Сагид «Студенттерді шығармашылыққа тәрбиелеу, оқу зерттеу лабораторияларды құрудың әдістемелік негізі», Қыдырәлиева Зарина «Модификация свойств кристаллов LiF при ионном облучении» атты тақырыпта қорғаған жобасы бойынша ІІ орынды иеленді.

Ал ғарыш техникасы және технологиясы кафедрасының оқытушылары «Показательный проект на базе программируемой логической интегральной схемы» атты тақырыпта демонстрациялық тәжірибе көрсетті. Нәтижесінде студенттер мен магистранттардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар Қазақстан ғарышкерлер отрядының мүшесі А.А. Айымбетов еліміздегі ғарышты игеру мәселелері мен перспективалары жөнінде ғылыми семинарын өткізді. Еске сала кетейік, бұл Ғылым шеруінің бастамасы ғана. Алдағы уақытта онкүндік іс-шара аясында әр түрлі кездесулер мен шаралар жалғасын таппақ.
Еске сала кетйік, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2-12 сәуір аралығында өтетін Ғылым күніне орайластырылған іс-шаралар білім ордамыздың барлық факультеттерінде өтуде. Көлік–энергетика факультеті де аталмыш онкүндік іс-шараны өз деңгейінде атап өтуде. Іс-шара аясында экспонаттар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Факультеттегі Ғылым күніне арналған онкүндік шараның шымылдығын көлік–энергетика факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Т.Б.Сүлейменов түрді. Ол жиналған студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамын Ғылым күнімен құттықтай келе, жас мамандарымыздың ғылым саласында жаңа белестерге шығуларына ізгі ниет-тілегін білдірді.

Сонымен қатар шарада ғылым және коммерциялық жобалау Департаментінің директоры Ж.Б. Каргин сөз алды. «Егеменді ел талаптарына сай жаңаша ғылыми ізденістермен ғылыми-зерттеулер жүргізіп, университетіміздегі болашақ жас ғалымдарымзға барынша көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру – басты мақсаттарымыздың бірі»,-дейді Ж.Каргин.
«Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ-дың ғылыми жетістіктері» атты көрмесіне факультетіміздің т.ғ.д., профессор А.А. Боқанованың қондырғысы қойылды. Сондай-ақ, кафедра меңгерушілері мен белгілі ғалымдар баяндама жасады.

Іс-шара соңында тұсаукесер жобалары бойынша факультетіміздің студенттері мадақтау қағазымен марапатталды. Атап айтар болсақ, І орынды Шолпан Қожабергенова (ОПД-42 тобы), ІІ орынды Мадияр Мырзатаев (ТТТиТ -25 тобы), ІІІ орынды Асылбек Апенов (ТГВ – 42 тобы) иеленді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылымның онкүндік іс-шарасы жалғасуда. Аталмыш шараға орай жаратылыстану ғылымдар факультетінде ғылым шеруі өз жұмысын бастады. Ғылыми шеруді Ғылыми - зерттеу жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ж.З. Оразбаев, ЕҰУ жалпы биология және геномика кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА-ның академигі Р.І. Берсімбай ашты.
Қызу дайындықпен ұйымдастырылған шараға жиналған жұртшылық факультет ғимаратында түрлі көрмелермен көмкерілген бірқатар экспонаттарды тамашалады. Және жаратылыстану ғылымдар факультетінің деканы Н.Л. Шапекованың арнайы рецепт бойынша дайындаған ұлыстың ұлы күнінде жасалатын қасиетті тағамдардың бірі «Наурыз көжесінің» тіл үйірер дәмі көпшілікке ұсынылды.
Дәл осы күні ЕҰУ студенттері, магистранттары мен оқытушы-профессорлар қауымы №219 және 220 акті залында өткен академик Р. Берсімбайдың және профессор Г.М. Жанәлееваның ашық дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, 1-4 курс студенттерінің жеке туындылары көрмеге қойылды. Мұнымен қоса, студенттерді ГИС-технология бағдарламасы және компьютерлік химия бойынша ашық сабақтар қызықтырды.
«Живая вода» ғылыми-деректі фильмі негізінде студенттер суды тұндыру процесі арқылы өткен нағыз бұлақтың суынан дәм татуды ұсынды.
Сонымен қатар әр қатысушы өздерінің жүрек қағысы мен басқа да ішкі органдарының қызметін тексерді.
Факультеттің ғылыми шеруі ОҚП-ның ғылыми-зерттеу қызметін анықтап қана қоймай, Еуразия ұлттық университетінің студент-жастарын барынша қызықтырғаны белгілі. Демек, мұндай іс-шаралардың болашақ жас ғалымдарымызға берері көп.
Конференция төрт секция жұмысын қамтыды: «Математика», «Механика», «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар». Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция мақсаты – математика, механика және информатика саласында өзекті мәселелерді шешуде студенттердің қызығушылығын арттыру арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуге мүмкіндік туғызу.


