20 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр,спорт күні
Наурызнаманың он күндігіне сәйкес 20 наурыз күні елімізде алғаш рет «Ұлттық спорт күні» атап өтілді.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де ұлттық спорт күніне көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі – Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен «Асық ату» ұлттық ойынынан өткізілген жарыстар. Жарысқа университет басшылығы, атап айтқанда проректорлар, факультеттердің декандары, құрылымдық бөліністердің басшылары қатысты.
Асық ойыны – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі екені бәрімізге белгілі. Асықты далада, алаңда ойнауға болады. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.Біздің ортамызда да ертеден келе жатқан, бойымызға ата-бабамыздан сіңген асық ойындарын білетін және жарысқа қатысуға ниет білдірген ойыншылар қатары көп болды. Олар асық ату ойыншыларына тән дәлдік, ұстамдылық, байсалдылық қасиеттерін көрсетті. Өздерінің ептілігін, шеберлігін көрсете білген қатысушылар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1-ші орынды Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі, проректор Мақыш Серік Биханұлы.
2-ші орынды Еуразия ұлттық университетінің кәсіподақ төрағасы Сейдеш Бакижан.
3-ші орынды Экономика факультетінің деканы Жағыпарова Аида Орынтайқызы иеленді.
Асық ойындарын өткізу барысында кафедра оқытушылары:Аханов Азамат Төкенұлы, Аликей Айбек, Жалел Али, Қауханова Махаббат, Байзақов Талғат төрешілік етті.
Осындай іс-шаралар өткізу арқылы ұлттық дүниетанымымыз артып, ұлттық құндылықтарымыз асқақтай берсін!