Югор мемлекеттік университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырудың желілік нысанын талқылау
Югор мемлекеттік университетіне жұмыс сапары барысында "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг" кафедрасының меңгерушісі Румия Маратовна Тазитдиновна білім беру қызметі жөніндегі проректор Татьяна Александровна Костылевамен және жоғары экологиялық мектептің жетекшісі Антюфеева Татьяна Валерьевнамен кездесті.
Кездесуге қатысушылар желілік нысанды пайдалана отырып, "Экология және табиғатты пайдалану" бағыты бойынша "Табиғи ресурстарды басқару" магистратурасының бірлескен білім беру бағдарламасын ашу бойынша дайындық жұмыстарын қорытындылады.
Югор мемлекеттік университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында білім беру және ғылыми зерттеулер саласында бұрыннан келе жатқан серіктестік қатынастар орнаған. Тараптар бір-бірімен келесі бағыттар бойынша ынтымақтасады:
- студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы;
- бакалавриат және магистратура деңгейінде бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау;
- бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу;
- бірлескен конференциялар, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдер өткізу және т. б.