Шығыстану кафедрасының ұйымдастырумен 2024 жылдың 5 наурыз күні Әлікей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өтті.
Шығыстану кафедрасының ұйымдастырумен 2024 жылдың 5 наурыз күні Әлікей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Жиынға 10,11 сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Абжаппарова Бибихадиша Жүрсінқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Күлпаш Мырзамұратқызы Ильясова оқушыларды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі шығыстану білім беру бағдарламасымен таныстырды. Қазіргі кездегі шығыстану өте қажет білім беру бағдарламаларының бірі болғандықтан оның артықшылықтарын айтып, білім беру бағдарламасы, сабақ беретін шетелдік оқытушылар және тілдік клубтар туралы толық ақпарат берілді. Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша араб, қытай, корей, жапон, парсы тілдерін үйрене отырып, сол елдердің тарихын, саясатын, мәдениетін, экономикасын терең игерген сарапшы, аудармашы-референт, кеңесші, ғылыми қызметкер болуға шақырды. Осы кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан мектеп басшылығына алғыс айтамыз.
Авторы: Абжаппарова Б.Ж.