5.5 «ШЕТ ТІЛІ МӘДЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ КОНТЕКСТІНДЕ» ПОДСЕКЦИЯСЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдері кафедрасы 2024 жылдың 12-сәуірінде өткен «ǴYLYM JÁNE BІLІM-2024» ХVIII Халықаралық ғылыми конференциясының жұмысына белсенді қатысты.
Жас ғалымдар мен студенттер өз зерттеулерінің нәтижелерін Microsoft Teams платформасында онлайн режимінде және офлайн режимінде 231 аудиториясында өткізілген «Шет тілі мәдениеттер диалогы контекстінде» подсекциясында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде баяндады. Барлық қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеулерінің презентацияларын дайындады, бұл қатысушылар арасында да, кафедра профессор-оқытушылар құрамы арасында да қызығушылық пен пікір алмасуды одан әрі дамыта түсті.
Комиссия құрамы - төрайым, кафедра меңгерушісі, PhD докторы Мейрамбекова Л.К., комиссия мүшелері - п.ғ.к., профессор Есенгалиева А.М., п.ғ.к., аға оқытушы Мұтәлі А.К., доцент, PhD докторы Купаева А.К. және хатшы, аға оқытушы Алькеева Д.С. Комиссия мүшелері подсекция қатысушыларының ауқымды әрі өзекті зерттеулерін ерекше бағалады. Жүлделі орындар үздік деп табылған ғылыми зерттеу жұмыстарына бекітілген бағалау критерийлерінің негізінде үлестірілді:
1 орын - Байназарова Асемай Еркебулановна «Қазақстадағы диалект: пайда болу себебі, көрінісі мен сипаты» (ғылыми жетекшісі Мүтәлі А.К.).
2 орын - Сулейменов Нурсултан Дауренович, Рожкова Софья Ильинична «The integration of English language into Kazakh rap as an indicator of the influence of Western culture on Kazakhstan» (ғылыми жетекшісі Кулахметова Ж.Т.).
3 орын - Көптлеуова Әсемай Мұхтарқызы «International treaties and the problems of ensuring the authenticity of their translation into Kazakh language» (ғылыми жетекшісі Қадысқызы А.).
3 орын - Мальцева Екатерина Александровна «English and French idioms in the context of intercultural dialogue» (ғылыми жетекшісі Кулахметова Ж.Т.).
Алғыс хат - Таңатар Аяжан Қуанышқызы: «Французские фразеологические единицы как рефлексия национальной идентичности» (ғылыми жетекшісі Ергалиева К.О.).
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне іс-шараға қызығушылық танытқандарына және халықаралық конференцияның сәтті өтуіне атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарды толағай табысымен құттықтаймыз!