Ғылыми жобаны іске асыруда зерттеушілердің Францияда тағлымдамадан өтуі
17-24 наурыз аралығында «BR21882302 Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» ғылыми жобасының күнтізбелік жобасына сәйкес «Зерттеу этикасы» жұмыс тобының орындаушылары Сандыбаева Ұ., Толғамбаева Д., Ермағамбетова Қ., Рамазанова А. Франция, Париж қаласында Academie Internationale CONCORDE ұйымдастыруымен ғылыми тағлымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтыды: ЮНЕСКО кітапханасында жұмыс, Ф.Миттеран атындағы Францияның Ұлттық кітапханасында жұмыс, Сорбонна университетіндегі «Ғылыми сараптама: қоғамдық пікірталасқа қалай әсер ету керек» атты семинарға қатысу, Еуропа үйінде өткен «Қоғаммен байланыс жәрмеңкесі» конференциясына қатысу, Франция еліндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде қазақстандық студенттермен және ғалымдармен кездесу, КОНКОРД халықаралық академиясында «Зерттеу этикасы: қазақстандық контекст» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.
Қ.Ермағамбетова ЮНЕСКО кітапханасында зерттеу этикасы бойынша келесі материалдар жинақтады:
- Gary Comstock «Research Ethics: A Philosophical Guide to the Responsible Conduct of Research» (2012). Кітапта зерттеуді жауапты жүргізуге байланысты негізгі ұғымдар, принциптер және дәлелдерді зерттейотырып, зерттеу этикасына философиялық көзқарасты ұсынылады;
- Adam Briggle and Carl Mitcham «Research Ethics: A Philosophical Guide to the Responsible Conduct of Research» (2017). Бұл кітап зерттеушілер алдында тұрған негізгі этикалық мәселелердің философиялықталдауы болып табылады;
- Sarah Baumann Rogers and Carrie B. Kisker «Ethical Decision Making in Research: A Practical Guide for Social Scientists» (2020). Бұл кітап әлеуметтік ғылымдар бойынша этикалық тұрғыдан негізделген шешімдерқабылдаудың практикалық құралдарын ұсынады;
- Iphofen «Ethical Decision Making in Social Research» (2016) әлеуметтік ғылымдар зерттеушілері, әсіресе олардың жұмысындағы этикалық тәжірибелермен айналысатындар үшін маңызды ресурс болыптабылады.
А.Рамазанова ЮНЕСКО кітапханасында «Environmental Ethics and International Policy», 2006 - 226 р. H. ten Have ред. Басылған кітаптың толық мәтінін алды. ЮНЕСКО қызметінің бірі экология ғылымы мен саясатыныңнегізінде жатқан этикалық принциптермен байланысты. Кітапта Дүниежүзілік ғылым және технология этикасыжөніндегі комиссияға кеңес беретін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 8 экологиялық этика сарапшысыэкологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап береді. Кітапты талдау материалдары «Зерттеушілергеарналған этикалық сараптау» интеллектуалды жүйесін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Сорбонна университетінің Ғылым күндері аясында CICSU халықаралық конференция орталығы өткізген«Expertise scientifique: comment peser dans le débat public?» семинары өтті. Модератор Патрик Деронзиер, Қоғамдық пікірталас жөніндегі ұлттық комиссияның директоры – CNDP болды. Семинардың мақсаты – Сорбоннауниверситетінде академиялық және іскерлік қауымдастықтар арасындағы диалог негізінде әлеуметтік мәдениеттіқалыптастыру. Семинарда зерттеушілер CNDP қызметімен және құрылымымен танысты. CNDP жеке жәнеконституциялық құқықтарды қорғауға кепілдік береді, бұл үшін ұйым 6 іргелі құндылыққа негізделген: тәуелсіздік, бейтараптық, пайымдау, тең қарау, ашықтық, инклюзия Expertise scientifique : comment peser dans le débat public ?.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінде жобаны жүзеге асырушылар қазақстандықстуденттермен және ғалымдармен кездесіп, өз зерттеулерімен бөлісті. Одан кейін Наурыз мерекесіне қатысты Қ. Ермағамбетова 24KZ телеарнасына сұхбат берді День Наурыза в Париже.
Еуропа үйінде зерттеушілер Париж-Дофин университетінің құқық және қоғаммен байланыс саласындағызерттеушілері ұйымдастырған Salon des Affaires publiques конференциясына қатысты. Әйелдер құқығы үшінкүрес, мобильділіктің экологиялық ауысуы, жасанды интеллект бойынша «Еуропа чемпиондарын» реттеу және«бір денсаулық» көзқарасы мәселелері талқыланды. https://www.salondesaffairespubliques.com/.
Academie Internationale CONCORDE-де жоба орындаушылары «Ғылыми зерттеу этикасы: қазақстандық контекст» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Толгамбаева Д. - Этикалық қағидалар, адам өмірінің басталуы мен аяқталуына байланысты зерттеулерге жетекшілік ету, мұндай зерттеулерді халықаралық құжаттармен және Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен реттеу туралы сөз сөйледі. Сандыбаева У.ЖОО жанындағы этикалық комиссиялардың қызметіне байланысты проблемалар және озық әлемдік тәжірибені енгізу қажеттігі туралы айтты. Зерттеу этикасын дамыту, зерттеушілердің жауапкершілігі, этикалық проблемалық жағдайларда шешім қабылдау ерекшеліктері туралы пікірталас жүргізілді.
Ф.Миттеран атындағы Франция Ұлттық кітапханасының оқу залдарында зерттеушілер жобаның тақырыбы бойынша жұмыс жасады, кітапхана жұмысымен және материалдық базасымен танысты.
Ғылыми тағылымдама нәтижесінде зерттеу этикасы бойынша материалдар жинақталды, сертификат таысталды.