Мұндай конференциялар Қазақстанның ғылыми мектептерінің әлеуетін жоғарлатып қана қоймай, математика, механика және информатика саласындағы болашақ мамандардың өзара тәжірибе алмасып, дамуына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Конференция қатысушыларының ғылыми жұмыстары екі томдық жинақ болып жарыққа шықты.
Айта кететін жәйт, математика, механика және информатика пәндері бойынша IV Республикалық студенттік конференция Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі 2-12 сәуір аралығында өтетін Ғылым күніне орай ұйымдастырылды. Оған Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Жетісу және Орал қалаларының жоғары оқу орындарынан 330-дан астам студенттер қатысып, баяндама жасады.

Пленарлық отырыс және секциялық жұмыстардан тыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультеті мен ақпарттық технологиялар факультетінің белгілі ғалымдары - М. Өтелбаев, Н. Темірғалиев, Е. Нұрсұлтанов, Н. Боқаев, А. Нұрақынов, Е. Байсалов, А. Шәріпбаев, А. Адамов, С. Атанов, А. Құдайқұлов, М. Серік, Н. Керімбаев шеберлік сабақтарын жүргізді.
Жалпы, ЕҰУ математика мектебі Қазақстаннан шеткері жерлерге кеңінен таныс. Білім ордамыздың ғалымдары бірнеше республикалық байқаудың лауреаттары, халықаралық сыйлықтардың иегерлері. Оқу ордамызда өткен математика, механика және информатика пәндері бойынша IV Республикалықстуденттік конференция жас ғалымдарға жол сілтейтін бағыт-бағдар болатыны анық.
2011 жылға арналған ғылым саласындағы сыйлықтарды тағайындау бойынша конкурс жарияланады!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2011 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды: жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы, педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы, түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлықтар беруге арналған конкурс жариялайды.
Конкурстың шарттарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінен (010000, Астана қаласы, Оренбургская көшесі, 8, Министрлік Үйі, 606 бөлме, тел. 74-24-62), сондай-ақ www.scedu.kz сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады.
Конкурстың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап («Казахстанская правда», 25.08.2011ж.) 30 күн аралығында жоғарыда аталған мекен-жайда қабылданады.
Аталмыш конкурсқа қатысамын деушілер 2011 жылдың 22-ші қыркүйегінен кешікпей, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Ғылыми-зерттеу бөлімінің Ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына жіберулері қажет. (бас ғимарат, 404 каб. Тел: 353815, ішкі:40-04).
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ – АЙТМАТОВ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ

Ағайын Қырғыз елі астанасынан қуанышты хабар келіп жетті. ТМД мен Орталық Азияға беделді Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының төралқасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, алаштанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы осы ғылыми ұйымның мүшелігіне сайлапты.
Осы хабарды Қазақстанның ғылыми ортасына жеткізген Халықаралық Ш.Айтматов академиясының президенті, Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қырғызстан Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, әдебиетші-ғалым Абдылдажан Ақматалиев былай деді:
- Дихан Қамзабекұлы - қазақ тарихының Алаш кезеңі әдебиетін терең зерттеген ғалым. Ол сонымен қатар ағайын екі елдің әдеби байланыстарын зерделеуге де біршама үлес қосты. Ол өз еңбектерінде осы дәуірдегі қырғыз қайраткерлерінің ішінен Қасым Тыныстанұлы мен Ишанғали Арабаевтың мұраларын тыңғылықты қарастырады. Яғни ортақ тарихымыздың сабақтас тұстарына көбірек үңіледі. Осыған орай Д.Қамзабекұлын академияның мүшелігіне өткізу туралы шешім қабылданды.
Д.Қамзабекұлы - «Диалог Еуразия» халықаралық комитеті Астана филиалының басшысы, Республикалық Лингвистика комиссиясы мен Ономастика комиссиясы мүшесі, Алаш мұрасына қатысты 16 кітаптың, 3 деректі фильмнің авторы.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш университетін ашқан алғашқы Білім министрлерінің бірі Смағұл Сәдуақасұлының еңбектерін зерттеп, шетте қалған сүйегінің күлін елордадағы мұсылман зиратына жеткізуге елеулі үлес қосқан ғалымды жаңа ғылыми атағымен шын жүректен құттықтап, ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріп, әрқашан осы жігерлі, қуатты қалыптан таймай, әлі де талай асулардан аса беруіне тілектеспіз.
«Күлтегін - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне

