Астана қаласы мектептерінің бітіруші сынып оқушылары арасында" криптология " бойынша қалалық олимпиада
2023 жылдың 29 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Астана қаласының биылғы мектеп бітірушілері арасында «Криптологиядан» қалалық олимпиада өтті. Алгебра және геометрия кафедрасы мен ҚР ҰҚК қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шара оқушылардың қызықты криптология әлемінде өз білімдері мен дағдыларын көрсету алаңына айналды.
Криптологиядан олимпиада оқушылардың ақпараттық қауіпсіздіктің осы іргелі саласына деген қызығушылықтарын оятып қана қоймай, сонымен қатар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Біздің цифрлық әлемде криптологияның маңыздылығы артып келеді осыған орай олимпиада жас дарынды балалардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Олимпиадаға қаланың әртүрлі мектептерінен 35 оқушы қатысты. Бұл криптолог-оқушылар өздерінің мектептерін танытып қана қоймай, сондай-ақ жұмбақтарды, шифрларды және математикалық алгоритмдерді шешуге деген құштарлығын көрсетті.
Олимпиада жеңімпаздары:
I орын.
- Манат Мәжит Қанатұлы (Астана қаласының №69 мектеп-гимназиясы);
II орын.
- Турешбаев Айсұлтан Ардақұлы (Астана қаласының № 91 мектеп-гимназиясы);
- Алдияр Қанатұлы Сәрсембаев (Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Астана қаласы);
III орын.
- Әбубәкір Батырхан Асылжанұлы Астана қаласының №73 мектеп-лицейі;
- Мұрат Тимурұлы Құрманбаев (Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Астана қаласы);
- Тұрлығазы Бексұлтан Жандосұлы (Астана қаласы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі).
Олимпиаданың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға олардың еңбекқорлығы мен криптологиядағы жоғары білімін бағалап, естелік сыйлықтар табыс етті. Мұндай іс-шаралар білім берудің беделін көтеріп, дарынды оқушыларды криптология мен онымен байланысты салаларды одан әрі оқуға ынталандыратыны сөзсіз.
Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары сыйлық сертификаттарымен марапатталып қана қоймай, сонымен қатар криптология саласындағы зерттеулерін жалғастыруға ынталандырылды. Бұл сертификаттар олардың осы қызықты саладағы әлеуетін мойындау мен қолдаудың символына айналды.
Криптологиядан олимпиада оқушыларға жарқын естеліктер қалдырып қана қоймай, көптеген жас оқушыларды шабыттандырады деп сенеміз. Бұл іс-шара криптология саласындағы білімді дамытудың маңыздылығын атап өтті және цифрлық әлемде қауіпсіздікті зерттеушілердің жаңа буынын ынталандырды. Зерделі жастар үшін криптологияның қызықты әлеміне есік ашатын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, ары қарай дамиды деген сенімдеміз.