15 жыл» декадасы аясында 21 мамырда «Сенімен болашаққа!» атты студенттік ғылыми жобалар көрмесі болып өтті. Аталмыш іс-шараға университет факультеттерінің 15 үздік ғылыми жобалары қатысты. Ғылымның түрлі бағыты бойынша ғылыми жобалар дайындаған студенттер өз жұмыстарының таныстырылымын жүргізді. Университет мерейтойына шақырылған қонақтар студенттердің ғылыми жобаларын тамашалап, оң бағаларын берді. Ғылым әлеміне қадам басқан жастарды ынталандыру мақсатында студенттерге арнайы дипломдар табысталды.
«Сенімен болашаққа!» атты ғылыми жобалар көрмесіне қатысқан студенттер тізімі
Инженерлік құрылыс факультеті
1. Карташова Дарья, Сагимбекова Айжан - «Получение композиционных материалов на основе цемента и вскрышных пород»
2. Уртамбаев Талгат - «Инновационные решения малоэтажного жилищного строительства»
Сәулет, дизайн және бейнелеу өнері факультеті
3. Нурмуканов Ернар - «Инновации в области проектирования современных жилых домов»
4. Хайруллин Акылбек - «Свежий взгляд на рационализм в архитектуре индивидуального жилого дома»
5. Саурбаева Асемгуль - «Поиски новых образов этноархитектуры современного индивидуального дома»
6. Бижанов Рим Кунтасович - «Астана қаласындағы жер экожүйелерінің зерттеу орталығының жобасы»
7. Калдарбеков Ринат Сейсенович - «Ақтау қаласындағы каспий Арт-Медиа орталығының жобасы»
8. Тілеп Ноян Нариманулы - «Астана қаласындағы инновация технологиясының көрме павильонының жобасы»
9. Ахатов Жандос Русланович - «Астана қаласындағы телемұнара кешенінің жобасы»
Филология факультеті
10. Асанбаева Гулшат - «Қазақ тіліндегі фраезологиялық бірліктердің синтакматикасы»
11. Маутжанова Меруерт
Халықаралық қатынастар факультеті
12.Жанабаева Мадина, Қазтаева Раушан, Дуйсенова Перизат - «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы ауған мәселесі»
13. Диас Әсия Сәлімжанқызы - ОИК на современном этапе (актуальные проблемы и перспективы)
Ақпараттық технологиялар факультеті
14.Майманов Е.М. - Разработка программного комплекса для проектирования информационных систем.
Жаратылыстану факультеті
15. Зулхарнай Р.Н. - Изучение состава и свойств эфирных масел Казахстана. Создание обрацов продукции на их основе.
Сонымен, 06. 04. 2001. басталған Арменияға сапар, 27. 04. 2011. аяқталды. Осы жиырма күн уақыт арасында өткен қайталанбас сәттер мәңгі жадымызда сақталмақ, өйткені ұшақтан түскен алғашқы мезеттерден бастап армян халқы өздерінің қазақтай көңілі кең, даламыздай дархан екенін байқатып, күтіп алып бар жағдайымызды жасады.

ЕМУ-дің шығыстану факультеті түркология кафедрасының профессор-оқытушы құрамымен танысып, алдағы күндері істейтін жұмыстарымызды ортақ жоспарладық.

Күнде түске дейін университеттің түркология кафедрасындағы ұстаздарынан тәлім алып отырдық. Өзіміздің жыл басынан Университет қабырғасынан түрктануға байланысты жинаған, сусындаған білімізбен жергілікті түрктанушылармен алмасып отырдық. Әсіресе, жергілікті түрктану кафедрасынның меңгерушісі А. В. Сафарянмен болған күндегі жылы жүздесулерден алғанымыз көп болды.

Профессор А.Ж. Жүсіпбеков халықаралық геотехникалық конференцияда Geo-Frontiers, 13-16 наурыз, 2011, Даллас, АҚШ
Бұл өткізілген конференцияда 4 шақырылған дәріс, 500 баяндама ортаға салынды. Бұнымен қоса конференцияда өткізілген көрмеде 150 геотехникалық компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттары қатысты. Профессор А.Ж. Жүсіпбеков төраға ретінде екі секцияға шақырылды, олар: 1) Топырақ-құралымдары/Геосинтетика өзара әрекеттесуі және 2) Жердің Шөгуі мен Топырақтардың жылжуы.

Профессор А.Ж. Жүсіпбеков халықаралық геотехникалық конференцияда Geo-Frontiers, 13-16 наурыз, 2011, Даллас, АҚШ. Сол жағында IGS Президенті (Халықаралық Геотехникалық Қауымдастық) Профессорr Jorge G.Zornberg, Остин қаласындағы Техас университеті,Остин, АҚШ; оң жағында Профессор Кеничи Сога, Кембридж университеті, Лондон, БК.